«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жастар саясаты, тілдерді дамыту, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы қызметін қамтамасыз ету, волонтерлік қызмет, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру саласындағы функцияларды іске асыру саласындағы функцияларды жүзеге асыруға Қызылорда облысының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында «Әдемі» балалар музыкалық театр-студиясының балаларға арналған мерекелік қойылымы өтеді. Мерекелік қойылымда бүлдіршіндер ертегі кейіпкерлерімен бірге ән айтып, би билейді. Кейіпкерлердің шытырман оқиғасы кішкентай бүлдіршіндерге қуакныш сыйлап, қызықты уақыт өткізеді. Кішкентай көрермендерді қызықты оқиғалар мен тосын сыйлар күтіп тұр. Бұл қойылым – балаларға арналған Наурыз шаттығы, көктем қуанышы мен мейірімге толы мерекелік тарту!
Жаңақорған ауданы «Шаңырақ» аллеясында халқымыздың отбасылық құндылықтары мен мәдениеті, ұлттық салт-дәстүрі ұлықталады. Киіз үйлер тігіліп, ұлттық тағамдардан дайындалған арнайы дәм мен қолөнер шеберлерінің түрлі бұйымдары ұсынылады. Ақ жаулықты әжелер диірмен тартып, келі түйіп, ұршық иіріп, ұлттық ойындардан сайыстар өтеді. Бесікке салу, тұсаукесер рәсіміне куә болуға болады. Аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылады.
Құрметті жерлестер, өнерсүйер қауым! Біздің сан ғасырлық тарихымыз бен терең тамырлы мәдениетімізді паш ететін, ұмытыла бастаған салт-дәстүрлерімізді жаңғыртатын «Ұлттық мұра – халық қазынасы» атты салтанатты мерекелік іс-шараға шақырамыз! Өткізілетін уақыты мен орны: Күні: 16 наурыз, 2026 жыл Мекенжайы: Жосалы кенті, Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйі
16 наурыз 2026 ж.Тікелей
пос. Жосалы, районный Дом культуры им. Ш. Толеповой.
Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді ұлттық өнердің тынысын сезінуге, шеберлердің қолынан шыққан бірегей туындыларды тамашалауға және сатып алуға шақырамыз! Өткізілетін уақыты мен орны: Күні: 16 наурыз, 2026 жыл Мекенжайы: Жосалы кенті, Руханият орталығы
16 наурыз 2026 ж.Тікелей
Кармакшинский район, пос. Жосалы, центр «Руханият»
Жаңақорған ауданы «Руханият» орталығының алаңында 14 наурыз – «Көрісу» күніне арналған мәдени шаралар өтеді. Театрландырылған көрініс, әжелер ансамблі мен аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасы, киіз үйлер тігіліп, «Алтыбақан» орнатылып, Ұлттық салт-дәстүрлерден көріністер көрсетіледі.
14 наурыз – Көрісу күні – Амал мерекесіне орай мерекелік мәдени-көпшілік шара өтеді. Шара бағдарламасында: Мерекелік концерт, ұлттық ойындар мен дәстүрлі сайыстар, тал отырғызу рәсімі мен «Бауырсақ» party ұйымдастырылады. Қала тұрғындары мерекенің атмосферасын сезініп, жаңару мен ізгілік айы кеңінен насихатталады. Амал мерекесі – береке мен бірліктің, ізгі тілек пен ақжарма қауышудың нышаны. Айтулы күнге арналған бұл шарада ұлттық дәстүр дәріптеліп, көтеріңкі көңіл-күй сыйланады.
«Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Қызылорда облысы әкімдігінің2026 жылғы «____» __________№ ____ қаулысына1-қосымша «Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі 1-тарау. Жалпы ережелер 1. «Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі -Басқарма) жастар саясаты, Қазақстан Халық Кеңесі қызметін қамтамасыз ету,волонтерлік қызмет, тілдерді дамыту,мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру саласындағы функцияларды жүзеге асыруға Қызылорда облысының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2.Басқарманың ведомстволары жоқ. 3.Басқармаөз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4.Басқармамемлекеттік мекемесіұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар. 5.Басқармаазаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды. 6.БасқармаҚазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы. 7.Басқармаөз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппенБасқармабасшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 8.Басқарманыңқұрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі. 9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120003, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі, құрылыс 1. 10. Осы ережеБасқарманыңқұрылтай құжаты болып табылады. 11.Басқарманыңқызметiн каржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттен жүзеге асырылады. 12.Басқармағакәсіпкерлік субъектілеріменБасқарманыңөкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. ЕгерБасқармағазаңдармен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі. 2-тарау.Басқарманыңмақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері 13. Мақсаттары: 1) өңірде ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін қамтамасыз ету және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру; 2) өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру; 3) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс әкімінің,Басқарманыңқұзырына қатысты мәселелер бойынша актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету; 4) Қазақстан Республикасының даму стратегиясының, жоспарларының, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын өңірде түсіндіру мен насихаттау; 5) өңірде ішкі саясат саласындағы маңызы бар бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; 6) өңірде ішкі саясат саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша практикалық ұсыныстар, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын тиімді іске асыру бойыншаұсыныстар әзірлеу; 7) өңірдегі ішкі саяси процесстердің даму үрдістерін зерделеу және оларға талдау жүргізу; 8) азаматтық қоғам институттарымен, өңірдің қоғам жұртшылығының өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау; 9) жергілікті мемлекеттік атқарушы органдардың интернет ресурстарына,әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу және олардың нәтижесімен қажеттілігіне орай тиісті органдарға ұсыныстар жолдау; 10) өңірде мемлекеттік және салааралық бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы ақпараттың республикалық және жергілікті сайттарда жариялануын қамтамасыз ету; 11) мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары бойынша, қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайту, Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын және жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету бойынша тұжырымдамалық тәсілдер, ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу жөніндегі өкілеттіктерін іске асыру; 12) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; 13) жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту; 14) азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту; 15)мемлекеттік тiл саясатын жүзеге асыру мәселесi бойынша меншiк нысанына қарамастан мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, ұйымдардың қызметiн үйлестiру және өзара қарым-қатынасты жүзеге асыру; 16) мемлекеттiк тiл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және талдамалық зерттеулер жүргізіп, оны жүзеге асырудың тиiмдiлiгiн арттыру, мемлекеттiк тiлдiң қоғамдағы қолдану аясын кеңейту және нығайту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 14. Өкілеттіктері: 1) құқықтары: Басқармаөзіне жүктелген міндеттерді және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада бекітілген тәртіппен: мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға; өз құзіретіне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға; өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге; қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды атқаруға құқылы; 2) міндеттері: заңды және негізделген шешімдер қабылдауға; қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге; жеке және заңды тұлғалардыңБасқармағажолдаған өтініштерін қарайды, олардың орындалуын бақылайды, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге; жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға; қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті. 15. Функциялары: 1)«Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылдың 5 қарашасындағы жарлығына сәйкес ішкі саясаттың негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын басшылыққа алады; 2) мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастырады, орналастырады және оның жүзеге асырылуын бақылайды; 4) уәкілетті орган бекітетін, өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесі негізінде өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін әзірлейді және облыс әкімдігіне бекітуге ұсынады; 5) телерадио хабарларын тарату операторларының қызметтеріне шартты қолжетімді карталарды және телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы жоқ және Қазақстан Республикасының аумағында меншікті спутниктік хабар тарату жүйелері жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиосигналын жеке-дара қабылдауға арналған жабдықтарды таратуына тыйым салу жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 6) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді; 7) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктерде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолданады және жұмыс ұйымдастырады; 8) әлеуметтік шиеленіске және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдеріне мониторингті жүзеге асырады; 9) Қазақстан Республикасы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінің аумағында қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді жинайды, қорытады және уәкілетті органға ұсынады; 10)мемлекеттік жастар саясатын іске асырады; 11) мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың өзекті проблемаларын анықтау және шешу, тиімділігін арттыру үшін жастардың қажеттіліктеріне мониторинг және бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді; 12) спорт түрлері, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері, бұқаралық спорт бойынша жастардың қатысуымен жарыстар өткізеді; 13) дене шынықтыру және спорт саласындағы білім мен жетістіктерді, саламатты өмір салты қағидаттарын, оның ішінде жастар арасынан шыққан жоғары сыныпты спортшылардың қатысуымен насихаттауды жүзеге асырады; 14) уақытша бос жүрген жастар үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді, сондай-ақ біліктілікті арттыруды қамтамасыз етеді; 15) жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саясатының іске асырылуын қамтамасыз етеді, еңбек нарығының және жас мамандарды жұмысқа орналастыру практикасының мониторингін ұйымдастырады; 16) жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдемдеседі; 17) жастар ресурстық орталықтарын құрады, олардың қызметін қамтамасыз етеді және үйлестіреді; 18) мемлекеттік жастар саясаты, мәдениет, дене шынықтыру, спорт, бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша және конфессияаралық келісім мен діни толеранттылықты нығайту бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады; 19) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыру мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады; 20) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырады; 21) талантты жастарды және перспективалы жастар шығармашылық ұжымдарын іздеуге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады; 22) жастардың өңірлік форумын өткізуді қамтамасыз етеді; 23) қазақстандық патриотизмді, конфессияаралық келісім мен этносаралық толеранттылықты нығайту жөнінде шаралар қолданады; 24) жастар еңбек жасақтарын құрады, ұйымдастырады, қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізеді; 25) жастардың даму индексін іске асыру жөніндегі іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді; 26) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің даму басымдықтарын ескере отырып, жастарға арналған сатып алу және (немесе) жекешелендіру құқығынсыз жеңілдікпен жалға берілетін тұрғын үй беру жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді және бюджет есебінен іске асырады; 27) волонтерлік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 28) волонтерлік қызмет саласында жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды; 29) волонтерлік қызмет практикасын талдауды, жиынтықтау мен жинақтап қорытуды жүзеге асырады; 30)өңірдегі этносаралық қатынастардың жай-күйі және оларды нығайту перспективалары туралы ақпарат жинауды және ұсынуды тұрақты негізде жүзеге асырады; 31)жергілікті мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, этномәдени және этносаралық қатынастар саласында өз қызметін жүзеге асыратын өзге де қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды; 32)өңірдегі қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлікті нығайтудың жай-күйі мен перспективалары туралы ақпаратты тұрақты негізде жинауды жүзеге асырады; 33)өңірдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің жергілікті атқарушы органдармен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады; 34) келіспеушіліктер мен дауларды шешу, этникааралық қатынастар саласындағы жанжал жағдайларына жол бермеу бойынша ұсыныстар әзірлеу және практикалық шараларды іске асыру; 35) қоғамдық бірлестіктің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары бұзылған немесе қоғамдық бірлестік өз жарғысында белгіленген мақсаттары мен міндеттер шегінен шығатын әрекеттерді бірнеше рет жасаған жағдайларда прокуратура, ішкі істер органдарының ұсынулары, облыстың жергілікті атқарушы органдарының өтініштері немесе азаматтардың арыздары негізіндегі сот шешімі бойынша үш айдан алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады; 36) ҚазақстанРеспубликасыныңбұқаралық ақпарат құралдарының өнімін, сол сияқты өзге де өнімді ҚазақстанРеспубликасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату туралы заңнамасын бұзушыларға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»ҚазақстанРеспубликасының Кодексімен белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады; 37) ҚазақстанРеспубликасының мерзімді баспасөз басылымдарының, теле және радиохабарлар материалдарын тіркеудің, сақтаудың міндетті тегін даналарын беру тәртібін бұзушыларға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»ҚазақстанРеспубликасының Кодексімен белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады; 38) ҚазақстанРеспубликасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасын бұзушыларға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»ҚазақстанРеспубликасының Кодексімен белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады; 39)«Әкімшілікқұқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы 75-бабына сәйкесәкімшілікістердіқарау, әкімшілік құқық бұзушылық туралыхаттамалар жасау жәнеәкімшілік жазалар қолдануғажергіліктіатқарушы органныңтілдерді дамытусаласындағыфункцияларды жүзеге асыратынқұрылымдықбөлімшесініңбасшысы мен оныңорынбасарлары құқылы; 40) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенiн жүзеге асырады; 41) орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің, облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, жергілікті атқарушыоргандарының және ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылаудыжүзеге асырады; 42) облыстық ономастика комиссиясының қызметiн қамтамасыз етедi; 43) Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асырады; 44) тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, аудандардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойыншаРеспубликалық ономастика комиссиясымен келісілгеноблыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі облыстық өкiлдi және атқарушы органдар бiрлескен шешiмiн әзірлейді; 45)тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде облыстық маңызы бар қалалардың, құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі облыстық өкiлдi және атқарушы органдар бiрлескен шешiмiн әзірлейді; 46) Республикалық ономастика комиссиясының қарауына әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, метрополитен стансаларына, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ, оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру жөнінде ұсыныстар енгізу туралы облыстық өкiлдi және атқарушы органдар бiрлескен шешiмiн әзірлейді; 47)«Мекенжай тiркелiмi» ақпараттық жүйесiн жүргiзудi және толықтыруды қамтамасыз етедi; 48) облыстық,аудандық маңызы бар қалалардағы, кент, ауыл жәнебасқада елді мекендердеорналастырылатын көше аншлагтардың эскиздеріне келісім береді; 49) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзушыларға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады; 50) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің талаптарына сәйкес өз құзыретіне жататын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар қарайтын әкімшілік істердің (әкімшілік жазалар қолдану) орындалуына бақылау жүргізеді; 51) мемлекеттік орган болып табылмайтын ведомстволық бағынысты облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғыларында (ережелерінде) Қызылорда облысы әкімдігінің атынан құрылтайшы ретінде әрекет етеді; 1) құқық бұзушылық жасауға итермелейтінсебептер мен жағдайларды жою жөніндегішаралар қолданады; 2) азаматтардыңқұқықтықтәрбиесінұйымдастырудықамтамасыз етеді; 3) құқықтықнасихат пен құқықтықтүсіндіружұмыстарынұйымдастырадыжәнеүйлестіреді; 4) облысәкімдігініңлауазымды тұлғаларынақатыстыәлеуметтіжелілергешыққанпікірлер менмақалалар бойыншақолданыстағызаңнамаларғажәне ережелергесәйкестиістішаралар қабылдайды; 5) тілдіккемсітушіліктіңалдын алу және болдырмаумақсатындажұмыстардыұйымдастырады; 6) жергіліктідеңгейдетұрмыстықзорлық-зомбылықпрофилактикасысубъектілерінің өзараіс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді; 52) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 3-тарау.Басқармабасшысының мәртебесі, өкілеттіктері 16.Басқарманыбасқаруды Басқарма басшысы жүзеге асырады, олБасқармағажүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады. 17.Басқармабасшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады. 18.Басқармабасшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады. 19.Басқармабасшысының өкілеттіктері: 1) өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына есеп береді; 2) өз құзыреті шегінде мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманыңмүддесін бiлдiредi; 3) еңбек қатынастары мәселелері өз құзыретіне жататынБасқармақызметкерлерін заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді; 5) еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жататынБасқармақызметкерлеріне заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды; 6) бұйрықтарға қол қояды; 7)Басқармаатынан сенімхатсыз әрекет етеді; 8) шарттар жасасады; 9) сенімхаттар береді; 10) өз өкілеттіктерін ұйымдастыру және ішкі тәртіп мәселелері бойынша регламент қабылдайды; 11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға дербес жауапты болады; 12)Басқармажұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды; 13) облыс әкімдігі мен әкімінің актiлерi мен тапсырмаларын орындайды; 14)Басқарманыңқұрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi; 15) құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады; 16) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді; 17) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді; 18) соттаБасқарманыңмүддесін білдіреді,Басқармаатынан талапкер, жауапкер ретінде әрекет етеді; 19) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. Басқармабасшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады. 20.Басқармабасшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды. 4-тарау.Басқарманыңмүлкі 21.Басқарманыңзаңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Басқарманыңмүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады. 22.Басқармағабекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады. Басқармағақатысты коммуналдық меншік құқығының субъектісі болып «Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі табылады. 23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе,Басқармаөзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. 5-тарау.Басқарманықайта ұйымдастыру және тарату 24.Басқарманықайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Басқарманыңқарамағындағы ұйымдардың тізбесі: 1) «Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі және талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 2) «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; 3) «Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 4) «Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім және тілдер орталығы»коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Жарияланды:
Хабарландыру
Өңірлік тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар
«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» КММ мерзімді баспа басылымдар, телеарналар, интернет-ресурстар арасында өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды. Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, ғимарат 1, 309-кабинет мекенжайы бойынша жіберіледі, «Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» КММ кеңсесі 2026 жылғы 02 қараша күнгі сағат 17:00-ге дейін қабылдайды. Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, ғимарат 1 мекенжайы бойынша 2026 жылғы 03 қараша күнгі сағат 11:00-де ашылады.
Жарияланды:
Есеп
Қызылорда облысындағы жастар саясатының 2026 жылғы ІІІ тоқсандағы жағдайы туралы
Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес 2026 жылдың 1 қаңтарына өңірде 249 401 (2025 ж. – 248 279) жас есепке алынған (29,46%). Оның ішінде қала жастары – 113 795 (45,5%), ауыл жастары – 135 606 (54,5%), 130 644 - ер азаматтары, 118 933 – әйел. Жастарды дамыту мен қолдауға 2026 жылға жергілікті бюджеттен 849,936 мың теңге(2025 ж. 2 млрд. 105,0 млн.теңге), оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 28 жобаға(2025 жылы – 36 жоба - 312,7 млн. теңге), 261,7 млн. тг.облыс бойынша жастар ресурстық орталықтарының аппараттық шығындары мен еңбек ақылары, өзге де төлемдерге 579,4 млн. тг. бөлінді (2025 жылы592,3 млн. теңге). Статистикалық мәліметтерге сәйкес жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі - 3,4% құрады (қала жастары арасында – 3,1%,ауыл жастары арасында – 3,6%). Анықтама ретінде:Жұмыссыз жастардың 41,1% қала жастары (2013), 58,9% ауыл жастары (2883), оның ішінде 74,4 пайызы әйелдер (3643), 25,6 пайыз ерлер (1253) құрайды. Жалпы тіркелген 4896 жұмыссыз жастың арасында жұмыс іздестіру ұзақтығы бойынша бөлінісі: 3 айдан 6 айға дейін - 2609, 6 айдан 12 айға дейін - 150 жас. Аймақта жастарды әлеуметтендіру (жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке баулу),білім беру, бос уақытын тиімді ұйымдастыру (еңбек жасақтарының қатарына және волонтерлік қызметке тарту) бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жастардың әлеуметтік бейімделуі тікелей мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың төңірегінде атқарылуы қажет. Жергілікті жерде NEET санатындағы жастар үлесін шығаратын бірден бір көрсеткіш – жастар жұмыссыздығы. Бұл ретте, Қызылорда облысының 2024-2029 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру жөніндегі Жол картасына «Оқымайтын, жұмыс істемейтін және кәсіби дағдыларды меңгермеген жастардың үлесі (15-35 жас аралығындағы)» нысаналы индикаторы енгізілген. Сонымен қатар, Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Жасыл ел жастарды көркейту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына тарту» жобасы жүзеге асырылуда. Биыл әлеуметтік жоба арқылы маусым-тамыз айларында 16-35 жас аралығындағы түрлі санаттағы (оқушы, студент, жұмыссыз) 1 200 жас еңбек ететін болады. (Қызылорда қ.-280, Байқоңыр қ.-150, аудандарда- 770) маусымдық жұмыспен қамтылуы (с.і. міндетті әлеуметтік аударымдар) Сондай-ақ, ауыл жастарын еңбекке баулу мақсатында «Жастар еңбек бригадалары» жобасы жүзеге асырылып келеді. Бүгінде Қызылорда қаласы мен аудандарда құрылған еңбек бригадаларының саны 10-нан асып, құрамына 100-ге жуық жас тіркелді. Сонымен қатар, «Ауыл» партиясының бастамасымен Қызылорда облысында студенттік «Құрылыс отряды» құрылды. Бұл жоба аясында 40жас құрамына қабылданып, еңбек етуде. Облыстық жастар ресурстық орталығы жанынан жастардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында 6 үйірме мен клубтар қызмет жасауда. 3 спорттық үйірмеге (ұлттық және аралас жекпе-жек, каратэ-до, таэквандо) 7-19 жас аралығындажасөспірімдер мен жастар қатысады. Дарынды және бастамашыл жастарды логикалық және сыни ойлауды, коммуникативті мәдениетті және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту, тәуелсіз шешім қабылдауға және қоғамның болашақ көшбасшысы ретінде жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ету мақсатында «Спикер» дебат клубы құрылды. БАҚ өкілдері мен блогерлер қауымының, әлеуметтік желі белсенділерінің жұмысын үйлестіріп, шынайы әрі жылдам жан-жақты ақпарат алуына ықпал ету және ақпарат тарату дағдыларын жетілдіру, жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, журналистика саласына қолдау көрсету мақсатында «Жас журналистер» клубы қызмет етуде. «Жайдарман» жастар клубы қозғалысын дамыту, жас мамандарды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу, қоғамдағы мәселелерді астарлы әзілмен жеткізу бағытында ұйымдастырылып келеді. Жайдарманшылардың саны облыс бойынша 400-ге жетті. Қызылорда қаласы әкімдігімен бірлескен «КОМЬЮНИТИ» орталықтары (қаланың шет аймақтары Титов мөлтек ауданы, М.Ералиева мәдениет үйі, Тасбөгет кенті, С.Майқанова мәдениет үйі) іске қосылды. Мұнда жастарға бағыт-бағдар беру, шығармашылық әлеуетін көтеру, идеялар алмасу, бейресми білім беру, сондай-ақ қажетті дағдыларға бейімделуіне мүмкіндіктер жасалған. Қызылорда облысының 2024-2029 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру жөніндегі Жол картасына «Оқымайтын, жұмыс істемейтін және кәсіби дағдыларды меңгермеген жастардың үлесі (15-35 жас аралығындағы)» нысаналы индикаторы енгізілген. Жастарды әлеуметтік қолдау бағытындағы маңызды бастамалардың бірі – 2023 жылы іске асырылған «Сыр жастары» жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасы. Бағдарламаның негізгі мақсаты – жас мамандар мен жас отбасыларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету арқылы олардың өңірде тұрақтап еңбек етуіне қолайлы жағдай жасау. Анықтама ретінде: Осы мақсатта бағдарламаға облыстық бюджеттен 1 млрд 200 млн теңге бөлініп, «Отбасы банк» тарапынан қосымша 500 млн теңге қаржы бөлінді. Бағдарлама нәтижесінде соңғы екі жылда 200-ден астам жас отбасы баспаналы болып, өздерінің тұрғын үй мәселесін шешуге мүмкіндік алды. Өңірде 10 «Жастар ресурстық орталығы» (1-облыстық, 2-қалалық, 7-аудандық)жұмыс жасайды. Волонтерліктің 8 бағыты бойынша қызмет атқаруда. Бүгінде барлық деңгейдегі «Жастар ресурстық орталықтары» жанынан Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен 7 ауданда өңірлік фронт-офистер құрылған. Волонтерлік ұйымдар мен топтар арасында «Облыстық волонтерлер фронт-офисі», «Волонтеры Кызылорды», «Ашық жүрек» волонтерлер лигасы, «Жалын» волонтерлер штабы, «Қармақшы Демеу» волонтерлер тобы, «Жаңарған Жаңақорған жастары» волонтерлер тобыныңбелесенділігін ерекше атап өтуге болады. Ақпарат ретінде:«Bilim», «Sabaqtastyq», «Asylmura», «Qamqor», «TazaÁlem», «Úmit», «Saýlyq», «Ayala». Облыста 2 мыңнан астам волонтер тіркелген және 30 волонтерлік топтар, «Ассамблея жастары» белсенді волонтерлері бар. Өңірде жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, әскери-патриоттық тәрбие беру, азаматтарды әскери қызметке шақыру бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің «Әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі аумақтық үйлестіру кеңестері туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығына (08.08.2025 ж., №1015 бұйрығы) сәйкес облыс әкімдігінің «Әскери патриоттық тәрбиелеу бойынша аумақтық үйлестіру кеңесін құру және ережесін бекіту туралы» қаулысы бекітілді (07.11.2025 ж., №213 қаулысы). Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында өңірде барлық деңгейдегі жастар ресурстық орталықтары жанынан «Жас сарбаз» қозғалысы жұмыс жасауда. Бүгінгі күні, 3 мың жас облыстық қозғалыстың мүшелігіне тіркелген(9-11 сынып мектеп оқушылары). 2026 жылы «Жас Сарбаз» қозғалысы Қызылорда облыстық филиалы орта арнаулы білім беру ұйымдары мен колледждерде 40-қа жуық патриоттық бағыттағы шаралар өткізіліп, мыңға жуық жасөспірім қамтылды. Оған қоса, әскерге шығарып салу, ардагерлермен кездесу бағытында «Ерлік сабағы», «Біртұтас ел – біртұтас жер» шаралары тұрақты түрде өткізілуде. Білім беру ұйымдарында «Жас сарбаз» қозғалысының ұйымдастыруымен жастарды әскерге шақыруға ынталандыруға бағытталған «Әскерге шақырылушы», «Жас мерген», «Отан қорғаушы» сайыстары ұйымдастырылды. Ағымдағы жылғы сәуір айында «Айбын–2026» әскери-патриоттық жастар жиынының аудандық, қалалық іріктеу кезеңі өтті. Басқармаға қарасты облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 15 мамырда «Айбын» ХІІ облыстық әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Сонымен қатар, маусым айындаАқмола облысы Ш. Уәлиханов әскери колледжінің «Амандық» оқу-жаттығу орталығында ХІІ Халықаралық «Айбын-2026» әскери-патриоттықжиынына қатысты. Бұқаралықақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және баспаларда патриоттық тәрбие беру бағытында 600-ден аса ақпараттық материалдар жарияланып, арнайы сұхбаттар мен брифингтер өткізіліді. Одан бөлек, қала және аудан орталықтарында Отан қорғау ісі мен патриоттық тәрбие беру тақырыбындағы 55 сыртқы көрнекі құралдары, билбордтар орналастырылған. Облыс көлемінде мерзімді әскери қызметке шақыру, оның тартымдылығы мен беделін арттыруға арналған шараларды ақпараттандыру жұмыстары кең көлемде жүргізілуде.
Жарияланды:
Есеп
Этносаралық қатынастар саласы бойынша 2026 жылдың ІІІ тоқсанында атқарған жұмыстары туралы ақпарат
Жыл басынан бері облысымызда этносаралық саладағы ахуал және этностық топтар арасындағы өзара қарым-қатынас тұрақты әрі қалыпты деңгейде сақталды. Этникалық белгілеріне сәйкес кикілжіңдер тіркелген жоқ. Соңғы статистикалық ақпаратқа сәйкес облыс халқының 96,3% қазақ, 3,7% түрлі этностық топтан құралады. Мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыруда облыс көлемінде 11 этномәдени бірлестік және 9 қоғамдық құрылым(Ақсақалдар, Аналар, Медиация кеңестері, Ғылыми-сарапшылық топ, Журналистер мен сарапшылар клубы, Шығармашылық ұжымдар қауымдастығы, «Жомарт жан» орталығы, Ақпараттық-түсіндіру тобы мен Жастар қанаты)жұмыс атқарады. Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде (9 айда) жоспарлы және жоспардан тыс онлайн/офлайн форматта барлығы 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, 10 мыңнан астам адам қамтылды.Осы жылдың қаңтар айында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің қолдауымен, «ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компаниясының демеушілігімен жаңа Достық үйі ғимараты пайдалануға беріліп, ел игілігіне қызмет етуде. Бүгінде ғимарат облыстық және республикалық деңгейдегі қоғамдық-саяси іс-шаралар ұйымдастырылып, ел үшін маңызы зор шешімдер қабылданатын диалог алаңына айналды.Осы жылдың ақпан айында «Сыр өңірі – бейбітшілік пен келісім мекені» жобасы аясында Корей этносының Жаңа жылы – «Соллаль» және «Славян» этносының «Масленица» мерекелері аталып өтілсе, наурыз айында Алғыс айту күні облыс көліменде тойланып, этнос өкілдері Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне белсене қатысты. Сәуір айында Татар этномәдени бірлестігінің 35 жылдығы мен «Сабантуй» жоғары деңгейде ұйымдастырылып, еліміздің басқа өңірлері мен Татарстан Республикасынан арнайы келген қонақтар қатысып, өнерлерін паш етті.Мамыр айы Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен бастау алып, ай көлемінде атаулы мерекелерге орай түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілсе, маусымда Арал, Жалағаш, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандарында көшпелі жиындар, қоғамдық қабылдаулар, кездесулер мен ақпараттық-түсіндірме шаралары ұйымдастырылды. Сонымен бірге, Қызылорда қаласындағы Өнер орталығында облыстық Неміс этномәдени орталығы жанындағы «Адажио» шоу би орталығының 20 жылдық мерекелік кеші өтті. Осы жылдың тамыз айында Қызылорда облысында Достық үйінде республикалық Журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері, этностық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, өңірлік «Қоғамдық келісім» мекемелерінің баспасөз қызметкерлері, журналистер, медиа-сарапшылар, медиаменеджерлер және блогерлер қатысты.«Қоғамдық келісім және тіл орталығы» КММ және өңірдегі этномәдени бірлестіктердің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы өткізілді.Қайырымдылық шарасы аясында 30-ға жуық балаға мектеп сөмкелері мен жаңа оқу жылына қажетті оқу құралдары табысталды. Акцияның мақсаты – балаларға қолдау көрсетіп, жаңа оқу жылын жақсы көңіл күймен бастауына мүмкіндік жасау. Өз кезегінде, аймақтағы этносаралық келісімді одан әрі арттыру бағытындағы жұмыстарды ақпараттандыру және осы мәселеде бүкіл халықтық жұмылдыру мақсатында есепті мерзімде әлеуметтік желілерде жалпы 3238-ге жуық жарияланым, 1132 бейнешолу мен бейнеролик, БАҚ пен интернет ресурстарда 2106 материал жарық көрді.
Жарияланды:
Есеп
Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің 2026 жылғы ІІІ тоқсанда атқарған жұмыстары туралы
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң талаптарын іске асыру бағытында өңірде жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылғы 9 айында Қоғамдық келісім және тіл орталығы арқылы 319 адам (93 – мемлекеттік тіл, 119 – орыс тілі, 107 – ағылшын тілі) тілдік курстардан өтіп, сертификат алды. Сонымен қатар, 11 мекемеде тіл туралы заң талаптарының сақталуына тексеру жүргізіліп, анықталған кемшіліктер бойынша ұсынымдар берілді. 2026 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға бағытталған «Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру» және «Сыр өңірінің эргонимдері» атты әлеуметтік жобалары іске асырылуда. «Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру» әлеуметтік жобасы аясында «Тіл Quiz» интеллектуалды сайыс, «Жастар және мемлекеттік тіл» дебат турнирі және Абай күніне орай «Абай мұрасы – ұлт руханиятының темірқазығы» атты облыстық байқау, көрнекі ақпараттарды сауатты жазуға бағытталған «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» атты байқау және Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл. Бірлік. Болашақ.» атты облыстық форум өткізілді. Жалпы, мемлекеттік тілді дәріптеу, қолданыс аясын кеңейту мақсатында барлығы 136шара өткізіліп, оған 7000-ға жуық адам қамтылды. Есепті кезеңде 9 мекемеге оқу-әдістемелік құралдар таратылып, 5 мақала жарияланды. Қазақ тіліндегі интернет контентті арттыру мақсатында Уикипедияны толықтыру жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ, орталықтың әлеуметтік желілерінде «Сөзтүзер», «Ұлылар ұлағаты», «Трендтегі сленгтер», «Practical English» айдарлары тұрақты жүргізілуде. Облыс әкімдігі бойынша 2026 жылғы ІІІ тоқсанның қорытындысымен мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесі 96,0% құрады. «Сыр өңірінің эргонимдері» әлеуметтік жобасы аясында кәсіпкерлік нысандарға мазмұнды, сауатты әрі тартымды атау таңдауға әдістемелік тұрғыдан кәсіпкерлерге бағыт-бағдар беру мақсатында әдістемелік нұсқаулықтыңжобасы әзірленіп, баспадан шығаруға келісім берілді. Көрнекі ақпараттың заң талаптарына сәйкестігін зерделеу мақсатында 72 рейдтік іс-шара өткізіліп, 23 кәсіпкерлік субъектісіне заң бұзушылықтарды жою жөнінде ұсынымдар берілді. Сонымен қатар, 6 кәсіпкерлік нысанға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар рәсімделді. Түсіндіру жұмыстарын күшейту мақсатында «Көрнекі ақпарат және заң» тақырыбындағы ақпараттық бейнеролик әзірленіп, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде кеңінен таратылды. Ономастика саласы бойынша республикалық жобаның аясында«Сыр даласында – көне есімдердің сыры» атты тарихи-танымдық ғылыми экспедиция мүшелерімен аудандар мен облыс орталығында кездесулер өткізілді. «Қызылорда облысы ойконимдерінің этномәдени негізі мен этнолингвистикалық табиғаты» әлеуметтік жобасы аясында шығарылған «Қызылорда облысы ойконимдері» атты монографияның тұсаукесері өткізілді. Сондай-ақ 2026 жылға арналған мерейтойлық даталар аясында Қызылорда қаласынан көшелерге белгілі композитор Кеңес Дүйсекеевтің және көрнекті ақын Шөмішбай Сариевтің есімдерін беру туралы ұсыныстар Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданды. 2026 жылғы 20-25 шілде аралығында «Мемлекеттік тіл саясаты және ономастика мәселелері» тақырыбында аудандарда көшпелі семинарлар ұйымдастырылып, саладағы өзекті мәселелер талқыланды. Есепті мерзімде облыстық ономастика комиссиясының І отырысы өткізіліп, «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне 27 топоним енгізілді.
Жарияланды:
Есеп
БАҚ және интернет-ресурстармен жұмыс бөлімінің 2026 жылдың ІІІ тоқсанында атқарған жұмысы туралы
Облыстық қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясатқа арналған мемлекеттік тапсырыстарды өткізудің аймақтағы бірегей ұйымдастырушысы. 2026 жылға облыстық бюджеттен мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа лимит шегінде 975 733,0 мың теңге бөлінді. Бүгінде облыстың медиа кеңістігінде 150 бұқаралық ақпарат құралы (13 мемлекеттік, 137 тәуелсіз) жұмыс жасайды. Оның ішінде, 120 баспа БАҚ, 27 интернет сайт пен ақпараттық агенттік, 3 телеарна. Олардың 138-і облыстық, 2-уі қалалық, 10-ы аудандық деңгейде ақпарат таратушылар. Айта кету керек, соңғы жылдары интернет сайттардың саны артқан. Жалпы облыс көлемінде ақпараттық жұмыстар негізінен Мемлекет басшысының, Үкіметтің тапсырмаларын, мемлекеттік бастамалар мен идеологемаларды («Мемлекет басшысының Жолдауы», «Таза Қазақстан», «Заң мен тәртіп», «Адал адам», «Еңбек адамы», «Келешек мектептері», «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы», «Халықаралық волонтерлер жылы» және т.б.) іске асыру, облыс әкімінің, әкімдігінің қызметін насихаттау бойынша жүргізілуде. Жалпы жыл басынан бері республикалық телеарналардың жаңалықтар қызметінде 400-ге жуық сюжет, жергілікті телеарналарда 4000-нан астам сюжет, бағдарламалар, баспа басылымдарда 4000-ға жуық мақала, интернет ресурстарда 20 000-нан астам материал жарық көрген. Өңірлік коммуникациялар қызметінде жыл басынан бері 205 баспасөз іс-шарасы ұйымдастырылды. Оның 166-сы брифинг, 21 баспасөз туры, 18 көшпелі брифинг.