Кәрбаев Дастан Сәбитұлы

    Бөлім басшысы

    Кәрбаев Дастан Сәбитұлы
    Руководитель отдела

    Кәрбаев Дастан Сәбитұлы

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Кәрбаев Дастан Сәбитұлы 1988 жылы Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келді.

    Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, 2014 жылы «Көкше» академиясын қаржы мамандығы бойынша аяқтап, 2017 жылы «Тұран – Астана» университетін мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі мамандығы бойынша тамамдады.

    Еңбек жолын 2013 жылдың қаңтар айында «Байтебенов» ЖК директоры болып бастаған.

    2014 жылдың қаңтарынан 2016 жылдың маусымына дейін «Компания Santrade» ЖШС директорының көмекшісі, «Занбарж» ЖШС менеджері қызметтерін атқарды.

    2016 жылдың шілдесінен 2018 жылдың қазанына дейін Астана қаласы «НұрОтан»партиясыАстана қалалық филиалының есепке алу технигі, Астана қаласы «Нұр Отан»партиясы«Нұр»филиалыныңконсультанты,Астанақаласы «Алматы»ауданы«НұрОтан»партиясыфилиалыныңконсультанты болып жұмыс істеді.

    2018 жылғы қарашадан 2020 жылғы маусымға дейін – «Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы.

    2020 жылдың қазанынан 2021 жылдың қыркүйегіне дейін – «Қазақстан Инжиниринг «Ұлттық компаниясы» АҚ бақылау-ұйымдастыру жұмысы және персоналды басқару қызметінің ұйымдастыру-хаттамалық қызметінің бас менеджері.

    2021 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың мамырына дейін – «Қазақстан Инжиниринг «Ұлттық компаниясы» АҚ әкімшілік және ұйымдастыру жұмысы департаментінің ұйымдастыру-хаттамалық қызметінің бас менеджері

    2022 жылғы маусымнан 2023 жылғы қарашаға дейін - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округі әкімінің орынбасары.

    Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері