Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін еңбек шарты бойынша жұмыспен қатар қолдануға бола ма?
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 718-бабының 2-тармағына сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам деп дара кәсіпкер болып табылмайтын, рұқсат етілген қызмет түрін жүзеге асыратын, жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын және күнтізбелік айда 300 АЕК-тен аспайтын кіріс алатын Қазақстан Республикасының азаматы немесе қандас жеке тұлға танылады. Бұл ретте еңбек шартының болуы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға кедергі келтірмейді. Аталған шарттардың ішінде еңбек шарты бойынша жұмыс істеуге тыйым салу көзделмеген.
Салық кодексінің 719-бабының 2-тармағына сәйкес осы арнаулы салық режимі бойынша салық салу объектісі осы режим шеңберінде рұқсат етілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған кіріс болып табылады. Демек, еңбек шарты бойынша жалақы түрінде алынған кіріс аталған салық салу объектісіне кірмейді.
Мысалы: Азамат еңбек шарты бойынша жұмыс істейді және қосымша аударма қызметтерін көрсетеді (ЭҚЖЖ 74300). Салық кодексінің 718-бабының 2-тармағында көзделген шарттар сақталған жағдайда аударма қызметінен алынған кіріске өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР шеңберінде салық салынады.