
Боранбаев Аралбек Жұбатқанұлы
«Қоғамдық даму басқармасы» қарасты «Ақпараттық-талдау орталығы» КММ директоры
Өмірбаян
Боранбаев Аралбек Жұбатқанұлы 1983 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келген.
Жоғары білімді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттанушы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы «Жастар үні» қоғамдық ұйымының төрағасы болып бастаған.
2005 жылы «ЕЛІМ-АЙ» қоғамдық ұйымының атқарушы директоры;
2006 жылы Қызылорда қаласы әкімдігінің штаттан тыс қызметкері;
2007-2014 жылдары «Қазақстан» РТРК АҚ Қызылорда облыстық филиалының редакторы;
2015-2016 жылдары «Ұшқыр жебе» қоғамдық қорының төрағасы;
2017-2024 жылдары Қызылорда облысының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директорының орынбасары қызметін атқарды.
2024 жылдың 12 тамызынан бастап Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Ақпараттық-талдау орталығы» КММ-нің директоры қызметін атқарып келеді.




