Астанада Finance Chess Cup — 2026 шахмат турнирінің финалдық кезеңі басталды

    1 / 28

    30 қазанда Астанада Ұлттық валюта күніне орайластырылған Finance Chess Cup — 2026 салалық шахмат турнирінің финалдық кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Финалға мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының және квазимемлекеттік сектор ұйымдарының 150 өкілінен құралған 50 команда қатысуда.

    Турнир екінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Оның ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан шахмат федерациясы.

    Биыл жарысқа алғаш рет Жоғары аудиторлық палата, Ұлттық Банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және Ұлттық экономика министрлігінің командалары қосылды.

    Ашылу салтанатында қатысушыларға Қаржы министрлігі Аппаратының басшысы Эрнар Ержанов пен Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Марат Есенов құттықтау сөз сөйледі.

    Эрнар Ержанов қатысушыларды финалға шығуымен құттықтап, Федерацияға, төрешілер мен ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Ол турнирдің әртүрлі өңірлердегі әріптестерді біріктіріп, өзара достық байланыстарды нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ алдағы уақытта жарысқа жаңа командалар да қосылып, бұл бастама дәстүрге айналатынына сенім білдірді.

    Турнирге Қаржы министрлігінің комитеттері мен аумақтық органдары, қаржы ұйымдары және квазимемлекеттік сектор компаниялары да қатысуда.

    Жарыс командалық форматта өтуде. Әр команданың құрамында екі ер адам және бір әйел бар. Ойындар швейцариялық жүйе бойынша тоғыз турдан тұрады.

    Турнир екі күнге созылады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 31 қазанда анықталады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі" жаңалықтары