Мулдашева Багдашжан Кадыржановна

    Хромтау аудандық мәслихатының депутаты

    Мулдашева Багдашжан Кадыржановна
    Депутат маслихата

    Мулдашева Багдашжан Кадыржановна

    Хромтау аудандық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Мен, Молдашева Бағдашжан Қадыржанқызы, 1969 жылдың 27 сәуірінде Ақтөбе облысы, Новоресей ауданы (қазіргі Хромтау), Хромтау қаласында дүниеге келдім.

    1976 жылы №2 Хромтау орта мектебінің табалдырығын аттап, 1986 жылы мектепті үздік тәмамдадым. 1991 жылы Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетіне түсіп, 1995 жылы бітірдім. Сақтаған Бәйішев атындағы университетін «Тарих, құқық және экономика» негіздерінің бакалавры біліктілігі мен академиялық дәрежесімен 2006 жылы аяқтадым.

    Еңбек жолымды 1986 жылы 21 тамызда №2 Хромтау орта мектебінде пионер жетекшісі ретінде бастағанмын. Кейін 1989 жылы Хромтау қаласының Аудандық пионерлер үйі үйірмесінің басшысы ретінде тағайындалдым. 1990 жылы №2 Хромтау орта мектебіне бастауыш сынып оқушыларының ұйымдастырушысы ретінде қабылдандым. 1992 жылы Хромтау ауданы Кредиковка (қазіргі Аққұдық) ауылында Кредиковка орта мектебінің география пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналастым. 1994 жылы №2 Хромтау орта мектебінде тарих пәнінің оқытушысы ретінде қабылдандым. 2000 жылы №4 Хромтау кәсіптік лицейінде тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалдым. 2003 жылдан бастап №4 Хромтау кәсіптік лицейінің (2019 жылдан бастап «Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі») директоры қызметін атқарып келемін.

    Отбасылық жағдайым: тұрмыстамын, екі бала және үш немере тәрбиелеудемін.

    Педагогика ғылымдарының кандидатымын, «Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының» корреспондент-мүшесі, еуропалық жоғары педагогика мектебінің құрметті профессоры және Хромтау аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі, Ақтөбе облысының директорлар кеңесінің төрайымы қызметін атқарып келемін.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері