Сахиев Сәулет Ерназарұлы

    Мониторинг және талдау бөлімі

    Сахиев Сәулет Ерназарұлы
    Руководитель отдела

    Сахиев Сәулет Ерназарұлы

    Мониторинг және талдау бөлімі

    Өмірбаян

    Сахиев Саулет Ерназарұлы 1980 жылы 24 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

    1987-1998 жж. Қызылорда қаласындағы №1,1 Май атындағы орта мектепте оқыған.

    1998-2002 жж. Х.А.Яссауй атындағы Халықаралық Қазақ–Түрік университетінде оқып, тарихшы мамандығын алған.

    2002-2005 жж. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің «Саясаттану және әлеуметтану» кафедрасында оқытушы болып жумыс атқарған.

    2005-2007 жж. Мәскеу қаласындағы Ресей Ғылым Академисы Шығыстану институтында аспирантура оқып, бітірген.

    2008 жылы Ресей Халықтар Достастығы университетінде «Казахстанско – российское сотрудничество как фактор региональной безопасности в Центральной Азии» тақырыбы, 23.00.04- шифр мамандығы бойынша диссертациясын қорғап, саяси ғылымдарының кандидаты атанған.

    2008 жылдан бері - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің "Қазақстан тарихы, саясаттану және әлеуметтану кафедрасында, одан кейін «Философия және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы қызметін 0,5 жүктемемен штаттан тыс, қосымша жұмыс ретінде атқарып келеді;

    2013-2018 жж. - «Сыр медиа» ЖШС жанындағы ақпараттық-талдау орталығының басшысы;

    2018 – 2019 жж. – Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ "Этносаралық қатынастарды талдау және мониторинг" бөлімінің басшысы;

    2019-2020 жж. – Облыстық ішкі саясат басқармасының жанындағы «Ақпараттық-талдау орталығы» КММ директоры.

    2021 жылдың сәуір айынан бастап 2022 жылдың 25 шілдесіне дейін - Облыстық ішкі саясат басқармасының жанындағы «Рухани жаңғыру орталығы» КММ директорының орынбасары.

    2022 жылдың 25 шілдесінен 4 қарашасына дейін – Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары.

    2022 жылдың 4 қарашасынан бастап – Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Дін істері бөлімінің» басшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері