Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

    Министерство осуществляет руководство, а также в пределах, предусмотренных законодательством, межотраслевую координацию в финансовой сфере.

    Министрлік туралы

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi өзiнiң құзыретiне жатқызылған қызмет саласында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Аңдатпа

    2026 жылғы 25 қыркүйекте сағат 11:30-да Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Д. Темірбековтің Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесуі өтеді. Өтетін орны: Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов көшесі, 68 үй, Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ғимараты, 2-қабат, мәжіліс залы. Ұсыныстар мен сұрақтарды жинау, сондай-ақ жеке қабылдауға жазылу үшін телефондар: 8(7252)21-32-72, 8(7252)21-29-22

    22 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Аңдатпа

    2026 жылғы 14 қыркүйекте сағат 11:00-де Қонаев қаласында Қазақстан Республикасының Қаржы Вице-Министрі Е. Біржановтың Алматы облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді. Өтетін орны: Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі, 9/4, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ғимараты, 1-қабат, мәжіліс залы. Анықтама телефондары: 8(72772)5-01-46 , 8-707-550-11-03

    9 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    г. Конаев, ул. Индустриальная 9/4, здание Департамента государственных доходов по Алматинской области, 1 этаж, актовый зал.
    ОтырысАяқталды

    Хабарландыру

    ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ Баспасөз конференциясы Уақыты: 29.06.2026 – 14:30 Тақырыбы: «Жекеменшік мектептерді қаржыландыру туралы» Спикерлер: ҚР Қаржы вице-министрі Темірбеков Дәурен Өденұлы; ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Шарабасов Жайық Серікқалиұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

    26 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Аңдатпа

    2026 жылғы 17 маусымда сағат 15:30-да Орал қаласында ҚР Қаржы вице-министрі Е. Біржанов Батыс Қазақстан облысының халқымен кездесу өткізеді. Өтетін орны: Достық үйі, Орал қаласы, Астана мкр, 10 Сұрақтар мен ұсыныстар: + 7 705 804 1437

    12 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Аңдатпа! Қазақстан Республикасы Қаржы Вице-министрі Ә. Тұрысовтың Абай облысының халқымен кездесуі өтеді

    Күні: 08.04.2026 ж. Уақыты: 15:00 Кездесу форматы: Бейне байланысы арқылы Өткізілетін орны: Семей қ., Мәңгілік ел к-сі, 11 (конференц зал, 4-ші қабат) Анықтама және өтініштер үшін телефон: 8 7222 362222

    8 сәуір 2026 ж.Тікелей
    г. Семей, ул. Мәңгілік ел, 11 (конференц зал, 4-ый этаж)
    ОтырысАяқталды

    Аңдатпа! 31 наурызда Павлодар облысы тұрғындарымен кездесу өтеді

    2026 жылғы 31 наурыз күні сағат 11:00-де онлайн форматта ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Е.Т.Мыңжасаровтың қатысуымен Павлодар облысы тұрғындарымен кездесуі өтеді. Кездесудің өтетін орны: Павлодар қ, Мәшһүр Жүсіп көшесі 35/1, Үлкен зал Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды [email protected] электронды почтасына жолдауға болады. Анықтама үшін байланыс телефоны: +7(701) 528 6175

    30 наурыз 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Білім беру гранты бойынша оқудың барлық мерзімін емес, ішінара оқыған адамдар үшін жұмыспен өтеудің қысқартылған мерзімі көзделген бе ?

    Жауап

    Иә, білім беру гранты бойынша оқудың барлық мерзімін емес, ішінара оқыған адамдар үшін мөлшерлес жұмыспен өтеу мерзімі белгіленген. Мәселен, Қағидалардың 9-тармағында осы Қағидалардың 3, 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтарында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтары ЖЖОКБҰ-ны немесе ДССҒҰ-ны бітіргеннен кейін осы Қағидалардың 3, 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген мерзім шегінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша олардың нақты оқу уақытына сәйкес: 1) ақылы негіздегі оқудан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауысқан; 2) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқудан ақылы негіздегі оқуға ауысқан; 3) ЖЖОКБҰ-дан немесе ДССҒҰ-дан оқудан шығарылып, ағымдағы немесе келесі оқу жылы ішінде кейіннен қайта оқуға қабылданған жағдайларда жұмыспен өтейді. Жұмыспен өтеу мерзімі мынадай формула бойынша есептеледі: T = y / х * z, мұндағы: Т - айлардағы жұмыспен өтеу мерзімі, күндерге бөлшектенбейді (бұл ретте дөңгелектеу үлкен жағына қарай жүргізіледі); y - мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқудың айлардағы нақты мерзімі, күндерге бөлшектенбейді (бұл ретте дөңгелектеу үлкен жағына қарай жүргізіледі); x - ЖЖОКБҰ-да немесе ДССҒҰ-да оқудың айлардағы жалпы мерзімі (бұл ретте дөңгелектеу үлкен жағына қарай жүргізіледі); z - осы Қағидалардың 3, 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтарында көрсетілген, бүкіл мерзім бойы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқып шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 36 айды (4-тармақта көрсетілген азаматтар үшін 24 ай) құрайтын жұмыспен өтеу мерзімі. Мысалы: Жас маман ақылы негізде оқуға түсіп, бір жылдан (12 айдан) кейін бос білім беру грантының иегері атанды. Осылайша, ол мемлекеттік тапсырыс негізінде төрт жылдың (48 айдың) үш жылын (36 айын) оқыды. Тиісінше, Қағидалардың 9-тармағында келтірілген формулаға сәйкес, ол белгіленген 36 айдың 27 айын жұмыспен өтеуге тиіс. http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z070000319_ http://adilet.zan.kz/rus/docs/V230003329

    Сұрақ

    Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) уәкілетті органның жанындағы Апелляциялық комиссияға қалай шағым жасауға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына сәйкес ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым жасауды ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның жанындағы Апелляциялық комиссия қарайды. Қарсылықтар мен шағымдар аталған Заңның 11-1-тарауында, ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында, камералдық бақылау жүргізу қағидаларында, сондай-ақ Апелляциялық комиссия туралы ережеде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде беріледі және қаралады. Көрсетілген нормативтік құқықтық актілермен реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің ережелері қолданылады. ӘРПК-нің 92-бабына сәйкес әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актіні қабылдау немесе әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) туралы белгілі болған күннен бастап үш айдан кешіктірмей беріледі. Мемлекеттік сатып алу саласында да уәкілетті орган мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. Мысалы: Арыз иесі ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі белгіленген мерзімде шешім қабылдамады немесе оның құқықтары мен заңды мүдделерін бұзады деп есептейтін шешім қабылдады деп санайды. Мұндай шешімге, әрекетке немесе әрекетсіздікке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Апелляциялық комиссияға шағым жасауға болады. http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1500000392 http://adilet.zan.kz/rus/docs/K2000000350 http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2400000106 http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020171

    Сұрақ

    Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамның кірісі белгіленген 300 АЕК мөлшеріндегі айлық шекті сақтау үшін қалай айқындалады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 718-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес күнтізбелік айдағы кіріс тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 300 АЕК-тен аспауға тиіс. 719-баптың 2-тармағына сәйкес салық салу объектісі салықтық кезең ішінде рұқсат етілген қызмет түрлерінен алынған кіріс болып танылады; кірісті тану күні – өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу жүзеге асырылған күн, оның ішінде ақшаны немесе оның баламасын алу не төлеу күні. 719-баптың 3-тармағына сәйкес салықтық кезең – күнтізбелік ай. Бірнеше қызмет түрі жүзеге асырылған жағдайда осы айдағы жалпы кіріс ескеріледі. 719-баптың 2-тармағына сәйкес кірістер есебі жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде қызмет жүзеге асырудың заңнамада көзделген жағдайларын қоспағанда, чектер мен кірістер туралы өзге де мәліметтер негізінде арнаулы мобильді қосымшада қалыптастырылатын кірістер тізілімінде жүргізіледі. Салық кодексінің 716-бабының 11-тармағына сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолдануға мүмкіндік бермейтін мән-жайлар туындаған кезде бес жұмыс күні ішінде дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама ұсыну қажет; егер мәміле нәтижесінде кірістің шекті мөлшері асып кететін болса, хабарлама осындай мәміле бойынша кіріс алынғанға дейін ұсынылады. Мысалы: Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам бір айда фотосуретке түсіруден 450 000 теңге және аударма қызметтерінен 300 000 теңге кіріс алды. Шекті мөлшердің сақталуын тексеру үшін жалпы 750 000 теңге ескеріледі. 2026 жылы шекті мөлшер 1 297 500 теңгені (300 × 4 325 теңге) құрайды. http://adilet.zan.kz/rus/docs/K2500000214

    Сұрақ

    Жеке тұлға қай кезден бастап өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданушы болып танылады және ол үшін мемлекеттік кірістер органдарында тіркелу қажет пе?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 716-бабының 1-тармағына сәйкес жеке тұлғаның өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР таңдауы осы режимде арнаулы мобильді қосымша чектері қалыптастырылған айда, ал жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде төлем құжаттарында көрсетілген кезеңде танылады. 716-баптың 9-тармағының 3) тармақшасына сәйкес режимді қолданудың басталу күні – арнаулы мобильді қосымшаның алғашқы чегі қалыптастырылған күн немесе төлем құжаттарында көрсетілген кезең. 718-баптың 2-тармағына сәйкес белгіленген шарттар сақталған жағдайда режимді дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғалар қолданады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 қазандағы № 647 бұйрығымен бекітілген Қағидалардың 3-тармағында қосымшада авторландырудан өту, қызмет түрін және салық режимін таңдау көзделген. Осылайша, режим арнаулы мобильді қосымша арқылы таңдалады, ал оны қолданудың басталу күні алғашқы чек бойынша (заңда көзделген жағдайларда – төлем құжаттары бойынша) айқындалады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР таңдау үшін мемлекеттік кірістер органдарында бөлек тіркелу талап етілмейді. Дара кәсіпкер ретінде тіркелу де талап етілмейді. Мысалы: Жеке тұлға рұқсат етілген қызмет түрін және арнаулы мобильді қосымшада АСР таңдайды. Алғашқы чек 10 қазанда қалыптастырылады. Режимнің өзге шарттары сақталған жағдайда оны қолдану 10 қазаннан басталады; дара кәсіпкер ретінде тіркелу талап етілмейді. http://adilet.zan.kz/rus/docs/K2500000214

    Сұрақ

    Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам бір мезгілде бірнеше қызмет түрін жүзеге асыра ала ма және бұл ретте қандай шектеулер көзделген?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 718-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 994 қаулысымен бекітілген тізбедегі бір немесе бірнеше қызмет түрін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бірнеше қызмет түрін қатар жүзеге асырған кезде 718-баптың 2-тармағында көзделген барлық шарт сақталуға тиіс: қызмет түрлері осы режимді қолдану үшін рұқсат етілген тізбеге енгізілуі, жұмыскерлердің еңбегі пайдаланыл мауы, ал күнтізбелік айдағы кіріс 300 АЕК-тен аспауы қажет. Бұл шектеу әрбір ЭҚЖЖ коды бойынша жеке-жеке емес, режимді қолданатын жеке тұлғаға қатысты белгіленген. Мысалы: Азамат фотосуретке түсіру қызметтерін (ЭҚЖЖ 74200) және аударма қызметтерін (ЭҚЖЖ 74300) көрсетеді. Екі қызмет түрі де рұқсат етілген тізбеге сәйкес келуге тиіс; жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдалануға жол берілмейді, ал қызметтен алынатын кіріс күнтізбелік айда 300 АЕК-тен аспауға тиіс. http://adilet.zan.kz/rus/docs/K2500000214

    Сұрақ

    Егер таңдалған қызмет түрі (ЭҚЖЖ) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген тізбеде болмаса, не істеу керек?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 718-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, АСР қолдану үшін Үкімет бекіткен тізбедегі бір немесе бірнеше қызмет түрін жүзеге асыру қажет. Тізбе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 994 қаулысымен бекітілген. Нақты жүзеге асырылатын қызметті тізбеде көрсетілген рұқсат етілген қызмет түрінің сипаттамасымен және тізбеге берілген ескертпелермен салыстыру қажет. Егер қызмет тізбеге енгізілмесе, оған өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолдануға болмайды. Мұндай жағдайда дара кәсіпкер ретінде тіркелу және тиісті салық режимін таңдау мәселесін қарастыру қажет. Нақты қызметке сәйкес келмейтін ЭҚЖЖ кодын тек формалды түрде өзгертуге болмайды. Мысалы: 82990 ЭҚЖЖ коды № 994 қаулымен бекітілген тізбеге «интернет-платформа арқылы көрсетілетін қызметтер бойынша ғана» деген ескертпемен енгізілген. Бұл шарт сақталмаса, кодтың тізбеде болуы жеткіліксіз. http://adilet.zan.kz/rus/docs/K2500000214

    Статистика

    Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышы, мемлекет кепілгерліктері бойынша борыш (2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша)

    Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышы, мемлекет кепілгерліктері бойынша борыш (2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша)

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қабылданған заңнамалық актілердің іске асырылуы туралы 2026 жылғы 30 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің АҚПАРАТЫ

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қаржы министрлігі бизнеске арналған жаңа онлайн сервисті іске қосты

    Жарияланды:
    Хаттама

    Мемлекеттік қаржы жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысының № 5 хаттамасы

    Жарияланды:
    Бұйрық

    «Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 18 шілдедегі № 265 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    Жарияланды:
    Тізбе

    Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

    Жарияланды: