Рақымжанов Әділет Болтайұлы

    Тайынша ауданы әкімінің экономика, құрылыс және жедел мәселелер жөніндегі орынбасары

    Рақымжанов Әділет Болтайұлы
    Қызметкерлер

    Рақымжанов Әділет Болтайұлы

    Тайынша ауданы әкімінің экономика, құрылыс және жедел мәселелер жөніндегі орынбасары

    Өмірбаян

    Әділет Болтайұлы 1972 жылдың 28 қазанында Көкшетау облысы Қызылту ауданының Озерный ауылында дүниеге келді.

    1999 жылы Көкшетау қаласының экономика және менеджмент институтының экономист-менеджер мамандығы бойынша аяқтады.

    1995 - 1998 жылдары аралығында Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданында «Золотая Нива» ӨК орынбасары қызметін атқарды,

    1998 – 2001 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданында Золотая Нива а. Золотая Нива орта мектебінің шаруашылық меңгерушісі. 2001 - 2005 жылдары Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі.

    2006 жылдан 2010 жылға дейін Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімі аппаратының басшысы.

    2010 - 2017 жылдары Ақмола облысы Бұланды ауданының экономика және қаржылар бөлімінің басшысы.

    2017 - 2019 жылдары Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімінің орынбасары.

    2020 жылдың қаңтарынан 2020 жылдың маусымына дейін Ұлттық экономика министрлігі Ақмола облысы бойынша бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің тергеу бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

    2020 - 2021 жылдары Ақмола облысы Бурабай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы.

    2021 жылдың тамызынан 2021 жылдың қазанына дейін «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы.

    2021 жылдың қазанынан «Көкшетау қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы болып тағайындалды.

    Тайынша ауданы әкімінің экономика, құрылыс және жедел мәселелер жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалғанға дейін, «Көкшетау қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы болып қызмет атқарды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері