Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамның кірісі белгіленген 300 АЕК мөлшеріндегі айлық шекті сақтау үшін қалай айқындалады?

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

    Сұрақ

    Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамның кірісі белгіленген 300 АЕК мөлшеріндегі айлық шекті сақтау үшін қалай айқындалады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 718-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес күнтізбелік айдағы кіріс тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 300 АЕК-тен аспауға тиіс. 719-баптың 2-тармағына сәйкес салық салу объектісі салықтық кезең ішінде рұқсат етілген қызмет түрлерінен алынған кіріс болып танылады; кірісті тану күні – өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу жүзеге асырылған күн, оның ішінде ақшаны немесе оның баламасын алу не төлеу күні. 719-баптың 3-тармағына сәйкес салықтық кезең – күнтізбелік ай. Бірнеше қызмет түрі жүзеге асырылған жағдайда осы айдағы жалпы кіріс ескеріледі. 719-баптың 2-тармағына сәйкес кірістер есебі жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде қызмет жүзеге асырудың заңнамада көзделген жағдайларын қоспағанда, чектер мен кірістер туралы өзге де мәліметтер негізінде арнаулы мобильді қосымшада қалыптастырылатын кірістер тізілімінде жүргізіледі. Салық кодексінің 716-бабының 11-тармағына сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолдануға мүмкіндік бермейтін мән-жайлар туындаған кезде бес жұмыс күні ішінде дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама ұсыну қажет; егер мәміле нәтижесінде кірістің шекті мөлшері асып кететін болса, хабарлама осындай мәміле бойынша кіріс алынғанға дейін ұсынылады.


    Мысалы: Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам бір айда фотосуретке түсіруден 450 000 теңге және аударма қызметтерінен 300 000 теңге кіріс алды. Шекті мөлшердің сақталуын тексеру үшін жалпы 750 000 теңге ескеріледі. 2026 жылы шекті мөлшер 1 297 500 теңгені (300 × 4 325 теңге) құрайды.

    http://adilet.zan.kz/rus/docs/K2500000214

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Білім беру гранты бойынша оқудың барлық мерзімін емес, ішінара оқыған адамдар үшін жұмыспен өтеудің қысқартылған мерзімі көзделген бе ?

    Жауап

    Иә, білім беру гранты бойынша оқудың барлық мерзімін емес, ішінара оқыған адамдар үшін мөлшерлес жұмыспен өтеу мерзімі белгіленген. Мәселен, Қағидалардың 9-тармағында осы Қағидалардың 3, 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтарында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтары ЖЖОКБҰ-ны не...

    Сұрақ

    Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) уәкілетті органның жанындағы Апелляциялық комиссияға қалай шағым жасауға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына сәйкес ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым жасауды ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкі...

    Сұрақ

    Жеке тұлға қай кезден бастап өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданушы болып танылады және ол үшін мемлекеттік кірістер органдарында тіркелу қажет пе?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 716-бабының 1-тармағына сәйкес жеке тұлғаның өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР таңдауы осы режимде арнаулы мобильді қосымша чектері қалыптастырылған айда, ал жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде төлем құ...

    Сұрақ

    Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам бір мезгілде бірнеше қызмет түрін жүзеге асыра ала ма және бұл ретте қандай шектеулер көзделген?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 718-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 994 қаулысымен бекітілген тізбедегі бір немесе бірнеше қызмет түрін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бірнеше қызмет түрін қатар жүзеге асырған...

    Сұрақ

    Егер таңдалған қызмет түрі (ЭҚЖЖ) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген тізбеде болмаса, не істеу керек?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 718-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, АСР қолдану үшін Үкімет бекіткен тізбедегі бір немесе бірнеше қызмет түрін жүзеге асыру қажет. Тізбе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 994 қаулысымен бекітілген. Нақты...

    Сұрақ

    Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін еңбек шарты бойынша жұмыспен қатар қолдануға бола ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 718-бабының 2-тармағына сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам деп дара кәсіпкер болып табылмайтын, рұқсат етілген қызмет түрін жүзеге асыратын, жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын және күнтізбелік айда 300 АЕК-тен аспайтын кіріс алатын Қ...

    Сұрақ

    2026 жылы 851.00 нысанын тапсыру мерзімі қашан?

    Жауап

    Салық кодексінің 624-бабы 3-тармағына сәйкес уақытша өтеусіз жер пайдалану туралы шарт жасасқан немесе есепті салық кезеңінің 20 ақпанынан кейін қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия алған тұлғалар ағымдағы төлемдер сомасының есебін шарт жасасқан немесе лицен...

    Сұрақ

    Кім жер участкелерін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер болып табылады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 618-бабының 1-тармағына сәйкес мыналар: жерді пайдалануға уақытша өтеусіз жер учаскесін; қатты пайдалы қазыналарды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде жер қойнауы учаскесін алған тұлғалар төлемақ...