
Мұқанов Руслан Берекеліұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы
Өмірбаян
Руслан Берекеліұлы 2008 жылы Инновациялық Еуразия университетін «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Лебяжі ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы болып бастаған. Әр жылдары Павлодар қаласы әкімі аппаратында және Павлодар облысы әкімі аппаратында бас маман қызметтерін атқарды.
2013-2023 жылдары мемлекеттік қызметтің түрлі лауазымдарында еңбек етті. Атап айтқанда, облыстық дін істері басқармасында, Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімінде қызмет атқарды, Тереңкөл ауданы әкімі аппаратына басшылық етті, Аққулы ауданы әкімінің орынбасары, Ақсу қаласы әкімі аппаратының басшысы, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының хаттамалық-ұйымдастыру және аумақтық жұмыс бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Аққулы ауданының әкімі қызметін атқарды.
2026 жылдың шілде айынан - Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы.
Функционалдық міндеттері:
облыс әкімі аппаратының жұмысына жалпы басшылық жасау;
облыс әкімінің, облыс әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдамалық, құқықтық, ұйымдастыру, хаттамалық, құжаттамалық, материалдық-техникалық және өзге де тұрғысынан қамтамасыз ету мәселелері;
облыс әкімі мен әкімдігінің нормативтік актілерін әзірлеуді үйлестіру;
қалалар мен аудандар әкімдерінің, жергілікті атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволардың қызметін облыс әкімі мен әкімдігінің актілерін дайындау, олардың орындалуын ұйымдастыру бөлігінде үйлестіру;
мемлекеттік және атқарушылық тәртіпті сақтау, мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін үйлестіру;
азаматтардың хаттары мен өтініштерін, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмаларын қарауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
облыс әкімінің қатысуымен өтетін мәжілістерге материалдарды әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Мемлекет басшысы актілері мен тапсырмаларының, Қазақстан Респуб-ликасы Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен оның орынбасарлары тапсырмаларының, Қазақстан Республикасы Үкіметі отырыстарының хаттамалық шешімдерінің, облыс әкімдігі актілерінің, облыс әкімі актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау;
Қазақстан Республикасы Президентін, Қазақстан Республикасы Парламентінің, жергілікті уәкілетті органдары депутаттарын, референдумдарды, ауыл, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлауға ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуін бақылау;
облыс әкімінің кадр саясатын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдас-тыру;
жергілікті атқарушы органдар үшін бірыңғай тәртіптік және конкурстық комиссиялары қызметтеріне жалпы жетекшілікті жүзеге асыру;
қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу мәселелерін шешу;
облыс әкімі аппараты «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешу;
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңын іске асыру;
мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері бойынша қалалар мен аудандар әкімдерінің, жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
облыс әкімі аппаратының Қазақстан Республикасы Президентінің Әкім-шілігімен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Кеңсесімен, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясымен және басқа да орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.
1. Мыналардың қызметін тікелей басқарады:
1.1. Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасарлары;
1.2. Облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері;
1.3. Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі топтары.
2. Мыналардың қызметін үйлестіреді және бағыттайды:
2.1. Облыс қалалары мен аудандары әкімдерінің аппараттары;
2.2. Облыс басқармалары;
2.3. «Офис-сервис» КММ;
2.4. «Павлодар облысының автошаруашылығы» ЖШС.
3. Мыналармен өзара іс-қимыл жасайды және байланысты жүзеге асырады:
3.1. Орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері;
3.2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті, Әдеп жөніндегі кеңес;
3.3. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті.
4. Жетекшілік ететін салалар бойынша:
Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Үкіметі, облыс әкімі тапсырмаларының орындалуына;
мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, облыс аумағын дамыту бағдарламаларының іске асырылуына;
республикалық, сондай-ақ облыстық деңгейде жүргізілетін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштеріне бақылауды жүзеге асырады.




