Қызылорда облысы әкімдігінің
2026 жылғы «____» __________№ ____
қаулысына1-қосымша
«Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі -Басқарма) жастар саясаты, Қазақстан Халық Кеңесі қызметін қамтамасыз ету,волонтерлік қызмет, тілдерді дамыту,мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру саласындағы функцияларды жүзеге асыруға Қызылорда облысының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2.Басқарманың ведомстволары жоқ.
3.Басқармаөз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4.Басқармамемлекеттік мекемесіұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5.Басқармаазаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6.БасқармаҚазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7.Басқармаөз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппенБасқармабасшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8.Басқарманыңқұрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120003, Қазақстан Республикасы,
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі, құрылыс 1.
10. Осы ережеБасқарманыңқұрылтай құжаты болып табылады.
11.Басқарманыңқызметiн каржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
12.Басқармағакәсіпкерлік субъектілеріменБасқарманыңөкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
ЕгерБасқармағазаңдармен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау.Басқарманыңмақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) өңірде ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін қамтамасыз ету және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс әкімінің,Басқарманыңқұзырына қатысты мәселелер бойынша актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының даму стратегиясының, жоспарларының, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын өңірде түсіндіру мен насихаттау;
5) өңірде ішкі саясат саласындағы маңызы бар бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
6) өңірде ішкі саясат саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша практикалық ұсыныстар, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын тиімді іске асыру бойыншаұсыныстар әзірлеу;
7) өңірдегі ішкі саяси процесстердің даму үрдістерін зерделеу және оларға талдау жүргізу;
8) азаматтық қоғам институттарымен, өңірдің қоғам жұртшылығының өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;
9) жергілікті мемлекеттік атқарушы органдардың интернет ресурстарына,
әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу және олардың нәтижесімен қажеттілігіне орай тиісті органдарға ұсыныстар жолдау;
10) өңірде мемлекеттік және салааралық бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы ақпараттың республикалық және жергілікті сайттарда жариялануын қамтамасыз ету;
11) мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары бойынша, қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайту, Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын және жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету бойынша тұжырымдамалық тәсілдер, ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу жөніндегі өкілеттіктерін іске асыру;
12) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
13) жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту;
14) азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту;
15)мемлекеттік тiл саясатын жүзеге асыру мәселесi бойынша меншiк нысанына қарамастан мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, ұйымдардың қызметiн үйлестiру және өзара қарым-қатынасты жүзеге асыру;
16) мемлекеттiк тiл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және талдамалық зерттеулер жүргізіп, оны жүзеге асырудың тиiмдiлiгiн арттыру, мемлекеттiк тiлдiң қоғамдағы қолдану аясын кеңейту және нығайту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
Басқармаөзіне жүктелген міндеттерді және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада бекітілген тәртіппен:
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
өз құзіретіне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға;
өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;
қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды атқаруға құқылы;
2) міндеттері:
заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;
қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
жеке және заңды тұлғалардыңБасқармағажолдаған өтініштерін қарайды, олардың орындалуын бақылайды, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.
15. Функциялары:
1)«Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылдың 5 қарашасындағы жарлығына сәйкес ішкі саясаттың негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын басшылыққа алады;
2) мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастырады, орналастырады және оның жүзеге асырылуын бақылайды;
4) уәкілетті орган бекітетін, өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесі негізінде өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін әзірлейді және облыс әкімдігіне бекітуге ұсынады;
5) телерадио хабарларын тарату операторларының қызметтеріне шартты қолжетімді карталарды және телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы жоқ және Қазақстан Республикасының аумағында меншікті спутниктік хабар тарату жүйелері жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиосигналын жеке-дара қабылдауға арналған жабдықтарды таратуына тыйым салу жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
6) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
7) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктерде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолданады және жұмыс ұйымдастырады;
8) әлеуметтік шиеленіске және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдеріне мониторингті жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінің аумағында қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді жинайды, қорытады және уәкілетті органға ұсынады;
10)мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
11) мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың өзекті проблемаларын анықтау және шешу, тиімділігін арттыру үшін жастардың қажеттіліктеріне мониторинг және бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді;
12) спорт түрлері, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері, бұқаралық спорт бойынша жастардың қатысуымен жарыстар өткізеді;
13) дене шынықтыру және спорт саласындағы білім мен жетістіктерді, саламатты өмір салты қағидаттарын, оның ішінде жастар арасынан шыққан жоғары сыныпты спортшылардың қатысуымен насихаттауды жүзеге асырады;
14) уақытша бос жүрген жастар үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді, сондай-ақ біліктілікті арттыруды қамтамасыз етеді;
15) жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саясатының іске асырылуын қамтамасыз етеді, еңбек нарығының және жас мамандарды жұмысқа орналастыру практикасының мониторингін ұйымдастырады;
16) жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдемдеседі;
17) жастар ресурстық орталықтарын құрады, олардың қызметін қамтамасыз етеді және үйлестіреді;
18) мемлекеттік жастар саясаты, мәдениет, дене шынықтыру, спорт, бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша және конфессияаралық келісім мен діни толеранттылықты нығайту бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;
19) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыру мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;
20) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырады;
21) талантты жастарды және перспективалы жастар шығармашылық ұжымдарын іздеуге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
22) жастардың өңірлік форумын өткізуді қамтамасыз етеді;
23) қазақстандық патриотизмді, конфессияаралық келісім мен этносаралық толеранттылықты нығайту жөнінде шаралар қолданады;
24) жастар еңбек жасақтарын құрады, ұйымдастырады, қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізеді;
25) жастардың даму индексін іске асыру жөніндегі іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;
26) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің даму басымдықтарын ескере отырып, жастарға арналған сатып алу және (немесе) жекешелендіру құқығынсыз жеңілдікпен жалға берілетін тұрғын үй беру жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді және бюджет есебінен іске асырады;
27) волонтерлік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
28) волонтерлік қызмет саласында жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
29) волонтерлік қызмет практикасын талдауды, жиынтықтау мен жинақтап қорытуды жүзеге асырады;
30)өңірдегі этносаралық қатынастардың жай-күйі және оларды нығайту перспективалары туралы ақпарат жинауды және ұсынуды тұрақты негізде жүзеге асырады;
31)жергілікті мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, этномәдени және этносаралық қатынастар саласында өз қызметін жүзеге асыратын өзге де қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;
32)өңірдегі қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлікті нығайтудың жай-күйі мен перспективалары туралы ақпаратты тұрақты негізде жинауды жүзеге асырады;
33)өңірдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің жергілікті атқарушы органдармен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
34) келіспеушіліктер мен дауларды шешу, этникааралық қатынастар саласындағы жанжал жағдайларына жол бермеу бойынша ұсыныстар әзірлеу және практикалық шараларды іске асыру;
35) қоғамдық бірлестіктің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары бұзылған немесе қоғамдық бірлестік өз жарғысында белгіленген мақсаттары мен міндеттер шегінен шығатын әрекеттерді бірнеше рет жасаған жағдайларда прокуратура, ішкі істер органдарының ұсынулары, облыстың жергілікті атқарушы органдарының өтініштері немесе азаматтардың арыздары негізіндегі сот шешімі бойынша үш айдан алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады;
36) ҚазақстанРеспубликасыныңбұқаралық ақпарат құралдарының өнімін, сол сияқты өзге де өнімді ҚазақстанРеспубликасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу,
тасымалдау, тарату туралы заңнамасын бұзушыларға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»ҚазақстанРеспубликасының Кодексімен белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады;
37) ҚазақстанРеспубликасының мерзімді баспасөз басылымдарының, теле және радиохабарлар материалдарын тіркеудің, сақтаудың міндетті тегін даналарын беру тәртібін бұзушыларға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»ҚазақстанРеспубликасының Кодексімен белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады;
38) ҚазақстанРеспубликасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасын бұзушыларға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»ҚазақстанРеспубликасының Кодексімен белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады;
39)«Әкімшілікқұқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы 75-бабына сәйкесәкімшілікістердіқарау, әкімшілік құқық бұзушылық туралыхаттамалар жасау жәнеәкімшілік жазалар қолдануғажергіліктіатқарушы органныңтілдерді дамытусаласындағыфункцияларды жүзеге асыратынқұрылымдықбөлімшесініңбасшысы мен оныңорынбасарлары құқылы;
40) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенiн жүзеге асырады;
41) орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің, облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, жергілікті атқарушыоргандарының және ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылаудыжүзеге асырады;
42) облыстық ономастика комиссиясының қызметiн қамтамасыз етедi;
43) Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асырады;
44) тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, аудандардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойыншаРеспубликалық ономастика комиссиясымен келісілгеноблыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі облыстық өкiлдi және атқарушы органдар бiрлескен шешiмiн әзірлейді;
45)тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде облыстық маңызы бар қалалардың, құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі облыстық өкiлдi және атқарушы органдар бiрлескен шешiмiн әзірлейді;
46) Республикалық ономастика комиссиясының қарауына әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, метрополитен стансаларына, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ, оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру жөнінде ұсыныстар енгізу туралы облыстық өкiлдi және атқарушы органдар бiрлескен шешiмiн әзірлейді;
47)«Мекенжай тiркелiмi» ақпараттық жүйесiн жүргiзудi және толықтыруды қамтамасыз етедi;
48) облыстық,аудандық маңызы бар қалалардағы, кент, ауыл жәнебасқада елді мекендердеорналастырылатын көше аншлагтардың эскиздеріне келісім береді;
49) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзушыларға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады;
50) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің талаптарына сәйкес өз құзыретіне жататын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар қарайтын әкімшілік істердің (әкімшілік жазалар қолдану) орындалуына бақылау жүргізеді;
51) мемлекеттік орган болып табылмайтын ведомстволық бағынысты облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғыларында (ережелерінде) Қызылорда облысы әкімдігінің атынан құрылтайшы ретінде әрекет етеді;
1) құқық бұзушылық жасауға итермелейтінсебептер мен жағдайларды жою жөніндегішаралар қолданады;
2) азаматтардыңқұқықтықтәрбиесінұйымдастырудықамтамасыз етеді;
3) құқықтықнасихат пен құқықтықтүсіндіружұмыстарынұйымдастырадыжәнеүйлестіреді;
4) облысәкімдігініңлауазымды тұлғаларынақатыстыәлеуметтіжелілергешыққанпікірлер менмақалалар бойыншақолданыстағызаңнамаларғажәне ережелергесәйкестиістішаралар қабылдайды;
5) тілдіккемсітушіліктіңалдын алу және болдырмаумақсатындажұмыстардыұйымдастырады;
6) жергіліктідеңгейдетұрмыстықзорлық-зомбылықпрофилактикасысубъектілерінің өзараіс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;
52) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау.Басқармабасшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16.Басқарманыбасқаруды Басқарма басшысы жүзеге асырады, олБасқармағажүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17.Басқармабасшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18.Басқармабасшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19.Басқармабасшысының өкілеттіктері:
1) өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде облыс әкімі мен жетекшілік ететін
облыс әкімінің орынбасарына есеп береді;
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда
Басқарманыңмүддесін бiлдiредi;
3) еңбек қатынастары мәселелері өз құзыретіне жататынБасқармақызметкерлерін заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді;
5) еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жататынБасқармақызметкерлеріне заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;
6) бұйрықтарға қол қояды;
7)Басқармаатынан сенімхатсыз әрекет етеді;
8) шарттар жасасады;
9) сенімхаттар береді;
10) өз өкілеттіктерін ұйымдастыру және ішкі тәртіп мәселелері бойынша регламент қабылдайды;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға дербес жауапты болады;
12)Басқармажұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
13) облыс әкімдігі мен әкімінің актiлерi мен тапсырмаларын орындайды;
14)Басқарманыңқұрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
15) құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;
16) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
17) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;
18) соттаБасқарманыңмүддесін білдіреді,Басқармаатынан талапкер, жауапкер ретінде әрекет етеді;
19) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқармабасшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20.Басқармабасшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4-тарау.Басқарманыңмүлкі
21.Басқарманыңзаңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманыңмүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22.Басқармағабекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Басқармағақатысты коммуналдық меншік құқығының субъектісі болып «Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі табылады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе,Басқармаөзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау.Басқарманықайта ұйымдастыру және тарату
24.Басқарманықайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманыңқарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1) «Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі және талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
3) «Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) «Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім және тілдер орталығы»коммуналдық мемлекеттік мекемесі.