Қызметкерлер — Тайынша ауданының әкімдігі

    Тайынша ауданының әкімдігі басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    5
    Әлжанов Берік Ақылжанұлы
    Әкім

    Әлжанов Берік Ақылжанұлы

    Тайынша ауданының әкiмi

    Әлжанов Берік Ақылжанұлы - 1976 жылдың 11 наурызында Солтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданы Чириковка ауылында дүниеге келді. 1998 жылы С. Сейфуллин атындағы Аграрлық университетінде ветеринария мамандығы бойынша аяқтап, 2013 жылы «Көкше» Академиясында қаржы мамандығы бойынша тамамдады.

    Әміренов Асан Амангелдіұлы
    Әкімінің орынбасары

    Әміренов Асан Амангелдіұлы

    Аудан әкімінің ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі орынбасары

    1988 жылдың 16 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы Булаево ауданы Круглое ауылында дүниеге келді. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, 2013 жылы «Көкше» академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтап, 2024 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясын «Мемлекеттік басқару» бағыты бойынша тамамдады.

    Ауыл шаруашылығыӨнеркәсіп және бизнесЖер ресурстары
    Рақымжанов Әділет Болтайұлы
    Қызметкерлер

    Рақымжанов Әділет Болтайұлы

    Тайынша ауданы әкімінің экономика, құрылыс және жедел мәселелер жөніндегі орынбасары

    Әділет Болтайұлы 1972 жылдың 28 қазанында Көкшетау облысы Қызылту ауданының Озерный ауылында дүниеге келді. 1999 жылы Көкшетау қаласының экономика және менеджмент институтының экономист-менеджер мамандығы бойынша аяқтады.

    Әлеуметтік-экономикалық дамуТұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және құрылыс
    Бәтенова Гүлбаршын Қаһарманқызы
    Әкімінің орынбасары

    Бәтенова Гүлбаршын Қаһарманқызы

    Тайынша ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары

    1968 жылы 1 тамызда Көкшетау облысы Чкалов ауданы Тихоокеан ауылында дүниеге келді. 2005 жылы Касымов атындағы Көкшетау университетiн педагог-психолог мамандығы бойынша тамамдады.

    ДінІшкі саясатыМәдениетӘдеп жөніндегі уәкілі
    Ережепов Марат Маратұлы
    Аппарат басшысы

    Ережепов Марат Маратұлы

    Аудан әкiмi аппаратының басшысы

    Марат Маратұлы Ережепов 1989 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында туды. 2012 жылы Көкше академиясын туризм бакалавр мамандығы бойынша аяқтап, 2015 жылы Көкшетау университетін заңтану магистрі мамандығы бойынша тамамдады.

    Басқа қызметкерлер

    33
    Мұстаханов Нұрлан Сәрсенғалиұлы
    Әкім

    Мұстаханов Нұрлан Сәрсенғалиұлы

    Зеленогай ауылдық округінің әкімі

    Әкім-Мұстаханов Нұрлан Сәрсенғалиұлы, 1978 жылы 17 қазанда Көкшетау облысы Көкшетау ауданы Молодежное ауылында дүниеге келді. 1998 жылы Көкшетау политехникалық колледжін техник - механик мамандығы бойынша, 2012 жылы Петропавл қаласының М.Қозыбаев атындағы СҚМУ дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша, 2014 жылы Петропавл қаласында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ алғашқы әскери дайындық мамандығы бойынша аяқтады.

    Шпаковский Валерий Анатольевич
    Қызметкерлер

    Шпаковский Валерий Анатольевич

    Тайынша қаласының әкімі

    1972 жылы Кокчетав облысы Чкалов ауданы Новогречановка ауылында туды. 2 жоғары бiлiмi бар. 1995 жылы физика және математика мұғалiмi бiлiктiлiгi бойынша Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын аяқтады. 2016 жылы экономика және бизнес бакалаврi, жергiлiктi мемлекеттiк басқару бiлiктiлiгi бойынша Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетiн аяқтады.

    Досмұханов Бейбiт Сырымбетұлы
    Әкім

    Досмұханов Бейбiт Сырымбетұлы

    Абай ауылдық округінің әкімі

    1986 жылы 14 мамырда Көкшетау облысы Чкалов ауданы Карағаш ауылында дүниеге келді. Жоғары білімі бар, 2014 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін қазақ тілі және әдебиеті мамандығы бойынша аяқтады.

    Жүсiпов Талғат Абзалұлы
    Әкім

    Жүсiпов Талғат Абзалұлы

    Большеизюм ауылдық округінің әкімі

    Солтүстік Қазақстан М. Қозыбаев атындағы мемлекеттік университетін 2008 жылы құқықтану бакалавры мамандығы бойынша білім алды.

    Кахабаев Мұрат Мұхамбетқалиұлы
    Әкім

    Кахабаев Мұрат Мұхамбетқалиұлы

    Донецк ауылдық округінің әкімі

    Кахабаев Мұрат Мұхамбетқалиұлы1968 жылы 28.10. Көкшетау облысы, Красноармейск ауданы, Красноармейск қаласында дүниеге келді. Екі жоғары білімі бар. 2001-2003 жылдарында Көкшетау экономика және менеджмент институтутын «экономист-менеджер» мамандығы бойынша аяқтап , 2005-2007 жылдары Қарағанды «Фемида» заң академиясының «құқықтану» мамандығы бойынша білім алды. Тайынша қаласында тұрады.

    Шерстюк Александр Михайлович
    Әкім

    Шерстюк Александр Михайлович

    Драгомировка ауылдық округінің әкімі

    Александр Михайлович Шерстюк 1986 жылы Көкшетау облысы Келлер ауданы Драгомиров ауылында дүниеге келді. Жоғары білімі бар, 2007 жылы А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін қаржыгер мамандығы бойынша аяқтады.

    Хамитов Ержан Құрманұлы
    Әкім

    Хамитов Ержан Құрманұлы

    Келлеровка ауылдық округінің әкімі

    1985 жылы 01 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Дашка-Николаевка ауылында дүниеге келді. 2022 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін құқықтану бакалавры мамандығы бойынша аяқтады.

    Көпербаев Рыспек Әлібекұлы
    Әкім

    Көпербаев Рыспек Әлібекұлы

    Киров ауылдық округінің әкімі

    Көпербаев Рыспек Әлібекұлы1989 жылы Көкшетау облысы Красноармейск ауданы Ильич ауылында дүниеге келді. 2009 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің жанындағы «АРНА» Көкшетау колледжін «Қолдану салалары бойынша ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша аяқтады. 2012 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «Қолдану салалары бойынша ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша аяқтады. 2017 жылы Орталық Қазақстан академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады.

    Жомартов Талғат Базарбайұлы
    Әкім

    Жомартов Талғат Базарбайұлы

    Краснополян ауылдық округінің әкімі

    Жомартов Талғат Базарбайұлы 1967 жылы 09.07. Көкшетау облысы, Красноармейск ауданы, Көзашар ауылында дүниеге келді. Жоғары білімі бар. 1995 жылы Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін , «Биология және химия пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша аяқтады.

    Куровский Владимир Николаевич
    Әкім

    Куровский Владимир Николаевич

    Летовочный ауылдық округінің әкімі

    Владимир Николаевич Куровский 1989 жылы Көкшетау облысы Красноармейск ауданы Летовочное ауылында дүниеге келді. Білімі — жоғары, 2012 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру және спорт жаттықтырушы-оқытушысы» мамандығы бойынша аяқтады.

    Бахтиярова Әйгерім Мұхтарқызы
    Әкім

    Бахтиярова Әйгерім Мұхтарқызы

    Аким

    Бахтиярова Әйгерім Мұхтарқызы, Көкшетау облысы Красноармейск ауданы Кеңес ауылында 1986 жылы дүниеге келген. Білімі арнаулы орта. 2006 жылы «Арна» Көкшетау колледжін аяқтап, «Қолдану салалары бойынша ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша диплом алды.

    Ищанов Қайыргелді Таңатарұлы
    Әкім

    Ищанов Қайыргелді Таңатарұлы

    Чермошнян ауылдық округінің әкімі

    Ищанов Қайыргелді Таңатарұлы 1974 жылы Көкшетау облысы Красноармейск. ауданы Чермошнян ауылында дүниеге келді. Жоғары білімі бар, 2007 жылы Көкшетау экономика және менеджмент институтын «Экономика бакалавры» мамандығы бойынша аяқтады.

    Қалиақпаров Азамат Қайыртайұлы
    Әкім

    Қалиақпаров Азамат Қайыртайұлы

    Чкалов ауылдық округінің әкімі

    1988 жылы Көкшетау облысы Чкалов ауданы Аққұдық ауылында дүниеге келді. Жоғары білімі бар, 2013 жылы Орталық Қазақстан академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады.

    Темiрбаев Ермұқан Нұрмұқанұлы
    Әкім

    Темiрбаев Ермұқан Нұрмұқанұлы

    Яснополян ауылдық округінің әкімі

    Темірбаев Ермұқан Нұрмұқанұлы 1992 жылы Көкшетау облысы Чкалов ауданы Зеленый Гай ауылында дүниеге келді. Жоғары білімі бар, 2013 жылы. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін физика біліктілік бакалавры бойынша аяқтады.

    Голубь Наталья Викторовна
    Бөлім басшысы

    Голубь Наталья Викторовна

    Бөлім басшысы

    Бөлім басшысы — Голубь Наталья Викторовна Көкшетау облысы Красноармейск қ. 1970 жылғы 7 маусымда дүниеге келді. Білімі жоғары, мамандығы экономист. 1998 жылдан бастап мемлекеттік қызметте.

    Бура Андрей Николаевич
    Бөлім басшысы

    Бура Андрей Николаевич

    Бөлім басшысы

    Бура Андрей Николаевич, 1980 жылы 18 ақпанда дүниеге келді, білімі жоғары, 2003 жылы Варшава қ. М. Гжегоживский атындағы Педагогика академиясын, қайта әлеуметтендіру педагогикасы магистрі-мамандығы бойынша аяқтап, 2006 жылы Қарағанды қ., Д.А. Қонаев атындағы университетін құқықтану бакалавр - мамандығы бойынша тамамдады.

    Сағындықова Гүлмира Бәкiбайқызы
    Бөлім басшысы

    Сағындықова Гүлмира Бәкiбайқызы

    Бөлім басшысы

    Бөлім басшысы - Сағындықова Гүлмира Бәкібайқызы, 1966 жылы 24 тамызда дүниеге келді, білімі жоғары 1990 жылы Шымкент облысы, Шымкент қаласы «Әл-Фараби» атындағы педагогикалық мәдениет институтын мәдени-ағарту жұмысы факультетін «Мәдени-бұқаралық жұмысты ұйымдастыру және әдістемесі» мамандығы бойынша тамамдады.

    Кәрбаев Дастан Сәбитұлы
    Бөлім басшысы

    Кәрбаев Дастан Сәбитұлы

    Бөлім басшысы

    Кәрбаев Дастан Сәбитұлы 1988 жылы Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келді. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, 2014 жылы «Көкше» академиясын қаржы мамандығы бойынша аяқтап, 2017 жылы «Тұран – Астана» университетін мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі мамандығы бойынша тамамдады.

    Болатова Жанар Мубараққызы
    Бөлім басшысы

    Болатова Жанар Мубараққызы

    Құжаттамалық қамтамасыз ету жөніндегі құрылымдық бөлімшенің басшысы

    1984 жылғы 07 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы Московка ауданы Карабеловка ауылында дүниеге келді. Жоғары білімі бар, 2007 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін «қаржылар және кредит» мамандығы бойынша аяқтады.

    Бәкiров Ерлан Михашұлы
    Әкім

    Бәкiров Ерлан Михашұлы

    Тихоокеан ауылдық округінің әкімі

    1963 жылы Көкшетау облысы Ленинград ауданы Айсара ауылында дүниеге келді. Екі жоғары білімі бар, 1986 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын зооинженер біліктілігі бойынша аяқтап, 2007 жылы Көкшетау экономика және менеджмент институтын мемлекеттік басқару бакалавры біліктілігі бойынша тамамдады.

    Жәкенова Айнагүл Сағатқызы
    Бөлім басшысы

    Жәкенова Айнагүл Сағатқызы

    Бөлім басшысы

    Жәкенова Айнагүл Сағатқызы 1975 жылы Көкшетау облысы Красноармейск ауданының № 8 разъезінде дүниеге келді. Екі жоғары білімі бар, 1997 жылы Солтүстік Қазақстан университетін экономика және өндірісті басқару мамандығы бойынша аяқтап, 2003 жылы Солтүстік Қазақстан заң академиясын Заңгер мамандығы бойынша тамамдады.

    Баймағамбетов Марат Шаймұратұлы
    Бөлім басшысы

    Баймағамбетов Марат Шаймұратұлы

    Бөлім басшысы

    Марат Шаймұратұлы Баймағамбетов 1964 жылы Көкшетау облысы Чкалов ауданы Шұңқыркөл ауылында дүниеге келген. Жоғары білімі бар, 1989 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс мамандығы бойынша тамамдады.

    Жетібаев Әскер Шайхислямұлы
    Әкім

    Жетібаев Әскер Шайхислямұлы

    Мироновка ауылдық округінің әкімі

    Әкім — Жетібаев Әскер Шайхислямұлы , Көкшетау облысы, Красноармейск ауданы, Красноармейск қаласында 1976 жылы 23 ақпанда дұниеге келді. 2011 жылы Көкше академиясын құқықтану мамандығы бойынша аяқтап, 2022 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін білім бакалавры мамандығы бойынша тамамдады.

    Тасымов Нариман Қоркытбайұлы
    Әкім

    Тасымов Нариман Қоркытбайұлы

    Амандық ауылдық округінің әкімі

    1981 жылы Көкшетау облысы, Чкалов ауданы, Октябрь ауылында дүниеге келген. Н.Қ. Тасымов орта кәсіптік білімі бар, 2003 жылы Көкшетау кәсіптік техникалық лицейі «Автокөлік электр жабдықтарын жөндеу шебері» мамандығы бойынша Көкшетау кәсіптік техникалық лицейін аяқтады.

    Матер Светлана Леонидовна
    Басшы

    Матер Светлана Леонидовна

    Қаржы-шаруашылық қызметі жөніндегі құрылымдық бөлімшенің басшысы

    1984 жылы Көкшетау облысы, Келлер ауданы, Летовочное ауылында дүниеге келді. 2 жоғары білімі бар, 2006 жылы Көкшетау мемлекеттік университетін «қаржылар және кредит» мамандығы бойынша, 2009 жылы Көкшетау университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады.

    Петрова Татьяна Петровна
    Басшы

    Петрова Татьяна Петровна

    Ұйымдастыру-бақылау жұмысы жөніндегі құрылымдық бөлімшенің басшысы

    1987 жылы Көкшетау облысы Чкалов ауданы Донецк ауылында дүниеге келді 2 жоғары білімі бар, 2008 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «экология» мамандығы бойынша, 2014 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін «география» мамандығы бойынша аяқтады.

    Кочелабова Юлия Александровна
    Басшы

    Кочелабова Юлия Александровна

    Мемлекеттік-құқықтық мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшенің басшысы

    Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласында 1979 жылы туды. 1998 жылы Петропавлдық экономикалық колледжін аяқтап, 2001 жылы Е.А. Букетов атындағы Караганды мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша аяқтады.