Бейбіт жиналыстар өткізуге қалай өтініш беруге болады?

    ·
    Сұрақ

    Бейбіт жиналыстар өткізуге қалай өтініш беруге болады?

    Жауап

    Азаматтардың бейбіт жиналыстары жергілікті атқарушы органға берілетін хабарлама немесе келісуді алу туралы өтініш негізінде өткізіледі. Қарау тәртібі Қазақстан Республикасының «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген бейбіт жиналыс нысанына байланысты анықталады.

    Митинг, пикет және жиналыс өткізу үшін — хабарлама беріледі.

    Шеру мен демонстрация өткізу үшін — келісуді алу туралы өтініш беріледі.

    Хабарлама немесе өтініш е-Otinish жүйесі арқылы өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен электронды түрде немесе жергілікті атқарушы органның азаматтарды қабылдау орталығына барып, жеке түрде беріледі. Азамат дайын арызды тапсыра алады немесе оны сол жерде ресімдей алады. Арыз түскен күні тіркеледі.

    Хабарламаны қарау мерзімі – 3 жұмыс күніне дейін, өтінішті қарау мерзімі –

    7 жұмыс күніне дейін.

    Хабарламада немесе өтініште келесі мәліметтер көрсетіледі: іс-шараның мақсаты мен нысаны, өткізу күні мен уақыты (басталуы және аяқталуы), өткізу орны немесе жүру маршруты, қатысушылардың болжамды саны, ұйымдастырушы туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, мекенжайы, байланыс деректері), дыбыс күшейткіш құралдарды, көлік немесе өзге де заттарды пайдалану туралы ақпарат, қаржыландыру көздері, арыз берушінің қолы және арыз беру күні.

    Хабарлама бейбіт жиналыс өткізілетін күнге дейін кемінде 5 жұмыс күні бұрын, келісуді алу туралы өтініш — кемінде

    10 жұмыс күні бұрын берілуі тиіс.

    Тіркеуден кейін жергілікті атқарушы орган ұсынылған мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын, өткізілетін орынның, жүру маршрутының және уақыттың заң талаптарына сәйкестігін тексереді. Қарау нәтижесінде жергілікті атқарушы орган келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

    - бейбіт жиналыс өткізуге келісім беру;

    - өткізу орнын және (немесе) жүру маршрутын не уақытты өзгерту туралы ұсыныс енгізу. Ұйымдастырушы 1 жұмыс күні ішінде өз келісімін немесе келіспеуін хабарлауға міндетті;

    - заңда көзделген негіздер болған жағдайда бас тарту.

    Қабылданған шешім арыз берушіге: қолма-қол, тапсырысты хатпен, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық түрде, арызда көрсетілген электрондық пошта немесе ұялы байланыс нөмірі арқылы жіберіледі.

    Жергілікті атқарушы органның бейбіт жиналыстарды өткізуге келісім беруден бас тартуы мүмкін жағдайлардың толық тізбесі Заңда белгіленген:

    - егер олардың мақсаттары Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздыру, Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің басқа да ережелерін бұзу болып табылса;

    - егер бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы Заңға сәйкес ұйымдастыру құқығынан айырылған тұлға болса;

    - егер мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіптің бұзылуына, денсаулық сақтауға, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына қатер төнсе;

    - егер бейбіт жиналыстарды өткізу туралы хабарлама немесе келісім алу туралы өтінішті ұсыну мерзімдері сақталмаса;

    - егер ұсынылған ақпарат толық болмаса; ұсынылған құжаттарда жалған мәліметтер анықталса; не бейбіт жиналыстарды өткізуге қажетті құжаттар мен деректер Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

    - егер бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізуге арналған қаржыландыру келесі тұлғалар тарапынан жүзеге асырылса:

    жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғалар және (немесе) заңды тұлғалар;

    қызметі Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған заңды тұлға;

    шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар жүзеге асырса.

    - егер бейбіт жиналыстарды өткізу өмірлік маңызы бар объектілердің, көлік немесе әлеуметтік инфрақұрылымның, байланыс жүйелерінің жұмыс істеуіне кедергі келтірсе, көлік пен инфрақұрылым объектілерінің үздіксіз жұмысын, көгалдар мен шағын сәулеттік нысандардың, басқа да мүліктің сақталуын бұзса, сондай-ақ азаматтардың еркін қозғалысына кедергі келтірсе;

    - егер қатысушылардың болжамды саны бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормаларынан асып түссе;

    - егер осындай іс-шараларды өткізудің болжамды уақытында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда басқа ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шаралардың өткізілуі жоспарланса, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүзеге асырылып жатса.

    Бас тарту туралы шешім «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдер және әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» (ӘРПК)-нің 91-бабына сәйкес белгіленген тәртіппен шағымдануға жатады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының ережесі қандай, кімдер қатыса алады?

    Жауап

    «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысу шарттары мен ережесі Конкурсқа қатысуға шақырылатын отбасылар: Ұлттық конкурсқа үміткер отбасының мүшелері еңбек, спорт, шығармашылық, зияткерлік немесе ғылыми жетістіктерге ие болуы тиіс. Сондай-ақ, қоғамдық пайдалы қызметпен (волонтерлі...

    ·
    Сұрақ

    Журналистерді аккредиттеу дегеніміз не, ол қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Журналистерді аккредиттеу - бұл журналистің немесе бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) өкілінің ресми түрде танылуы және белгілі бір мемлекеттік органның немесе ұйымның іс-шараларына қатысуға құқық алу рәсімі. Аккредиттеу арқылы журналист іс-шараларға ресми қатысып, ақпарат жина...

    ·
    Сұрақ

    Өңірде волонтерлік бағытта қандай маңызды жобалар жүзеге асырылуда?

    Жауап

    Бүгінгі таңда, облыста 1 мыңнан астам волонтер, 30-ға жуық волонтерлік топ, сондай-ақ «Ассамблея жастары» қозғалысының белсенді еріктілері қоғамдық жұмыстарға тұрақты түрде атсалысуда. Бұл іске «Облыстық волонтерлер фронт-офисі», «Волонтеры Кызылорды», «Сыр волонтерлері», «Ашық ж...

    ·
    Сұрақ

    «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарына қалай жұмысқа орналасуға болады?

    Жауап

    Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес, 2026 жылы «Жасыл ел жастарды көркейту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына тарту» жобасы жүзеге асырылады. Әлеуметтік жобаға маусым-тамыз айларында Қызылорда қаласы және барлық ауданд...

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыс конкурсына қатысу ережелері мен қатысушыларға қойылатын талаптарды қайдан білуге болады?

    Жауап

    Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыс конкурсы туралы хабарлама басқарманың ресми сайтында жарияланып, қажетті құжаттар тізімі көрсетіледі. Сонымен қатар, Байқауға қатысушыларға қойылатын барлық талаптармен «Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық...

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік мекемелерде тіл туралы заңның сақталуына мерзімді тексеру жүргізудің критерийлері қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 25-6-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік мекемелерді алдыңғы тексерулердің, есептілік пен мониторингінің мәліметтері, интернет-ресурстарын талдау нәтижелері, субъектіні мерз...

    ·
    Сұрақ

    Қызылорда облысының жастарына тұрғын үй сатып алу немесе алу мүмкіндігін кеңейтуге қатысты қандай мемлекеттік бағдарламалар қарастырылған?

    Жауап

    Аймақ басшысы Н.М. Нәлібаев 2022 жылдың желтоқсанында өткен Жастар ісі жөніндегі кеңесте қызылордалық жастар үшін жеңілдетілген ипотекалық несие беруге бағытталған «Сыр жастары» бағдарламасының жүзеге асырылатыны туралы айтты. Бағдарламаның ережелері Қызылорда облыстық мәслихатын...

    ·
    Сұрақ

    Облыстық Қазақстан халхы Ассамблеясының құрамына қалай кіруге болады?

    Жауап

    Үміткерлерді өңірдегі этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, Облыстық ҚХА жанындағы құрылымдар ұсынады. Үміткерлер тізімі тиісті орган — уәкілетті мемлекеттік орган арқылы соттылығы, азаматтығы, заңнамалық талаптардан өтуі жағынан тексеріледі. Тексеру оң болған кезде үміткерд...

    ·