Каукенов Данияр Қажымұханұлы

    Павлодар облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі

    Каукенов Данияр Қажымұханұлы
    Қызметкерлер

    Каукенов Данияр Қажымұханұлы

    Павлодар облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі

    Өмірбаян

    Каукенов Данияр 1979 жылы туған, білімі жоғары. 2002 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2002 жылы Павлодар қаласы әкімі апаратының мемлекеттік құқықтық бөлімінің бас маманы болып бастаған.

    2003 жылдан 2014 жылға дейін Павлодар облысы бойынша қаржы полициясы департаментінің түрлі лауазымдарында еңбек етті.

    2014 жылдан бастап Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінде қызмет атқарды. 2023 жылдан 2025 жылдың шілдесіне дейін осы департаменттің превенция басқармасының басшылық лауазымдарында жұмыс істеді.

    2025 жылдың тамыз айынан бастап - Павлодар облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі.

    Функционалдық міндеттері

    Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі міндетері:

    1) мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетуге;

    2) мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етуге;

    3) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға;

    4) ұжымда жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес келетін өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесу;

    5) мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды;

    6) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауына мониторингті және бақылауды жүзеге асыруға міндетті;

    7) мемлекеттік органның басшылығына мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдамау жағдайлары туралы хабарлауға міндетті;

    8) мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзған жағдайларда құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларға талдау жүргізеді және мемлекеттік органның басшылығына оларды жою жөнінде ұсынымдар енгізеді;

    9) облыс әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізеді;

    10) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзудың профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

    11) прокуратура органдарымен, құқық қорғау және өзге де органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;

    12) басшылықтың тапсырмасы бойынша Әдеп кодексінің нормаларын бұзушылықтарды және Мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтарды қарауға;

    13) заңнаманы сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді

    14) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау туралы ұсыныспен тиісті лауазымды адамдарға жүгінеді;

    15) ақпараттық қауіпсіздікті және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді қамтамасыз етеді;

    16) қызметтік әдеп нормаларын бұзудың профилактикасы мақсатында өзге де қызметті жүзеге асырады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері