Сағынбай Фархад Сүлейменұлы

    Хромтау аудандық мәслихатының депутаты

    Сағынбай Фархад Сүлейменұлы
    Депутат маслихата

    Сағынбай Фархад Сүлейменұлы

    Хромтау аудандық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Мен, Сағынбай Фархад Сүлейменұлы, 1995 жылы 13 мамырда Ақтөбе облысы, Хромтау ауданында дүниеге келдім.

    2011 жылы №5 мектеп-гимназиясын бітірдім.

    2011-2014 жылдары Хромтау тау-кен техникалық колледжіне арнаулы орта білім алдым.

    2014 жылдан бері «Қазхром» ТҰК АҚ филиалы Дөң тау-кен байыту комбинатында жұмыс жасаймын.

    Осы жылдарға дейін Хромтау ауданының ерікті жастарының қатарынан табылып, аудандағы ірі іс-шаралардың ұйымдастыру жұмыстарына белсене қатыстым әрі жастар саясатын қолдап, жастар ресурстық орталығында ерікті жас ретінде қызмет атқардым.

    2017 жылы «Қаһарман» қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып сайландым.

    Аудан жастары арасында жоғары деңгейдегі танымдық, мазмұнды, мерекелік іс-шаралар, тренингтер және форумдар ұйымдастырдым.

    Сонымен қатар, Дөң тау-кен байыту комбинатындағы іс-шараларға белсенді қатысамын.

    Ақтөбе облысы бойынша «Жұмысшы жас» марапатына ие болдым.

    2020 жылы Хромтау аудандық «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы болып сайландым.

    Дөң тау-кен байыту комбинатының жастар кеңесінің волонтерлық жұмысын атқарудамын.

    «Жастар рухы» жастар қанаты мен «Қаһарман» қоғамдық бірлестігіне мүшелік ететін жастардың қоғамдық жұмыстарын арттыруға және рухани тәрбиелік мәні бар бастамаларға ат салысып, жол бастап келемін.

    Қазіргі таңда Ақтөбе облысының волонтерлық кеңесінің мүшесімін. Аудандық, облыстық, республикалық алғыс хаттарға және ең үздік жас ретінде Алтын кітап пен Алтын төсбелгіні иелендім.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері