
Тлеубаева Алма Шайкамалқызы
Бухгалтерлік есеп және әкімшілік бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Тілеубаева Алма Шайкамалқызы 1974 жылы 4 ақпанда Қызылорда облысы Сырдария ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді. Қызылорда политехникалық институтында «Бухгалтерлік есеп және аудит» және «Болашақ» университетінде «Құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолын 1996 жылы «Арман ЛТД» мекемесінде экономист-бухгалтер болып бастаған.
- 1999-2005 жылдары «Шипа» ЖШС бухгалтер, атқарушы директор;
- 2005-2006 жылдары Сырдария аудандық мәдениет үйінде кассир;
- 2006-2014 жылдары Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімінің бухгалтері;
- 2014-2015 жылдары Қызылорда облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы;
- 2015 жылдың қаңтар-қазан айлары Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының бас маман-есепшісі;
- 2015-2017 жылдары Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы;
- 2017-2020 жылдары Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы;
-2020 жылдан бастап Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының мемлекеттік сатып алу және бухгалтерлік есеп бөлімі басшысының міндетін атқарушы қызметін атқарды.
-2022 жылдан бастап Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының Бухгалтерлік есеп және әкімшілік бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.



