Қызметкерлер — Хромтау ауданының мәслихаты

    Хромтау ауданының мәслихаты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басқа қызметкерлер

    16
    Утесинов Казбек Адайбекович
    Мәслихат депутат

    Утесинов Казбек Адайбекович

    Хромтау аудандық мәслихатының депутаты

    Мен, Өтесінов Қазбек Адайбекұлы, 1981 жылы 5 желтоқсанда Ақтөбе қаласында дүниеге келдім. 1989-1999 жж. М.Арын атындағы қазақ орта мектебінде оқыдым. 1999-2003 жж. Алматы экономика және статистика институтында оқып, «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығына ие болдым. 2003-2004 жж. ҚР Қорғаныс министрлігінің Қарулы күштерінің қатарында әскери борышымды өтедім. Еңбек жолын 2004 жылы Ақтөбе қаласында «Алтын Астық» ЖШС диірменінде қойма меңгерушісі қызметінен бастадым. 2006-2007 жж. Ақтөбе облысының сот әкімшілігінде материалдық техникалық жабдықтау бөлімінде маман болып жасадым. 2007-2009 жж. «Агро-Трейд ЛТД» ЖШС-де экспорт және логистика менеджері болып жұмыс істедім. 2009-2011 жж. «Каз Интер Строй» ЖШС-де директор қызметін атқардым. 2011-2019 жж. «Батыс Реал Агро» ЖШС-де директор қызметінде болдым. 2019-2020 жж. «АКМЭЗ» ЖШС-де директордың орынбасары болып жұмыс істедім. 2020 жылдың ақпан айынан бастап «АКМЭЗ» ЖШС-де директор болып жасаймын. Отбасылымын, үш бала тәрбиелеудемін.

    Мулдашева Багдашжан Кадыржановна
    Мәслихат депутат

    Мулдашева Багдашжан Кадыржановна

    Хромтау аудандық мәслихатының депутаты

    Мен, Молдашева Бағдашжан Қадыржанқызы, 1969 жылдың 27 сәуірінде Ақтөбе облысы, Новоресей ауданы (қазіргі Хромтау), Хромтау қаласында дүниеге келдім. 1976 жылы №2 Хромтау орта мектебінің табалдырығын аттап, 1986 жылы мектепті үздік тәмамдадым. 1991 жылы Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетіне түсіп, 1995 жылы бітірдім. Сақтаған Бәйішев атындағы университетін «Тарих, құқық және экономика» негіздерінің бакалавры біліктілігі мен академиялық дәрежесімен 2006 жылы аяқтадым. Еңбек жолымды 1986 жылы 21 тамызда №2 Хромтау орта мектебінде пионер жетекшісі ретінде бастағанмын. Кейін 1989 жылы Хромтау қаласының Аудандық пионерлер үйі үйірмесінің басшысы ретінде тағайындалдым. 1990 жылы №2 Хромтау орта мектебіне бастауыш сынып оқушыларының ұйымдастырушысы ретінде қабылдандым. 1992 жылы Хромтау ауданы Кредиковка (қазіргі Аққұдық) ауылында Кредиковка орта мектебінің география пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналастым. 1994 жылы №2 Хромтау орта мектебінде тарих пәнінің оқытушысы ретінде қабылдандым. 2000 жылы №4 Хромтау кәсіптік лицейінде тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалдым. 2003 жылдан бастап №4 Хромтау кәсіптік лицейінің (2019 жылдан бастап «Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі») директоры қызметін атқарып келемін. Отбасылық жағдайым: тұрмыстамын, екі бала және үш немере тәрбиелеудемін. Педагогика ғылымдарының кандидатымын, «Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының» корреспондент-мүшесі, еуропалық жоғары педагогика мектебінің құрметті профессоры және Хромтау аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі, Ақтөбе облысының директорлар кеңесінің төрайымы қызметін атқарып келемін.

    Избастин Елман Сержанович
    Мәслихат депутат

    Избастин Елман Сержанович

    Хромтау аудандық мәслихатының депутаты

    Мен, Ізбастин Елман Сержанұлы, 1975 жылы 18 тамыз Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қаратоғай ауылында дүниеге келдім. 1995 жылы Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін тау-кен саласы бойынша тәмамдадым. 1992-1994 жылдар аралығында «ҚАЗХРОМ» ТҰК АҚ филиалы Дөң тау-кен байыту комбинатының энергия цехында электр дәнекерлеуші болып еңбек еттім. 2000-2007 жылдары Көлік инспекциясының маманы болып жұмыс жасадым. 2008 жылы «Байлық Петролеум» ЖШС-де инжинер-құрылысшы болдым. 2008-2012 жылдар аралығында «Али–Жас және К» ЖШС-де жеткізуші ретінде жұмыс істедім. 2012-2015 жж. «Али–Жас және К» ЖШС-де директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымын атқардым. 2015 жылдан бастап «Хромтау Строй Мастер» ЖШС директоры болып жұмыс жасап келемін.

    Жаналин Улан Мубаракович
    Мәслихат депутат

    Жаналин Улан Мубаракович

    Хромтау аудандық мәслихатының депутаты

    Мен, Жаналин Ұлан Мүбаракұлы, 1986 жылдың 15 желтоқсанында Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Аққұдық елді мекенінде дүниеге келдім. 1993 - 2002 жылдар аралығында Көктөбе негізгі мектебінде (Қарабаз ауылы) білім алдым. 2002 - 2004 жылдар аралығында Аққұдық орта мектебінде білім алдым. 2004-2008 жылдары Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Экономика» факультетінде оқып, «Қаржы» мамандығын иелендім. Еңбек жолымды 2007 жылы Хромтау қаласындағы «Банк Центркредит» АҚ-да несие менеджері ретінде бастадым. 2011 жылы «Сбербанк» ЕБ АҚ несие менеджері болып жұмысымды жалғастырдым. 2012 жылы «Еуразиялық банк» АҚ Хромтау филиалында аға қаржы кеңесшісі болып жұмыс жасадым. 2014 - 2017 жылдар аралығында аталған банктің Ақтөбе филиалының №306 бөлімшесінде бөлімше басшысы қызметін атқардым. 2017 - 2018 жылдары Хромтау қаласындағы «БЖЗҚ» АҚ бөлімше басшысы болып жұмыс істедім. 2018 - 2020 жылдары Бөгетсай ауылдық округінің әкімі қызметін атқардым. 2020 жылдың маусым айынан 2020 жылдың қыркүйек айына дейін «Хромтау қаласы әкімдігі» ММ аппарат басшысы лауазымында болдым. 2020 - 2021 жылдары «Хромтау ауданы әкімдігі» ММ Жұмыспен қамту бөлімінің басшысы болып еңбек еттім. 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Атамекен» ӨКП Хромтау филиалының директоры қызметін атқарудамын. Отбасылымын, үш бала тәрбиелеудемін.

    Сергазин Максат Кайратович
    Мәслихат депутат

    Сергазин Максат Кайратович

    Хромтау аудандық мәслихатының депутаты

    Мен, Серғазин Мақсат Қайратұлы, 1978 жылы 22 қарашада Ақтөбе облысы Хромтау қаласында дүниеге келдім. 1996 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтына оқуға түстім. 2003 жылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында «Акушерлік және гинекология» мамандығы бойынша интернатураны бітірдім.

    Егизбаев Асылбек Кенесович
    Мәслихат депутат

    Егизбаев Асылбек Кенесович

    Хромтау аудандық мәслихатының депутаты

    Мен, Егізбаев Асылбек Кеңесұлы, 1962 жылы 4 желтоқсанда Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Аққұдық ауылында дүниеге келдім. 1970-1980 жылдары Дөң ауылындағы орта мектепте білім алдым. 1980 жылы еңбек жолымды Дөң тау-кен байыту комбинатынан бастадым. 1981-1983 жылдар аралығында Кеңес әскерінің қатарында Отан алдындағы борышымды өтедім. 1983-2003 жылдары «Қазхром» ТҰК АҚ филиалы Дөң тау-кен байыту комбинатында еңбек еттім. 2003 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысып келемін. Ақтөбе ауыл шаруашылығы колледжінің сырттай оқу бөлімінде оқып, «Инженер-механик» мамамандығын иелендім. Үйленгенмін, 5 балам бар.

    Сағынбай Фархад Сүлейменұлы
    Мәслихат депутат

    Сағынбай Фархад Сүлейменұлы

    Хромтау аудандық мәслихатының депутаты

    Мен, Сағынбай Фархад Сүлейменұлы, 1995 жылы 13 мамырда Ақтөбе облысы, Хромтау ауданында дүниеге келдім. 2011 жылы №5 мектеп-гимназиясын бітірдім. 2011-2014 жылдары Хромтау тау-кен техникалық колледжіне арнаулы орта білім алдым. 2014 жылдан бері «Қазхром» ТҰК АҚ филиалы Дөң тау-кен байыту комбинатында жұмыс жасаймын. Осы жылдарға дейін Хромтау ауданының ерікті жастарының қатарынан табылып, аудандағы ірі іс-шаралардың ұйымдастыру жұмыстарына белсене қатыстым әрі жастар саясатын қолдап, жастар ресурстық орталығында ерікті жас ретінде қызмет атқардым. 2017 жылы «Қаһарман» қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып сайландым. Аудан жастары арасында жоғары деңгейдегі танымдық, мазмұнды, мерекелік іс-шаралар, тренингтер және форумдар ұйымдастырдым. Сонымен қатар, Дөң тау-кен байыту комбинатындағы іс-шараларға белсенді қатысамын. Ақтөбе облысы бойынша «Жұмысшы жас» марапатына ие болдым. 2020 жылы Хромтау аудандық «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы болып сайландым. Дөң тау-кен байыту комбинатының жастар кеңесінің волонтерлық жұмысын атқарудамын. «Жастар рухы» жастар қанаты мен «Қаһарман» қоғамдық бірлестігіне мүшелік ететін жастардың қоғамдық жұмыстарын арттыруға және рухани тәрбиелік мәні бар бастамаларға ат салысып, жол бастап келемін. Қазіргі таңда Ақтөбе облысының волонтерлық кеңесінің мүшесімін. Аудандық, облыстық, республикалық алғыс хаттарға және ең үздік жас ретінде Алтын кітап пен Алтын төсбелгіні иелендім.

    Кошелева Светлана Николаевна
    Мәслихат депутат

    Кошелева Светлана Николаевна

    Хромтау аудандық мәслихатының депутаты

    Мен, Кошелева Светлана Николаевна, 1962 жылы 11 желтоқсанда Орынбор облысының Орск қаласында дүниеге келдім. 1978 жылы Ақтөбе қаласындағы №15 мектепті бітірдім. 1981 жылы Ақтөбе қаласындағы «Азық-түлік және өнеркәсіп тауарларының тауартанушысы» мамандығы бойынша кооператив техникумын тәмамдадым. 1981 жылы тұрмысқа шығып, Дөң тау-кен байыту комбинатының жұмысшыларды жабдықтау бөліміне жұмысқа орналастым. 1990 жылы Қайта құруға байланысты кәсіби қызметімді аяқтадым. 1991 жылдан бастап Хромтау қаласында жеке кәсіпкерлікпен айналыса бастадым. 4-сыныптан бастап шаңғы жарысы, жеңіл атлетика, ату секілді спорт түрлерімен шұғылдана бастадым. Биатлоннан спорт шеберіне үміткер санаты бар. Қалалық, аудандық, облыстық және республикалық жарыстарда жеңіске жеттім. 3 балам және 6 немерем бар. Кәсіпкерлікпен айналысқаныма – 32 жыл. Қазіргі уақытта жеке гүл бизнесім бар.

    Ибатов Малик Утегалиевич
    Мәслихат депутат

    Ибатов Малик Утегалиевич

    Хромтау аудандық мәслихатының депутаты

    Мен, Ибатов Мәлік Өтеғалиұлы, 1965 жылы 19 сәуірде Ақтөбе қаласында дүниеге келдім. 1972-1982 жылдары №2 Хромтау орта мектебінде оқыдым. 1983-1985 жылдары Кеңес әскерінің қатарында борышымды өтедім. 1992 жылы Орынбор политехникалық институтын аяқтап, «инженер-электрик» мамандығы бойынша жоғары білім алдым. 1985 жылдан 2017 жылға дейін Хромтау қаласындағы Дөң тау-кен байыту комбинатында автоматтандыру және байланыс бөлімінің басшысы қызметін атқардым. 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Восход-Oriel» ЖШС-де жылумен, сумен жабдықтау және су тазарту құрылыстары бөлімінің басшысы қызметін атқарудамын. Отбасылық жағдайым: үйленгенмін, екі балам бар.

    Уразимбетов Серик Нитуллаевич
    Мәслихат депутат

    Уразимбетов Серик Нитуллаевич

    Хромтау аудандық мәслихатының депутаты

    Мен, Оразымбетов Серік Ниетуллаұлы, 1966 жылы 15 тамызда Ақтөбе облысы Новоресей (қазіргі Хромтау) ауданы Хромтау қаласында дүниеге келдім. Ата-анам Құдықсай ауылында тұрған, әкем – шопан болған. Отбасымызда кіндіктен жалғызбын. Хромтау қаласындағы №1 орта мектепте 10 жылдық білім алдым. 1982-1983 жылдары Мемлекеттік политехникалық университетте дәнекерлеуші мамандығы бойынша білім алдым. Еңбек жолымды 1985 жылы Дөң тау-кен байыту комбинатының «Молодежная» шахтасында дәнекерлеуші болып бастап, 1998 жылға дейін еңбек еттім. 2018 жылы «Алтын асық» бағдарламасы арқылы 1000 бас қой алып, Хромтау ауданы Дөң ауылдық округіне қарасты Оңғар ауылынан «Данияр» шаруа қожалығын аштым. Сонымен қатар 3 мың га жерге егін егемін, 25 адамды жұмыспен қамтып отырмын. Үйленгенмін, 3 балам бар.

    Дуйсенбаев Жаслан Сагынтаевич
    Мәслихат депутат

    Дуйсенбаев Жаслан Сагынтаевич

    Хромтау аудандық мәслихатының депутаты

    1976 жылы 3 қаңтарда Ақтөбе облысы, Новоресей (қазіргі Хромтау) ауданында Новоресей ауылында (қазіргі Ақжар) туған. 1982-1992 жылдары аралығында Новоресей орта мектебінде орта білім алған. 1992-1996 жылдары Ақтөбе электр және байланыс колледжінде оқып, байланыс технигі мамандығын алып шыққан. 2004-2007 жылы Орск индустриялды коллежджінде өңдеуші мамандығы бойынша білім алып, одан әрі Ақтөбе қаласындағы С.Бәйішев атындағы университетін тау-кен ісі мамандығы бойынша тәмамдаған. 1996-2006 жылдары «Қазхром» ТҰК АҚ-да слесарь қызметінде болды. 2006-2008 жылдары «АМК» ЖШС-де учаске басшысы, қазіргі танда «АМК» ЖШС-де бас инженер болып қызмет етуде. 2022 жылы ерең еңбегі үшін ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды. Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп отыр.

    Олжабаев Асхат Уларбекович
    Мәслихат депутат

    Олжабаев Асхат Уларбекович

    Хромтау аудандық мәслихатының депутаты

    Олжабаев Асхат Ұларбекұлы 1987 жылы 18 шілдеде Алматы облысы Жамбыл ауданы, Ұзынағаш аулында дүниеге келді. 2007 жылы Қазақ қатынас жолдары университеті жанындағы техникалық-экономикалық колледжін «Көтергіш-көліктік, құрылыс жол көліктері мен жабдықтарды пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша (Алматы қ.) тәмамдады. 2010 жылы — Қазақ қатынас жолдары университетін (Алматы қ.) «Көлік, көліктік техника және технология» мамандығы бойынша аяқтады. 2011 жылы — Қазақ қатынас жолдары университетінде (Алматы қ.) «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша Магистратураны бітірді. 2017 жылы «Алматы Менеджмент Университетінде» «Көшбасшылық және менеджердің тәжірибелік дағдылары» мамандығы бойынша МВА бағдарламасын бітірді. 2022 жылы Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінде «Тау-кен электр механигі» мамандығы бойынша білім алды. Дөң тау-кен байыту комбинатындағы жұмыс өтілі — 10 жыл. Еңбек жолын 2013 жылы Дөң тау-кен байыту комбинатының «Молодежная» шахтасында слесарь шәкірті және жабдықты жөндеу жөніндегі кезекші болып бастады. 2014 жылы кезекші және 3-разрядты жөндеу жөніндегі слесарь болып жұмыс істеді, тамыз айында №1 жөндеу цехінің өндірісті дайындау жөніндегі инженері болып тағайындалды. 2015 жылы еңбекті қорғау бөліміне маман болып ауысты. Бір жылдан кейін жастармен жұмыс істеу жөніндегі менеджер болып тағайындалды. 2017 жылы №1 жөндеу цехінің өндірісті дайындау жөніндегі менеджері, кейін техникалық қызмет көрсету және жөндеуді жоспарлау жөніндегі инженер, учаске механигі болып тағайындалды. Ал 2020 жылы №1 жөндеу цехі бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. 2022 жылдың шілдесінен бері Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы шахтаның екінші кезегін салу жөніндегі жобаның бас механигі болып жұмыс істейді. Отбасылық жағдайы: үйленген, екі баласы бар. Асхат Олжабаев ММА аралас жекпе-жек спорт түрінен шебер атануға үміткер. 2022 жылғы Триатлоннан Қазақстан Чемпионатының (жүзу, велосипед және жүгіру) TEMIRADAM кубогінің күміс жүлдегері.

    Болатов Эльмурат Болатович
    Мәслихатының төрағасы

    Болатов Эльмурат Болатович

    Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы

    Болатов Елмұрат Болатұлы, 1985 жылы 22 сәуірде Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Бөгетсай аулында дүниеге келдім. 1991-2002 жылдар аралығында Бөгетсай орта мектебінде білім алдым. 2002 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетіне «Психология» мамандығына түсіп, грант иесі болдым. 2007 жылы жоғары оқу орнын үздік аттестатпен тәмамдадым.