Қаржы министрлігі мен аудиторлар қауымдастығы аудиторлық қызметтегі цифрландыру барысын талқылады

    ҚР Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысовтың төрағалығымен кәсіби аудиторлар қауымдастық өкілдерімен кездесу өтті. Аталған басқосуға ҚР Құрылтай депутаты Екатерина Смышляева қатысты.

    Оның барысында министрлікке қарасты «Қаржылық есеп депозитарийі» ақпарат жүйесіндегі аудиторлық есептерді қалыптастыру мәселелері қаралды. Биыл 12 шілдеден бастап «Аудиторлық қызмет туралы» Заңда ( 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 256-VIII Заңға сәйкес енгізілген) қарастырылған өзгерістер күшіне енген болатын. Аудиторларға Қаржылық есепт депозитарийінде электронды аудиторлық есепті қалыптастыруға және тіркеуге мүмкіндік берілді. Ал жазбаша түрде жасалған есеп дайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде депозитарийде тіркелуге тиіс.

    Бұл ретте тиісті есеп тікелей Қаржылық есеп депозитарийінде қалыптастырылған кезде оның қағаз түріндегі данасы кейіннен сканерлеп, электронды есеп ретінде жеке тіркеуге талап етілмейтінін атап өткен жөн. Осы арқылы құжатты рәсімдеу мен ұсыну кезіндегі операциялардың саны азаяды. Десе де есепті жазбаша түрде жасау мүмкіндігі сақталады.

    Цифрландыру аудиторлық есептердің дәйектілігі мен өзектілігін қамтамасыз етуге, деректерді жүйелеуге және сенімсіз мәліметтерді ұсынуға байланысты, оның ішінде мемлекеттік сатып алуға қатысу кезіндегі тәуекелдерді азайтуға бағытталған.

    Бұдан бөлек кездесуде ҚЕД жұмыс істеу мен ақпарат құпиялығын қамтамасыз етудің практикалық мәселелері қаралды. Тараптар пікір алысып, одан әрі пысықтауды талап ететін мәселелерді анықтады.

    Государственный орган кәсіби ортамен бірлесіп, аудиторлық қызметті реттеу мен цифрландыруды жетілдіруге бағытталған жұмысты жалғастыратын болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі" жаңалықтары