
Қабылтаева Әйгерім Жаңбыртайқызы
Заместитель акима области
Өмірбаян
Әйгерім Жаңбыртайқызы 1984 жылы туған. «Бакалавр-химия» мамандығы бойынша жоғары білімі және экология магистрі дәрежесі бар.
Еңбек жолын 2007 жылы Павлодар облысының қоршаған ортаны қорғау басқармасының жетекші маманы болып бастап, кейін облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары департаментінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
2021 жылдан бастап осы лауазымға тағайындалғанға дейін Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы болып еңбек етті.
Жетекшілік ететін бағыттары: экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, индустриялық-инновациялық даму, кәсіпкерлік және сауда, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары, цифрлық технологиялар салалары.




