
Нашарова Альмира Мұхаметқазықызы
Азаматтардың өтініштерін қарауды бақылау жөніндегі бөлімнің басшысы
Өмірбаян
Альмира Мұхаметқазықызы 1971 жылғы, жоғары білімі бар. 2007 жылы «Қайнар» университетін «психология» мамандығы бойынша, 2016 жылы Еуразия инновациялық университетін «жергілікті мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша аяқтады. Экономика және бизнес магистрі.
2001 жылғы сәуір – 2008 жылғы сәуір аралығында Ақсу қаласының тұрғындарды әлеуметтік қорғау басқармасында, Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бас маман, бөлім меңгерушісі лауазымдарында жұмыс істеді.
2008 жылғы сәуір – 2018 жылғы шілде аралығында Ақсу қаласы әкімінің аппаратында бас маман, бөлім басшысы, Ақсу қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымдарында қызмет атқарды.
2018 жылғы шілде – 2019 жылғы ақпан аралығында Павлодар облысының білім беру басқармасы ұйымдастыру-кадрлар жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
Соңғы атқарған лауазымы – Ақсу қаласы әкімінің аппараты ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 20 жылдан асады.



