
Болатов Эльмурат Болатович
Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
Мен, Болатов Елмұрат Болатұлы, 1985 жылы 22 сәуірде Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Бөгетсай аулында дүниеге келдім.
1991-2002 жылдар аралығында Бөгетсай орта мектебінде білім алдым.
2002 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетіне «Психология» мамандығына түсіп, грант иесі болдым. 2007 жылы жоғары оқу орнын үздік аттестатпен тәмамдадым.
Еңбек жолын 2007 жылы Бөгетсай орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, психолог ретінде бастадым.
2009-2013 жж. Хромтау аудандық білім бөлімінде әдіскер болып жұмыс атқардым.
2013-2017 жж. Көктау аулындағы «Нұрлы көш» орта мектебінің директоры қызметін атқардым.
2017-2018 жж. Көктау ауылдық округінің әкімі лауазымында еңбек еттім.
2018-2020 жж. Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болдым.
2020-2022 жж. Хромтау аудандық білім бөлімінің басшысы ретінде қызмет еттім.
2022 жылдың қараша айынан осы күнге дейін Хромтау аудандық «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысы болып жұмыс жасап келемін.
Еңбек жолында әртүрлі марапаттарға ие болдым:
2012 ж – Жастардың дене тәрбиесіне қосқан үлесі және жас спортшылар дайындаудағы еңбегі үшін «Құрмет грамотасы»;
2014 ж – Шәкірттерді ұлттық тәрбиеге баулуда және «Қазақстан патриоты» журналын насихаттауға қосқан зор үлесі үшін «Алғыс хат»;
2015 ж – Білім берудегі зор үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы»;
2017 ж – ҚР таза табиғатты қолдаудағы шаралар өткізгені үшін «Құрмет грамотасы»;
2020 ж – Хромтау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша үлес қосқаны үшін «Төс белгі»;
2020 ж – Хромтау ауданында қауіпсіздік шараларының жүзеге асырылуына белсенділік танытқаны үшін «Алғыс хат».