Этносаралық қатынастар саласы бойынша 2026 жылдың ІІІ тоқсанында атқарған жұмыстары туралы ақпарат

    Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы

    Жыл басынан бері облысымызда этносаралық саладағы ахуал және этностық топтар арасындағы өзара қарым-қатынас тұрақты әрі қалыпты деңгейде сақталды. Этникалық белгілеріне сәйкес кикілжіңдер тіркелген жоқ.

    Соңғы статистикалық ақпаратқа сәйкес облыс халқының 96,3% қазақ, 3,7% түрлі этностық топтан құралады. Мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыруда облыс көлемінде 11 этномәдени бірлестік және 9 қоғамдық құрылым(Ақсақалдар, Аналар, Медиация кеңестері, Ғылыми-сарапшылық топ, Журналистер мен сарапшылар клубы, Шығармашылық ұжымдар қауымдастығы, «Жомарт жан» орталығы, Ақпараттық-түсіндіру тобы мен Жастар қанаты)
    жұмыс атқарады. Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде (9 айда) жоспарлы және жоспардан тыс онлайн/офлайн форматта барлығы 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, 10 мыңнан астам адам қамтылды.Осы жылдың қаңтар айында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің қолдауымен, «ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компаниясының демеушілігімен жаңа Достық үйі ғимараты пайдалануға беріліп, ел игілігіне қызмет етуде. Бүгінде ғимарат облыстық және республикалық деңгейдегі қоғамдық-саяси іс-шаралар ұйымдастырылып, ел үшін маңызы зор шешімдер қабылданатын диалог алаңына айналды.Осы жылдың ақпан айында «Сыр өңірі – бейбітшілік пен келісім мекені» жобасы аясында Корей этносының Жаңа жылы – «Соллаль» және «Славян» этносының «Масленица» мерекелері аталып өтілсе, наурыз айында Алғыс айту күні облыс көліменде тойланып, этнос өкілдері Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне белсене қатысты. Сәуір айында Татар этномәдени бірлестігінің 35 жылдығы мен «Сабантуй» жоғары деңгейде ұйымдастырылып, еліміздің басқа өңірлері мен Татарстан Республикасынан арнайы келген қонақтар қатысып, өнерлерін паш етті.Мамыр айы Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен бастау алып,
    ай көлемінде атаулы мерекелерге орай түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілсе, маусымда Арал, Жалағаш, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандарында көшпелі жиындар, қоғамдық қабылдаулар, кездесулер мен ақпараттық-түсіндірме шаралары ұйымдастырылды. Сонымен бірге, Қызылорда қаласындағы Өнер орталығында облыстық Неміс этномәдени орталығы жанындағы «Адажио» шоу би орталығының
    20 жылдық мерекелік кеші өтті. Осы жылдың тамыз айында Қызылорда облысында Достық үйінде республикалық Журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері, этностық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, өңірлік «Қоғамдық келісім» мекемелерінің баспасөз қызметкерлері, журналистер, медиа-сарапшылар, медиаменеджерлер және блогерлер қатысты.«Қоғамдық келісім және тіл орталығы» КММ және өңірдегі этномәдени бірлестіктердің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы өткізілді.Қайырымдылық шарасы аясында 30-ға жуық балаға мектеп сөмкелері мен жаңа оқу жылына қажетті оқу құралдары табысталды. Акцияның мақсаты – балаларға қолдау көрсетіп, жаңа оқу жылын жақсы көңіл күймен бастауына мүмкіндік жасау.

    Өз кезегінде, аймақтағы этносаралық келісімді одан әрі арттыру бағытындағы жұмыстарды ақпараттандыру және осы мәселеде бүкіл халықтық жұмылдыру мақсатында есепті мерзімде әлеуметтік желілерде жалпы 3238-ге жуық жарияланым, 1132 бейнешолу мен бейнеролик, БАҚ пен интернет ресурстарда 2106 материал жарық көрді.

    Ұқсас материалдар

    Ереже

    «Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі

    Қызылорда облысы әкімдігінің2026 жылғы «____» __________№ ____ қаулысына1-қосымша «Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі 1-тарау. Жалпы ережелер 1. «Қызылорда облысын...

    Хабарландыру

    Өңірлік тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар

    «Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» КММ мерзімді баспа басылымдар, телеарналар, интернет-ресурстар арасында өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру т...

    Есеп

    Қызылорда облысындағы жастар саясатының 2026 жылғы ІІІ тоқсандағы жағдайы туралы

    Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес 2026 жылдың 1 қаңтарына өңірде 249 401 (2025 ж. – 248 279) жас есепке алынған (29,46%). Оның ішінде қала жастары – 113 795 (45,5%), ауыл жастары – 135 606 (54,5%), 130 644...

    Есеп

    Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің 2026 жылғы ІІІ тоқсанда атқарған жұмыстары туралы

    Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң талаптарын іске асыру бағытында өңірде жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылғы 9...

    Есеп

    БАҚ және интернет-ресурстармен жұмыс бөлімінің 2026 жылдың ІІІ тоқсанында атқарған жұмысы туралы

    Облыстық қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясатқа арналған мемлекеттік тапсырыстарды өткізудің аймақтағы бірегей ұйымдастырушысы. 2026 жылға облыстық бюджеттен мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа лимит шегі...

    Есеп

    Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс және жастар бөлімі бойынша 2026 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыс туралы

    АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ САЛАСЫ БОЙЫНША 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстағы Әділет департаментіне 973 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның ішінде: қоғамдық бірлестіктер - 451, қоғамдық қорлар - 279, қоғамдық бірлесті...

    Есеп

    Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы бойынша бюджет қаражатының 2026 жылдың III тоқсанына игерілуі туралы мәліметі (мың.теңге)

    Бюджеттік сыныптаманың кодтары Шығыстардың атауы Жылдық жоспар (мың. теңге) Есепті мерзімге қаржы жоспары (мың. теңге) Бюджеттің орындалуы (мың. теңге) Орындалуы (%) 752-001-015 Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саяса...

    Есеп

    2026 жылғы Азаматтық бюджет

    https://budget.egov.kz/material/material?id=4013991&govAgencyId=3672 https://budget.egov.kz/material/material?id=4013991&govAgencyId=3672 https://budget.egov.kz/material/material?id=4242881&govAgencyId=3672 h...