Бүгінгі таңда, облыста 1 мыңнан астам волонтер, 30-ға жуық волонтерлік топ, сондай-ақ «Ассамблея жастары» қозғалысының белсенді еріктілері қоғамдық жұмыстарға тұрақты түрде атсалысуда.
Бұл іске «Облыстық волонтерлер фронт-офисі», «Волонтеры Кызылорды», «Сыр волонтерлері», «Ашық жүрек» волонтерлер лигасы, «Жалын» волонтерлер штабы, «Қармақшы Демеу», «Жаңарған Жаңақорған жастары» ұйымдары мен бастамашыл топтар елеулі үлес қосуда.
Облыстық волонтерлер фронт-офисімен қатар, барлық деңгейдегі «Жастар ресурстық орталықтары» жанынан аймақтық волонтерлер фронт-офистері құрылған.
Сонымен бірге, 8 бағыттағы «Bilim», «Sabaqtastyq», «Asylmura», «Qamqor», «TazaÁlem», «Úmit», «Saýlyq», «Ayala» секілді бастамалар азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған нақты жұмыстармен ерекшеленеді.
Мемлекет Басшысының бастамасымен 2026 жыл БҰҰ Бас Ассамблеясымен «Орнықты даму жолында Халықаралық еріктілер жылы» деп жариялады.
Осыған сәйкес, жергілікті бюджеттен халықаралық және республикалық деңгейдегі екі ауқымды шараны атқаруға қаражат бөлінді.
Ағымдағы жылғы тамыз айында республикалық деңгейде волонтерлер слеті жастар мен еріктілердің тәжірибе алмасуы, жаңа бастамаларды талқылау және қоғам игілігіне арналған жобаларды дамытуға арналған кең ауқымды мүмкіндіктер беріледі.
Қазан айында халықаралық «Green Aral: Volunteers for Life»
халықаралық еріктілер апталығы Арал маңы табиғатын қалпына келтіру және экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған жобалар іске асырылатын болады.
Сондай-ақ, Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығы тарапынан «Халықарылық волонтерлар жылын ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі жүзеге асырылады.