
Әміренов Асан Амангелдіұлы
Аудан әкімінің ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі орынбасары
Өмірбаян
1988 жылдың 16 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы Булаево ауданы Круглое ауылында дүниеге келді.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, 2013 жылы «Көкше» академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтап, 2024 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясын «Мемлекеттік басқару» бағыты бойынша тамамдады.
Еңбек жолын 2009 жылы М. Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкімі аппаратының азаматтарды қабылдау жөніндегі жетекші маманы болып бастады.
2011-2017 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Бірлік ауылдфқ округі әкімі аппаратының бас маманы, бас маман-заңгері, содан кейін аудан мәслихаты хатшысының кеңесшісі, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ұйымдастыру-бақылау жұмысы жөніндегі құрылымдық бөлімшенің басшысы болып жұмыс істеді.
2017-2018 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратындағы жалпы бөлімнің қызметтік хат-хабарларды өңдеу секторының бас маманы –терроризмнің алдын алу және ескерту секторының меңгерушісі.
2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың қыркүйегіне дейін, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы болып жұмыс істеді.
2020 жылдың қыркүйегінен 2021 жылдың наурызына дейін, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
Осы уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің экономика, құрылыс және жедел мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.



