
Дуйсенбаев Жаслан Сагынтаевич
Хромтау аудандық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
1976 жылы 3 қаңтарда Ақтөбе облысы, Новоресей (қазіргі Хромтау) ауданында Новоресей ауылында (қазіргі Ақжар) туған.
1982-1992 жылдары аралығында Новоресей орта мектебінде орта білім алған.
1992-1996 жылдары Ақтөбе электр және байланыс колледжінде оқып, байланыс технигі мамандығын алып шыққан.
2004-2007 жылы Орск индустриялды коллежджінде өңдеуші мамандығы бойынша білім алып, одан әрі Ақтөбе қаласындағы С.Бәйішев атындағы университетін тау-кен ісі мамандығы бойынша тәмамдаған.
1996-2006 жылдары «Қазхром» ТҰК АҚ-да слесарь қызметінде болды.
2006-2008 жылдары «АМК» ЖШС-де учаске басшысы, қазіргі танда «АМК» ЖШС-де бас инженер болып қызмет етуде.
2022 жылы ерең еңбегі үшін ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды.
Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп отыр.





