
Каюпов Руслан Мұхамедәліұлы
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы
Руслан Мұхамедәліұлы 1984 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді, «Экономика» мамандығы бойынша білім алған. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша «Экономика және бизнес» магистрі. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі, «Мемлекеттік саясат» білім беру бағдарламасы бойынша «Бизнес және басқару» магистрі.














