
Жаналин Улан Мубаракович
Хромтау аудандық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Мен, Жаналин Ұлан Мүбаракұлы, 1986 жылдың 15 желтоқсанында Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Аққұдық елді мекенінде дүниеге келдім.
1993 - 2002 жылдар аралығында Көктөбе негізгі мектебінде (Қарабаз ауылы) білім алдым.
2002 - 2004 жылдар аралығында Аққұдық орта мектебінде білім алдым.
2004-2008 жылдары Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Экономика» факультетінде оқып, «Қаржы» мамандығын иелендім.
Еңбек жолымды 2007 жылы Хромтау қаласындағы «Банк Центркредит» АҚ-да несие менеджері ретінде бастадым.
2011 жылы «Сбербанк» ЕБ АҚ несие менеджері болып жұмысымды жалғастырдым.
2012 жылы «Еуразиялық банк» АҚ Хромтау филиалында аға қаржы кеңесшісі болып жұмыс жасадым.
2014 - 2017 жылдар аралығында аталған банктің Ақтөбе филиалының №306 бөлімшесінде бөлімше басшысы қызметін атқардым.
2017 - 2018 жылдары Хромтау қаласындағы «БЖЗҚ» АҚ бөлімше басшысы болып жұмыс істедім.
2018 - 2020 жылдары Бөгетсай ауылдық округінің әкімі қызметін атқардым.
2020 жылдың маусым айынан 2020 жылдың қыркүйек айына дейін «Хромтау қаласы әкімдігі» ММ аппарат басшысы лауазымында болдым.
2020 - 2021 жылдары «Хромтау ауданы әкімдігі» ММ Жұмыспен қамту бөлімінің басшысы болып еңбек еттім.
2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Атамекен» ӨКП Хромтау филиалының директоры қызметін атқарудамын.
Отбасылымын, үш бала тәрбиелеудемін.





