
Өмірбаян
1983 жылы Целиноград қаласында дүниеге келген.
Жоғары білімі бар, 2006 жылы Орталық Азия университетін заңгер біліктілігі бойынша тамамдады.
Еңбек жолын 2005 жылдың сәуір айынан бастап Тайынша ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің жетекші маманы болып бастады.
2005 жылғы қыркүйектен 2006 жылғы қазанға дейін – Тайынша ауданы жер қатынастары бөлімінің бас маманы.
2006 жылдың қазан айынан бастап Тайынша ауданы жер қатынастары бөлімінің жерге орналастыру, жерді болжау және пайдалану бөлімінің бастығы болып тағайындалды.
2008 жылғы қаңтардан 2016 жылғы сәуірге дейін — Тайынша ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы.
Тайынша ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін, Тайынша ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.




