Білім беру гранты бойынша оқудың барлық мерзімін емес, ішінара оқыған адамдар үшін жұмыспен өтеудің қысқартылған мерзімі көзделген бе ?
Иә, білім беру гранты бойынша оқудың барлық мерзімін емес, ішінара оқыған адамдар үшін мөлшерлес жұмыспен өтеу мерзімі белгіленген. Мәселен, Қағидалардың 9-тармағында осы Қағидалардың 3, 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтарында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтары ЖЖОКБҰ-ны немесе ДССҒҰ-ны бітіргеннен кейін осы Қағидалардың 3, 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген мерзім шегінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша олардың нақты оқу уақытына сәйкес:
1) ақылы негіздегі оқудан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауысқан;
2) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқудан ақылы негіздегі оқуға ауысқан;
3) ЖЖОКБҰ-дан немесе ДССҒҰ-дан оқудан шығарылып, ағымдағы немесе келесі оқу жылы ішінде кейіннен қайта оқуға қабылданған жағдайларда жұмыспен өтейді. Жұмыспен өтеу мерзімі мынадай формула бойынша есептеледі:
T = y / х * z,
мұндағы:
Т - айлардағы жұмыспен өтеу мерзімі, күндерге бөлшектенбейді (бұл ретте дөңгелектеу үлкен жағына қарай жүргізіледі);
y - мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқудың айлардағы нақты мерзімі, күндерге бөлшектенбейді (бұл ретте дөңгелектеу үлкен жағына қарай жүргізіледі);
x - ЖЖОКБҰ-да немесе ДССҒҰ-да оқудың айлардағы жалпы мерзімі (бұл ретте дөңгелектеу үлкен жағына қарай жүргізіледі);
z - осы Қағидалардың 3, 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтарында көрсетілген, бүкіл мерзім бойы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқып шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 36 айды (4-тармақта көрсетілген азаматтар үшін 24 ай) құрайтын жұмыспен өтеу мерзімі.
Мысалы: Жас маман ақылы негізде оқуға түсіп, бір жылдан (12 айдан) кейін бос білім беру грантының иегері атанды. Осылайша, ол мемлекеттік тапсырыс негізінде төрт жылдың (48 айдың) үш жылын (36 айын) оқыды. Тиісінше, Қағидалардың 9-тармағында келтірілген формулаға сәйкес, ол белгіленген 36 айдың 27 айын жұмыспен өтеуге тиіс.