
Тезекбаев Еркебұлан Мұқажанұлы
Бөлім басшысы
Өмірбаян
Еркебұлан Мұқажанұлы, 1984 жылы туған, жоғары білімді. 2006 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша, 2008 жылы Инновациялық Еуразия университетін «Жергілікті мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша тәмамдады.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2020 жылы Павлодар қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы қызметінен бастады.
2022 жылғы шілдеден 2024 жылғы маусымға дейін Павлодар қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2025 жылдың қазан айынан 2026 жылғы ақпан айына дейін «Galaxy House» ЖШС-нің бас директоры болды.
2026 жылдың ақпан айында Павлодар облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы және өңірлік бақылау бөлімінің басшысы болып тағайындалды.





