Қамбарова Диана Ерболатқызы
Руководитель отдела
Өмірбаян
Диана Ерболатқызы 1991 жылғы, жоғары білімі бар. 2012 жылы Павлодар мемлекеттік университетін «Зоотехния», 2014 жылы - С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 2011 жылы Аққу ауылының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің инспекторы болып бастады.
2014 – 2021 жылдар аралығында Аққу ауылы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы, Лебяжі ауданы әкімі аппараты мемлекеттік құқықтық бөлімінің бас маманы лауазымдарында жұмыс істеді.
2021 жылғы сәуір – 2022 жылғы сәуір аралығында Павлодар облысының цифрлық технологиялар басқармасы мемлекеттік қызметтерді дамыту және мониторинг бөлімінің бас маманы болып қызмет етті.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Павлодар облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімінің бас маманы лауазымын атқарды.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі - 9 жыл 5 айды құрайды.



