
Уразимбетов Серик Нитуллаевич
Хромтау аудандық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Мен, Оразымбетов Серік Ниетуллаұлы, 1966 жылы 15 тамызда Ақтөбе облысы Новоресей (қазіргі Хромтау) ауданы Хромтау қаласында дүниеге келдім. Ата-анам Құдықсай ауылында тұрған, әкем – шопан болған. Отбасымызда кіндіктен жалғызбын.
Хромтау қаласындағы №1 орта мектепте 10 жылдық білім алдым.
1982-1983 жылдары Мемлекеттік политехникалық университетте дәнекерлеуші мамандығы бойынша білім алдым.
Еңбек жолымды 1985 жылы Дөң тау-кен байыту комбинатының «Молодежная» шахтасында дәнекерлеуші болып бастап, 1998 жылға дейін еңбек еттім.
2018 жылы «Алтын асық» бағдарламасы арқылы 1000 бас қой алып, Хромтау ауданы Дөң ауылдық округіне қарасты Оңғар ауылынан «Данияр» шаруа қожалығын аштым. Сонымен қатар 3 мың га жерге егін егемін, 25 адамды жұмыспен қамтып отырмын.
Үйленгенмін, 3 балам бар.





