
Өмірбаян
Бахтиярова Әйгерім Мұхтарқызы, Көкшетау облысы Красноармейск ауданы Кеңес ауылында 1986 жылы дүниеге келген. Білімі арнаулы орта.
2006 жылы «Арна» Көкшетау колледжін аяқтап, «Қолдану салалары бойынша ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша диплом алды.
Еңбек жолын 2007 жылы Ақмола облысының Әділет департаментінде іс жүргізушісі болып бастап, 2013 жылдан Большеизюм орта мектебінің хатшысы, 2016 жылдан «Тайынша ауданының жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің асситенті, 2020 жылдан Зеленогай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, 2021 жылдың наурызынан бастап Зеленогай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып жұмыс істеді.
2022 жылдың қазанынан 2025 жылдың 15 маусымына дейін Рощинск ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарды. 2025 жылғы 15 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Рощинск ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.



