Журналистерді аккредиттеу дегеніміз не, ол қалай жүзеге асырылады?
Журналистерді аккредиттеу - бұл журналистің немесе бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) өкілінің ресми түрде танылуы және белгілі бір мемлекеттік органның немесе ұйымның іс-шараларына қатысуға құқық алу рәсімі.
Аккредиттеу арқылы журналист іс-шараларға ресми қатысып, ақпарат жинауға мүмкіндік алады. БАҚ өз журналистері үшін өтініш жібереді ( бас редактордың немесе меншік иесінің құжаттары мен жеке басын куәландыратын деректер қоса беріледі). Ұйым өтінімді қарайды және қабылданған шешім туралы БАҚ-қа хабарлайды. Аккредиттелген журналист органдардың іс-шараларына қатыса алады.
Толық ақпаратты https://ortcom.kz/kk/accreditation-smi сілтемесі арқылы алуға болады.