Құрылым — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі құрылымы: ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдар.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті орталық атқарушы органның құзыреті шегінде республикалық бюджеттің атқарылуы мен жергілікті бюджеттердің атқарылуына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына қызмет көрсету саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті орталық атқару органының құзыреті шегінде кеден ісі саласындағы реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын, салықтардың, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарнасын есептеуді, ұстауды, аударуды, әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті
орталық атқарушы органның құзыреті шегінде республикалық мүлікті басқару, республикалық мүлікке мемлекет құқықтарын, жекешелендіруді іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыру; "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіІшкі мемлекеттік аудиткомитеті орталық атқарушы органның құзыреті шегінде ішкімемлекеттік аудит жәнеқаржылық бақылау,мемлекеттік сатып алу,мемлекеттік мүлік,аудиторлық қызмет, бухгалтерік есеп пен қаржылық есептілік саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.