Сергазин Максат Кайратович

    Хромтау аудандық мәслихатының депутаты

    Сергазин Максат Кайратович
    Депутат маслихата

    Сергазин Максат Кайратович

    Хромтау аудандық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Мен, Серғазин Мақсат Қайратұлы, 1978 жылы 22 қарашада Ақтөбе облысы Хромтау қаласында дүниеге келдім. 1996 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтына оқуға түстім. 2003 жылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында «Акушерлік және гинекология» мамандығы бойынша интернатураны бітірдім.

    Интернатураны бітіргеннен кейін 2004 жылдан бастап Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығының акушер-гинеколог дәрігері болып жұмыс істей бастадым.

    2013 жылдан 2016 жылға дейін Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығының перзентхана бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс жасадым.

    2016 жылдан бастап Атырау облыстық перинаталдық орталығының акушер-гинеколог дәрігері болып қабылдандым.

    2017 жылы Ақтөбе облыстық ауруханасының «Ана мен бала» бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалдым.

    2018 жылы Ақтөбе қаласы Қарғалы қалалық ауруханасының акушер-гинеколог дәрігері қызметіне ауыстым.

    2021 жылдың наурыз айынан бастап Хромтау аудандық ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы болып тағайындалдым.

    Жоғары санатты маман ретінде білім мен практикалық дағдылардың кәсіби деңгейін арттырумен үнемі айналысамын. Жұмыс барысында біліктілікті арттыру курстарынан өттім. Денсаулық сақтау жүйесіндегі ұзақ жылғы еңбегім үшін бірнеше рет Құрмет грамоталарымен марапатталдым, алғыс жарияланды.

    Отбасылымын, 3 бала тәрбиелеп отырмын.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері