
Петрова Татьяна Петровна
Ұйымдастыру-бақылау жұмысы жөніндегі құрылымдық бөлімшенің басшысы
Өмірбаян
1987 жылы Көкшетау облысы Чкалов ауданы Донецк ауылында дүниеге келді
2 жоғары білімі бар, 2008 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «экология» мамандығы бойынша, 2014 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін «география» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 2006 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Қарағаш орта мектебінде биология және география пәні мұғалімі болып бастады.
2014 жылғы сәуірден 2016 жылғы тамызға дейін Солтүстік Қазақстаноблысы, Тайыншаауданы, Қарағаш ауылы, «Абай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ басмаманы
2016 жылдың қыркүйегінен 2021 жылдың мамырына дейін Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» КММ персоналды басқару құрылымдық бөлімшесінің бас маманы.
2021 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы



