
Өмірбаян
Марат Шаймұратұлы Баймағамбетов 1964 жылы Көкшетау облысы Чкалов ауданы Шұңқыркөл ауылында дүниеге келген.
Жоғары білімі бар, 1989 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс мамандығы бойынша тамамдады.
Еңбек жолын 1989 жылдың тамыз айынан бастап ӨТБ инженері болып бастаған.
1993 жылдың қаңтарынан 2003 жылдың мамырына дейін ЖМБ-5 прорабы, «Балай» ШҚ басшысы.
2003 жылдың маусымынан 2014 жылдың қазанына дейін түрлі мемлекеттік қызмет лауазымдарында, яғни Кантемиров ауылдық округінің әкімі, Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, Тайынша ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, коммуналдық көлік және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.
2016 жылғы желтоқсаннан 2020 жылғы мамырға дейін – Тайынша ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы.
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін, осы бөлімнің бас маманы болып жұмыс істеді.



