Ергебаев Елухан Саматұлы

    Бөлім басшысы

    Ергебаев Елухан Саматұлы
    Руководитель отдела

    Ергебаев Елухан Саматұлы

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Елухан Саматұлы, 1986 жылы туған, жоғары білімді. 2008 жылы Қаржы полициясы академиясын «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша, 2011 жылы Қазақстан-Ресей университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдады.

    Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі - 15 жылдан асады.

    2004-2012 жылдар аралығында Павлодар облысының прокуратура және қаржы полициясы органдарында қызмет атқарды.

    2012 жылғы қарашадан 2016 жылғы наурызға дейін «Богатырь Көмір» ЖШС-де инспектор болып жұмыс істеді.

    2017 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында Павлодар облысы әкімі аппаратының іс жүргізу жөніндегі инспекторы болып еңбек етті.

    2017 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы тамызға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы қызметін атқарды.

    2019 жылғы тамыздан 2023 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы болды.

    2023 жылғы ақпаннан 2024 жылғы сәуірге дейін Павлодар облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі болып қызмет атқарды.

    2024 жылғы сәуірден 2025 жылғы шілдеге дейін Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымында еңбек етті.

    2025 жылғы тамыздан 2026 жылғы ақпанға дейін ұйымдастыру жұмысы және өңірлік бақылау бөлімінің бас инспекторы болып қызмет атқарды.

    2026 жылдың ақпан айында Павлодар облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері