Полякова Наталья Викторовна

    Ішкі аудит қызметінің басшысы

    Полякова Наталья Викторовна
    Руководитель отдела

    Полякова Наталья Викторовна

    Ішкі аудит қызметінің басшысы

    Өмірбаян

    Наталья Викторовна 1976 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. 1995 жылы Ақмола қаржы-экономикалық техникумын, ал, 2000 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «қаржы және несие» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Еңбек жолын 1995 жылы ҚР мемлқаржыбақылау Комитетінің Павлодар қаласы бойынша бөлімінің тексеруші-ревизоры болып бастады.

    1997 жылдан 1998 жылға дейін - ҚР ҚМ жанында қаржы-валюттік Комитетінің Павлодар қаласы бойынша аға тексеруші-ревизоры.

    1998 жылдан 2000 жылға дейін - Қазынашылықтың Павлодар облыстық басқармасының аға қазынашысы.

    2000 жылдан 2006 жылға дейін - ҚР ҚМ қаржылық бақылау Комитеті Павлодар облысы бойынша басқармасының жетекші тексеруші-маманы, бас тексеруші-маманы болып қызмет етті.

    2006 жылдан 2010 жылға дейін - ҚР ҚМ қаржылық бақылау Комитетінің Павлодар облысы бойынша қаржылық бақылау Инспекциясының бас маманы-бас тексерушісі-ревизоры.

    2010 жылдан 2016 жылға дейін - Павлодар облысы туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының ішкі бақылау мәселелері жөніндегі бас маманы.

    2016 жылдан 2022 жылға дейін - Павлодар облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметінің облыс әкімінің бас инспекторы.

    2022 жылдың мамыр айында Павлодар облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметінің басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері