
Өмірбаян
Кахабаев Мұрат Мұхамбетқалиұлы1968 жылы 28.10. Көкшетау облысы, Красноармейск ауданы, Красноармейск қаласында дүниеге келді. Екі жоғары білімі бар. 2001-2003 жылдарында Көкшетау экономика және менеджмент институтутын «экономист-менеджер» мамандығы бойынша аяқтап , 2005-2007 жылдары Қарағанды «Фемида» заң академиясының «құқықтану» мамандығы бойынша білім алды. Тайынша қаласында тұрады.
1991 жылдан 1995 жылға дейін Красноармейск аудандық қаржы бөлімінде бюджет бойынша экономист, 1995 жылдан 1998 жылға дейін ауданаралық қаржы полициясы бөлімінде инспектор қызметін атқарды 1998 жылы Тайынша ауданының Салық комитетінде инспектор болып бастап, 2007 жылы бөлім бастығы болып аяқтады. Донецк ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы лауазымына кіргенге дейін 2008 жылдан 2019 жылға дейін «Азаматтарға арналған үкіметі» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Тайынша ауданы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2019 жылғы 31 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Донецк ауылдық округінің әкімі болып, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің өкімімен тағайындалды.



