Олжабаев Асхат Уларбекович

    Хромтау аудандық мәслихатының депутаты

    Олжабаев Асхат Уларбекович
    Депутат маслихата

    Олжабаев Асхат Уларбекович

    Хромтау аудандық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Олжабаев Асхат Ұларбекұлы 1987 жылы 18 шілдеде Алматы облысы Жамбыл ауданы, Ұзынағаш аулында дүниеге келді.

    2007 жылы Қазақ қатынас жолдары университеті жанындағы техникалық-экономикалық колледжін «Көтергіш-көліктік, құрылыс жол көліктері мен жабдықтарды пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша (Алматы қ.) тәмамдады.

    2010 жылы — Қазақ қатынас жолдары университетін (Алматы қ.) «Көлік, көліктік техника және технология» мамандығы бойынша аяқтады.

    2011 жылы — Қазақ қатынас жолдары университетінде (Алматы қ.) «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша Магистратураны бітірді.

    2017 жылы «Алматы Менеджмент Университетінде» «Көшбасшылық және менеджердің тәжірибелік дағдылары» мамандығы бойынша МВА бағдарламасын бітірді.

    2022 жылы Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінде «Тау-кен электр механигі» мамандығы бойынша білім алды.

    Дөң тау-кен байыту комбинатындағы жұмыс өтілі — 10 жыл.

    Еңбек жолын 2013 жылы Дөң тау-кен байыту комбинатының «Молодежная» шахтасында слесарь шәкірті және жабдықты жөндеу жөніндегі кезекші болып бастады.

    2014 жылы кезекші және 3-разрядты жөндеу жөніндегі слесарь болып жұмыс істеді, тамыз айында №1 жөндеу цехінің өндірісті дайындау жөніндегі инженері болып тағайындалды.

    2015 жылы еңбекті қорғау бөліміне маман болып ауысты. Бір жылдан кейін жастармен жұмыс істеу жөніндегі менеджер болып тағайындалды.

    2017 жылы №1 жөндеу цехінің өндірісті дайындау жөніндегі менеджері, кейін техникалық қызмет көрсету және жөндеуді жоспарлау жөніндегі инженер, учаске механигі болып тағайындалды.

    Ал 2020 жылы №1 жөндеу цехі бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

    2022 жылдың шілдесінен бері Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы шахтаның екінші кезегін салу жөніндегі жобаның бас механигі болып жұмыс істейді.

    Отбасылық жағдайы: үйленген, екі баласы бар.

    Асхат Олжабаев ММА аралас жекпе-жек спорт түрінен шебер атануға үміткер. 2022 жылғы Триатлоннан Қазақстан Чемпионатының (жүзу, велосипед және жүгіру) TEMIRADAM кубогінің күміс жүлдегері.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері