Қызметкерлер — Павлодар облысының әкімдігі

    Павлодар облысының әкімдігі басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    6
    Байханов Асайын Қуандықұлы
    Қызметкерлер

    Байханов Асайын Қуандықұлы

    Павлодар облысының әкімі

    Асайын Қуандықұлы Байханов 1977 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. 2000 жылы Павлодар университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2005-2006 жылдары European Bank for Reconstruction and Development (EBRD) және «ProCredit Holding AG» неміс халықаралық банк холдингінің Корпоративтік квалификация арттыру Орталығында білімін жетілдірген. 2017 жылы М.В. Ломоносов ат. Мәскеу мемлекеттік университетінде «Стратегиялық менеджмент және кәсіпкерлік» бойынша МВА дәрежесін алды.

    Батырғұжинов Серік Барлыбайұлы
    Қызметкерлер

    Батырғұжинов Серік Барлыбайұлы

    Облыс әкімінің бірінші орынбасары

    Серік Батырғожинов 1964 жылы Ертіс ауданында дүниеге келген. 1990 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын « Агрономия » мамандығы бойынша, ал 2004 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін « Құқықтану » мамандығы бойынша бітірген.

    Маликова Айгүл Қайыртасқызы
    Қызметкерлер

    Маликова Айгүл Қайыртасқызы

    Павлодар облысы әкімінің орынбасары

    Айгүл Қайыртасқызы, 1976 жылы туған. «Биология және химия», «Қаржы» мамандықтары бойынша жоғары білімі және саясаттану магистрі дәрежесі бар.

    Нефедова Наталья Владимировна
    Қызметкерлер

    Нефедова Наталья Владимировна

    Облыс әкімі аппараты басшысының м. а.

    Наталья Владимировна, 1983 жылғы. 2005 жылы Павлодар университетін «шетел тілі мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтап, 2006 жылы Инновациялық Еуразиялық университетінде «педагогика және психология» мамандығы бойынша магистр дәрежесін иеленді. 2010 жылы Инновациялық Еуразиялық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы, 2015 жылы Алтай мемлекеттік педагогикалық университетін «жалпы педагогика» мамандығы бойынша аяқтады. Педагогика ғылымдарының кандидаты, философия докторы PhD.

    Отдел Аппарата акима

    5
    Сыздықова Дидар Балтабайқызы
    Қызметкерлер

    Сыздықова Дидар Балтабайқызы

    Бөлім басшысы

    Дидар Балтабаевна 1985 жылғы, жоғары білімі бар. 2005 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын «кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша, 2013 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, 2020 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады.

    Жомартов Дәуренбек Амангелдіұлы
    Қызметкерлер

    Жомартов Дәуренбек Амангелдіұлы

    Хаттамалық-ұйымдастырушылық және аумақтық жұмыс бөлімінің басшысы

    Дәуренбек Амангелдіұлы 1989 жылы туған, жоғары білімі бар. 2011 жылы Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін «саясаттанушы» мамандығы бойынша аяқтады. Экономика ғылымдарының магистрі.

    Ергебаев Елухан Саматұлы
    Қызметкерлер

    Ергебаев Елухан Саматұлы

    Бөлім басшысы

    Елухан Саматұлы, 1986 жылы туған, жоғары білімді. 2008 жылы Қаржы полициясы академиясын «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша, 2011 жылы Қазақстан-Ресей университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдады. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі - 15 жылдан асады.

    Қызметкерлер

    Қамбарова Диана Ерболатқызы

    Руководитель отдела

    Диана Ерболатқызы 1991 жылғы, жоғары білімі бар. 2012 жылы Павлодар мемлекеттік университетін «Зоотехния», 2014 жылы - С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтады.

    Басқа қызметкерлер

    5
    Омарова Гүлнәр Тегінбайқызы
    Қызметкерлер

    Омарова Гүлнәр Тегінбайқызы

    Руководитель отдела документационного обеспечение и контроля

    Гүлнәр Тегінбайқызы 1966 жылы Павлодар облысы Қашыр кентінде дүниеге келген. 1990 жылы Алматы шетел тілдері педагогикалық институтын «француз және неміс тілдері» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Полякова Наталья Викторовна
    Қызметкерлер

    Полякова Наталья Викторовна

    Ішкі аудит қызметінің басшысы

    Наталья Викторовна 1976 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. 1995 жылы Ақмола қаржы-экономикалық техникумын, ал, 2000 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «қаржы және несие» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Каукенов Данияр Қажымұханұлы
    Қызметкерлер

    Каукенов Данияр Қажымұханұлы

    Павлодар облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі

    Каукенов Данияр 1979 жылы туған, білімі жоғары. 2002 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    Нашарова Альмира Мұхаметқазықызы
    Қызметкерлер

    Нашарова Альмира Мұхаметқазықызы

    Азаматтардың өтініштерін қарауды бақылау жөніндегі бөлімнің басшысы

    Альмира Мұхаметқазықызы 1971 жылғы, жоғары білімі бар. 2007 жылы «Қайнар» университетін «психология» мамандығы бойынша, 2016 жылы Еуразия инновациялық университетін «жергілікті мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша аяқтады. Экономика және бизнес магистрі.

    Әкімбекова Салтанат Ерікқызы
    Қызметкерлер

    Әкімбекова Салтанат Ерікқызы

    Облыс әкімінің баспасөз хатшысы-баспасөз қызметінің басшысы

    Салтанат Ерікқызы 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 2008 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Филология: орыс филологиясы» мамандығы бойынша аяқтаған.