Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам бір мезгілде бірнеше қызмет түрін жүзеге асыра ала ма және бұл ретте қандай шектеулер көзделген?
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 718-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 994 қаулысымен бекітілген тізбедегі бір немесе бірнеше қызмет түрін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бірнеше қызмет түрін қатар жүзеге асырған кезде 718-баптың 2-тармағында көзделген барлық шарт сақталуға тиіс: қызмет түрлері осы режимді қолдану үшін рұқсат етілген тізбеге енгізілуі, жұмыскерлердің еңбегі пайдаланыл мауы, ал күнтізбелік айдағы кіріс 300 АЕК-тен аспауы қажет. Бұл шектеу әрбір ЭҚЖЖ коды бойынша жеке-жеке емес, режимді қолданатын жеке тұлғаға қатысты белгіленген.
Мысалы: Азамат фотосуретке түсіру қызметтерін (ЭҚЖЖ 74200) және аударма қызметтерін (ЭҚЖЖ 74300) көрсетеді. Екі қызмет түрі де рұқсат етілген тізбеге сәйкес келуге тиіс; жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдалануға жол берілмейді, ал қызметтен алынатын кіріс күнтізбелік айда 300 АЕК-тен аспауға тиіс.