Қызметкерлер — Аршалы ауданының әкімдігі
Аршалы ауданының әкімдігі басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.
Басшылық
6
Бекбаев Абай Болатұлы
Аршалы ауданы әкімінің орынбасары
Бекбаев Абай Болатұлы 1984 жылы Көкшетау қаласында дүниеге келген. 2005 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Социология» мамандығы бойынша (үздік дипломмен) бітірген. 2015 жылы Шығыс Англия университетінің (Ұлыбритания) магистратурасын «Әлеуметтік және саяси теория» мамандығы бойынша бітірген. Халықаралық «Болашақ» Президенттік бағдарламасының стипендианты. 2025 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша оқуын аяқтады. Т Қазақ, орыс, ағылшын, чех тілдерін меңгерген. Еңбек жолы: 2005 жыл: Еңбек жолын ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Президенттік мәдениет орталығында ғылыми қызметкер ретінде бастаған. 2005-2007 жылдар: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жастар саясаты департаментінде жетекші, бас маман. 2008-2010 жылдар: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас маманы, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының кеңесшісі, бөлім меңгерушісі. 2011-2016 жылдар: Жеке секторда жұмыс істеді. 2017-2018 жылдар: Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасы жанындағы Өңірлік коммуникациялар қызметінің басшысы. 2018-2020 жылдар: Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің орынбасары. 2021 жылдан бастап: Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімінің орынбасары.

Канафин Қанат Бекайдарұлы
Аудан әкімінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі орынбасары
Қанафин Қанат Беғайдарұлы 1989 жылы 15 наурызда Ақмола облысы Бұланды ауданы Партизанка ауылында дүниеге келген. Білімі — жоғары: 2008 жылы «Ақмола қаржы-экономикалық колледжі» АҚ-ын «Қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген.

Асанова Людмила Сабировна
Руководитель аппарата акима
1981 жылдың 26 наурызында Целиноград облысы Краснознаменский ауданы Краснознаменское ауылында туылған. 2005 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттiк агротехникалық университетiн кәсiптiк оқыту және еңбек мамандығы бойынша, 2013 жылы Орталық-Қазақстан Академиясын қаржы мамандығы бойынша бiтiрген.

Әлсейіт Еркебұлан Асанбайұлы
Аудан әкімінің орынбасары - экономика, бюджеттік жоспарлау, ауыл шаруашылығы, индустрияландыру, кәсіпкерлік, инвестициялар және туризм мәселелері бойынша
1983 жылғы 22 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Заңгер» мамандығы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша және М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Су ресурстары және суды қолдану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы Шымкент қаласындағы «Автомобиль жолдары» қауымдастығында заңгер болып бастаған. 2007-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығында инспектор, операциялық залдың басшысы және кадр бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. 2009-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазагромелиосушар» республикалық мемлекеттік мекемесінің Республикалық әдістемелік орталығында ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы және директордың орынбасары болып жұмыс істеген. 2012-2019 жылдары «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында қалалық және аудандық бөлімдердің басшысы, филиал директорының орынбасары, кейін филиал директоры қызметтерін атқарған. 2019-2022 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінде, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі және Түркістан қаласы әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған. 2023-2026 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты Жалпы бөлімінің бас консультанты лауазымында жұмыс істеген. 2026 жылдан бастап Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімінің орынбасары.

Дуйсекин Алмат Тулемисович
Әкім аппаратының басшысы
Дуйсекин Алмат Тулемисович 1983 жылы 24 ақпанда Қостанай облысы Арқалық ауданы Ангарское ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2005 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін "Ауыл шаруашылығы өнімдерін стандарттау және сертификаттау"мамандығы бойынша бітірген.
Бөлім
15
Амангелдинов Амангелді Қуандықұлы
Бөлімінің басшысы
1990 жылы 21 маусымда Целиноград облысы Вишневский ауданы Михайловка ауылында дүниеге келген. 2011 жылы Еуразия Гуманитарлық институтын Құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
- - -
Бөлім басшысы
Функционалдық міндеттері: 1. Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді. 2. Бөлімде бақылаудағы құжаттардың, шешімдер мен өкімдердің, хаттардың, өтініштер мен шағымдардың орындалу мерзімдерінің сақталуын, дайындалатын жауаптар мен ақпараттардың сапасын бақылауды жүзеге асырады. 3. Мемлекеттік сатып алу және Мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау. 4. Аршалы ауданында (бұдан әрі-аудан) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнама нормаларының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. 5. Ауданда бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес құрылысқа бөлінген жерлердің пайдаланылуына, аудан аумағындағы ескерткіштерді қорғау мен қалпына келтіруге, Геодезиялық белгілерді қорғауға, топографиялық-геодезиялық схемаларды жинау мен сақтауға бақылауды жүзеге асыру, бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес құрылыс жобаларының іске асырылуын қадағалау, құрылыс тәртібін сақтау. 6. Аудандық жоспарлау жобасы бойынша сәулеттік жоспарлау тапсырмалары мен ұсыныстарын дайындау. 7. Жекелеген объектілер мен кешендердің жобаларын қарайды және келіседі. 8. Ауданның қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ ауданның елді мекендерінің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді және аудандық мәслихатқа бекітуге ұсынуды ұйымдастыру. 9. Әкімдіктің басқа бөлімдерімен, жобалау ұйымдарымен бірлесіп бастапқы деректерді және жобалауға арналған тапсырмаларды дайындау бойынша жұмысты ұйымдастырады. 10. Аудандағы құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдауды және оларды пайдаланушы ұйымдарға беруді ұйымдастырады. 11. Белгіленген тәртіппен Тапсырыс берушінің күрделі құрылыс, объектілерді, ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялау саласындағы функцияларын жүзеге асырады. 12. Бөлінген қаражат пен күрделі салымдар лимиттеріне сәйкес жобалау-іздестіру жұмыстарының жұмыс істеуін, объектілерді салу мен қайта жаңартуды қамтамасыз етеді. 13. Аудан құрылысы саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды жүзеге асырады. 14. Құрылыс, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау, аудандық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау. 15. Тұрғын үй, әлеуметтік мәдени-тұрмыстық объектілерді салуға, қайта жаңартуға және күрделі жөндеуге материалдар дайындау және тендерлер өткізу, объектілерді пайдалануға беру жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмысына қатысады. 16. Мемлекеттік сатып алу және Мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру, бюджет қаражатының тиімді орындалуын бақылау және жұмысты ұйымдастыру. 17. Салынып жатқан объектілер мен кешендерге мониторинг жүргізу. 18. Авторлық қадағалаудың жүзеге асырылуын бақылау. 19. Ауданда объектілерді салуға және реконструкциялауға арналған жобаларды келісу. 20. Ауданның жер комиссиясының жұмысына, мемлекеттік қабылдау комиссиясына қатысу. 21. Ғимараттарға, құрылыстарға реттік нөмірлер беру, атауы жоқ көшелер тізбесін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізу. 22. Жарнама қалқандарының, билбордтардың эскиздерін бекіту, ағымдағы құрылысты реттеу. 23. Жеке құрылыстың эскиздік және жұмыс жобаларын келісу, сондай-ақ олардың құрылыс салу жобаларын және учаскелерді абаттандыруды сақтауын бақылауды жүзеге асыру. 24. Мемлекеттік кадастрды жүргізу, әзірлеу және өзге де құжаттама мәселелері бойынша бақылау. 25. Бөлімде бақылаудағы құжаттардың, шешімдер мен өкімдердің, хаттардың, өтініштер мен шағымдардың орындалу мерзімдерінің сақталуын, дайындалатын жауаптар мен ақпараттардың сапасын бақылауды жүзеге асырады. 26. Бөлімнің материалдық құндылықтары мен қаржы құралдарының пайдаланылуына бақылау жасау. 27. «Е-қызмет» ИАЖ, мұрағаттық және кадрлық іс жүргізуді бақылау. 28. Сәулет және қала құрылысы мәселелері бойынша практикалық көмек көрсету. 29. Қарамағындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу. 30. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басшылық анықтайтын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Оспанова Күлпаш Балтабайқызы
«Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ директоры
1960 жылғы 4 тамызда Қарағанды облысы, Қарағанды қаласында дүниеге келген, ұлты – қазақ. Қарағанды қаласындағы Центросоюздың Қарағанды кооператив институтын (1981 ж.), Астана қаласындағы «Тұран» университетін (2002 ж.) тәмамдаған. Еңбек жолы: 1981 жылдан 1999 жылға дейін Қазтұтынуодағы жүйесінде еңбек етіп, Вишнев ауданы бойынша ревизиялық комиссияның төрайымы қызметін атқарған. 2003–2005 жылдары – Аршалы аудандық АХАТ бөлімінің бастығы. 2005 жылдан 2019 жылға дейін – Аршалы аудандық әділет басқармасының басшысы. 2019 жылдан 2025 жылға дейін – Аршалы аудандық Қоғамдық кеңесінің төрайымы. 2023 жылы Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының Аршалы аудандық АХАТ бөлімінің басшысы болып тағайындалды. 2023 жылы Аршалы аудандық кәсіподақ төрайымы болып сайланды. 44 жылдық еңбек өтілі ішінде бірде-бір тәртіптік жаза алмаған. Адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен наградталған. Сондай-ақ «Қазақстан Республикасы әділет органдарының үздік қызметкері», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Әділет органдарының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін», «Кәсіподақ қайраткері», «Кәсіподақ қызметінің дамуына қосқан үлесі үшін» медальдарымен марапатталған. «Заң» төсбелгісінің иегері. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құрмет грамоталарымен, Ақмола облысы әкімінің, Аршалы ауданы әкімінің, Ақмола облысы Әділет департаментінің көптеген Алғыс хаттарымен бірнеше рет марапатталған.

Накохова Фатима Зукерқызы
Бөлім басшысы
1975 жылы 25 сәуірде Қарашай - Черкес автономиялық республикасының Хабыл ауданы Эркен - Шахар кентінде дүниеге келген. 2001 жылы Шымкент Халықаралық қазақ — араб университетін Дінтану мамандығы бойынша бітірген.

Ниевина Татьяна Васильевна
Бөлім басшысы
1976 жылы 24 қарашада Целиноград облысы, Вишнев ауданы, Вишнев кентiнде дүниеге келген. 1999 жылы «Ауыл шаруашылығы дақылдарын селекциялау» мамандығы бойынша С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетiн бiтiрген. Агроном-селекционер ғалым бiлiктiлiгi берiлдi. 2004 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетiн «Бухгалтерлiк есеп және аудит» мамандығы бойынша сырттай аяқтады. Экономист бiлiктiлiгi берiлдi.

Ивликов Григорий Анатольевич
Бөлім басшысының м.а.
1985 жылғы 11 желтоқсанда Қазақ ССР Целиноград облысы Вишнев ауданы Вишневка поселкесінде дүниеге келген. Еңбек жолын 2007 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жүйесінде бастады. 2007 жылдың маусым айында «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақмола облыстық Аршалы аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің тұқым шаруашылығы жөніндегі бас маманының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды. 2007 жылдың қыркүйегінен 2008 жылдың наурызына дейін «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Аршалы аудандық аумақтық инспекциясы» ММ бас маманы болып жұмыс істеді. 2008 жылдың наурызынан 2009 жылдың қыркүйегіне дейін Ақмола облысы «Аршалы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ маркетинг жөніндегі бас маманы лауазымын атқарды. 2009 жылдың қыркүйегінен 2011 жылдың қаңтарына дейін Ақмола облысы «Аршалы ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы болып жұмыс істеді. 2011 жылдың қаңтарынан 2013 жылдың мамырына дейін Ақмола облысы «Аршалы ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ жерге орналастыру жөніндегі бас маманы лауазымын атқарды. 2013 жылдың мамыры мен тамызы аралығында Ақмола облысы «Аршалы ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы болып жұмыс істеді. 2013 жылдың қыркүйегінен 2016 жылдың қазан айына дейін Ақмола облысы Аршалы ауданы «Ақтасты-Агро» ЖШС директорының заң мәселелері жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. 2016 жылдың қазан-желтоқсан айларында «Ақмола облысы Аршалы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарды. 2016 жылдың желтоқсанынан 2017 жылдың наурызына дейін Ақмола облысы Аршалы ауданы Аршалы поселкесі әкімінің міндетін атқарды. 2017 жылдың наурызы мен маусымы аралығында Ақмола облысы Аршалы ауданы Аршалы поселкесінің әкімі лауазымын атқарды. Мемлекеттік қызметтегі үзілістен кейін 2021 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың сәуіріне дейін «Аршалы поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы болып жұмыс істеді. 2023 жылдың сәуірінен 2024 жылдың маусымына дейін «Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманы болып жұмыс істеді. 2024 жылдың маусымынан 2026 жылдың қаңтарына дейін «Аршалы ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ сектор меңгерушісі лауазымын атқарды. 2026 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Аршалы ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысының м.а.

Асанова Людмила Сабировна
Бөлім басшысы
Асанова Людмила Сабировна 1981 жылы 26 наурызда Егіндікөл ауданы Ақмола облысында Егіндікөл ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. 2005 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетін "кәсіптік оқыту және еңбек"мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылы Орталық Қазақстан академиясын "Қаржы"мамандығы бойынша бітірді.

Қажетов Абай Қабденұлы
Бөлім басшысы
Қажетов Абай Қабденұлы 1975 жылы 21 шілдеде Қостанай облысы Амангелді ауданы Амангелді ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді

Инсебаев Самат Талғатұлы
Бөлім басшысы
1984 жылы 7 шілдеде Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қаласында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. 2006 жылы" Қазақ гуманитарлық заң университетінің ""құқықтану" факультетін бітірген. 2007 жылдан 2009 жылға дейін "Алматы Экономика және статистика академиясының" "Қаржы"мамандығы бойынша студенті.

Сафарбаев Асылбек Мұратбекұлы
Бөлім басшысы
Сафарбаев Асылбек Мұратбекұлы 1991 жылғы 7 қарашада Канимех кентінде (Өзбекстан) дүниеге келген. Білімі: 2010 жыл — экономист-бухгалтерлік есеп және аудит (Басқару колледжі), 2014 жыл — мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері ("Esil University" / Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті), 2022 жыл — жылу энергетикалық инженерия (С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ). Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр. Еңбек жолы: 2011–2016 жж. — Еңбек жолын коммерциялық секторда бастады («Жаңа Брокер» ЖШС трейдері), кейін Степногорск қаласы әкімі аппаратының әдіскері болып жұмыс істеді. 2016–2021 жж. — Жергілікті атқарушы билік құрылымдарында қызмет етті. Степногорск қаласы және Астана қаласы Байқоңыр ауданы әкімдіктері аппараттарының бас маманы болды. Степногорск қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі және басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды. 2021–2023 жж. — Орталық мемлекеттік орган деңгейіне ауысып, ҚР Ұлттық экономика министрлігінде (Жұмылдыру дайындығы және Өңірлерді талдау департаменттерінде) сарапшы және бас сарапшы болып жұмыс істеді. 2023–2024 жж. — «Samruk-Kazyna Construction» АҚ жетекші маманы лауазымын атқарды. 2024–2026 жж. — Целиноград (Ақмол ауылы) және Сандықтау (Балкашин ауылы) аудандарының ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімдерін басқарды. 2026 жылғы 20 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін Акмола облысы Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметін атқарады.

Оңдаш Гүлнұр Қарасайқызы
Бөлім басшысы
Оңдаш Гүлнұр Қарасайқызы 1984 жылы 07 сәуірде Қаз КСР Қызылорда облысының Қызылорда қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2006 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын "Бухгалтерлік есеп және аудит"мамандығы бойынша бітірген.

Усович Алла Георгиевна
Бөлім басшысы
Усович Алла Георгиевна 1990 жылғы 18 тамызда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Атасу ауылында дүниеге келген. 2010 жылы Қызыләскер аграрлық-техникалық колледжін «АӨК-тегі менеджмент» мамандығы бойынша аяқтады. 2014 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдады.

Вальчук Юлия Юрьевна
Бөлім басшысы
Вальчук Юлия Юрьевна 1995 жылы 27 сәуірде Ақмола облысы Жақсы ауданы Киров ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2017 жылы "Тұран-Астана" университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару"мамандығы бойынша бітірген.

Баймагамбетов Азамат Дюсенбаевич
Бөлім басшысы
Баймагамбетов Азамат Дюсенбаевич 1986 жылы 19 наурызда ҚазКСР Алматы қаласында дүниеге келген . Білімі жоғары , 2008 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын " Өрт қауіпсіздігі " мамандығы бойынша бітірген .

Ақылбекова Анара Сағатқызы
Бөлім басшысы
Ақылбекова Анара Сағатовна 1987 жылғы 9 шілдеде ҚазССР-дің Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Қорғалжын кентінде дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Қазақстан Республикасының азаматы. Тіркелген мекенжайы: ҚР, Астана қаласы, К. Азирбаев көшесі, 4/1 үй, 85-пәтер. Нақты тұратын мекенжайы: ҚР, Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Аршалы кенті, Заводская көшесі, 24-үй. Білімі: 2002–2005 жылдары Астана қаласындағы Ақмола қаржы-экономикалық колледжінде «Кеден ісі» мамандығы бойынша (ТД-4 тобы) оқып, «Кеден қызметінің маманы» біліктілігін алған. Жоғары білімі: Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты, «Құқықтану» мамандығы, 2024 жыл. Еңбек өтілі: 16.07.2008 ж. – 30.03.2011 ж. аралығында Астана қаласындағы «ЕЦ-166/10 мекемесі» арнайы есеп бөлімі инспектор-маманы. 01.04.2011 ж. бастап Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Аршалы кентіндегі «ЕЦ-166/5 мекемесінде» кеңсе инспекторы. 28.12.2015 ж. – 04.03.2016 ж. аралығында осы мекемеде мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі инспектор қызметіне ауыстырылған. 01.05.2016 ж. – 26.05.2016 ж. аралығында Астана қаласындағы №67 «Шұғыла» балабақшасында іс жүргізуші. 02.06.2016 ж. – 28.02.2017 ж. аралығында Астана қаласындағы «ЕЦ-166/10 мекемесінде» мемлекеттік құпияларды қорғау тобының инспекторы. 15.05.2017 ж. – 02.09.2017 ж. аралығында Астана қаласындағы «Бәйтерек-Финанс» ЖШС ломбардында сарапшы-бағалаушы. 15.08.2019 ж. – 19.09.2022 ж. аралығында Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Аршалы кентіндегі «ЕЦ-166/5 мекемесінде» кеңсе инспекторы. 20.09.2022 ж. – 05.08.2024 ж. аралығында Ақмола облысы, Аршалы ауданы әкімінің аппаратында құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылық қызметі бөлімінің бас маманы. 06.08.2024 ж. – 01.12.2025 ж. аралығында Ақмола облысы, Аршалы ауданы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын талдау жөніндегі бас инспектор. 01.12.2025 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін Ақмола облысы, Аршалы ауданы әкімінің аппаратында заң қызметінің басшысы.
Басқа қызметкерлер
18
Мұханбеджанов Талғат Қойбағарұлы
Аршалы ауданының әкімі
Мұханбеджанов Талғат Қойбағарұлы, 1967 жылы туған, Көкшетау облысының тумасы, үш жоғары бiлiмi бар. С.Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттiк педагогикалық институтын, А. Мырзахметов атындағы Кокшетау университетiн және Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетiн бiтiрген.

Есенгартова Гүлнәр Серікбайқызы
Уполномоченный по этике
1981 жылдың 13 сәуiрiнде Омбы қаласында туылған. 2005 жылы Солтүстiк-Қазақстан заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бiтiрген.
Аманжолов Ербол Куатович
Руководитель отдела
Мен, Аманжолов Ербол Қуатұлы 1991 жылы 16 қарашада ҚазКСР Целиноград облысы Вишневка ауданының Раздольное ауылында дүниеге келдiм. Ұлты-қазақ. Қазақстан Республикасының азаматы. Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Берсуат ауылы, Береке көшесi, 18 үй мекен жайында тiркеуде тұрады және тұрады. Бiлiмi орта бiлiмнен кейiн. 2007 жылдан 2010 жылға дейiн Қазтұтынуодағы Ақмола сауда-экономикалық колледжiнiң оқушысы, 2007 жылдан 2010 жылға дейiн маркетинг мамандығы бойынша 31м топ, бiлiктiлiгi маркетолог. Бiлiмi-жоғары. 2014 жылдан 2017 жылға дейiн Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университетiнiң "экономика" мамандығы, "Экономика және бизнес бакалавры" бiлiктiлiгi бойынша студентi. Әскери мiндеттi. 03.12.2010 жылы Аршалы ауданы ҚIБ шақыру комиссиясымен мерзiмдi әскери қызметке шақырылған. Қарағанды қаласының Сәтпаев көшесi 93/2, 6505 әскери бөлiмiнде iшкi әскерлерде атқыш — радиотелефоншы, атағы — ефрейтор болып қызмет еттi. 05.12.2011 жылы запасқа шығарылды. Аршалы аудандық әскери комиссариатымен 12.12.2011 жылы есепке алынған.


Агибаева Ақмарал Тлеубайқызы
Жібек Жолы ауылдық округінің әкімі
Агибаева Акмарал Тлеубаевна 1988 жылғы 18 мамыр Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Отар станциясында дүниеге келді. 2024 жылғы 28 маусымда Жезқазған бизнес және көлік колледжін аяқтаған. Мамандығы: Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару. Еңбек жолы: 04.03.2013 – 30.09.2015: Директордың экономика жөніндегі орынбасары 12.11.2015 – 31.05.2016: «Санадия» ЖШС, менеджер 04.01.2017 – 04.01.2019: №48 мектеп-лицейі, лаборант 03.09.2018 – 03.02.2020: «№3 Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» (ППТК-3) ММ, педагог-психолог 28.06.2021 – 16.11.2021: «Oil Service» ЖК, менеджер 14.03.2022 – 15.09.2022: «Қалдыханова Жазира Байдаулетқызы» ЖК, менеджер 25.09.2024 – 28.12.2025: «Агибаева» ЖК, директор 10.02.2026 жылдан бастап: Жібек жолы ауылдық округінің әкімі

Чернов Дмитрий Николаевич
Ижев ауылдық округінің әкімі
Өмiрбаяны Чернов Дмитрий Николаевич 1983 жылы 02 Наурызда Целиноград облысы Вишневский ауданы Вишневка кентiнде дүниеге келген 2004 жылы Астана қаласының басқару институтын бiтiрдi, мамандығы Мемлекеттiк және жергiлiктi басқару, бiлiктiлiгi менеджер. 2007 жылы РМҚК "Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттiк университетi, Құқықтану мамандығы, құқықтану бакалавры. 2004 жылы Аршалы кентi "Аршалы ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi" ММ маркетинг және ақпарат бойынша бас маманы; 2005 жылдан бастап Аршалы кентi "Аршалы ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi" ММ маркетинг және ақпарат бойынша бас маманы; 2006 жылдан Астана қаласы"Стимул-НС" СК ЖШС жинақтау бөлiмiнiң инженерi. 2010 жылдан бастап "Аршалы ауданы әкiмiнiң аппараты" ММ мемлекеттiк — құқықтық бөлiмi бас маманының мiндетiн атқарушы, "Аршалы ауданы әкiмiнiң аппараты" ММ мемлекеттiк — құқықтық бөлiмiнiң бас маманы, "Аршалы ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" ММ бас маманы, "Аршалы ауданы әкiмiнiң аппараты"ММ әкiмшiлiк бөлiмiнiң АҚ және ТЖ бас маманы. 2011 жылғы 23 қыркүйектен 2017 жылғы 07 тамызға дейiн Анар ауылдық округiнiң әкiмi; 2017 жылдан 2019 жылға дейiн Аршалы кентi, "ЛиДиЧ" шаруа қожалығы басшысының орынбасары. 2019 жылдан бастап "Аршалы ауданының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi"ММ басшысы. 2020 жылдың 01 маусымынан бастап қазiргi уақытқа дейiн Ижевск ауылдық округiнiң әкiмi. Үйленген, екi бала тәрбиелеп отыр.

Шырғанбаев Азамат Токтарханұлы
Түрген ауылдық округінің әкімі
Өмiрбаяны Шырғанбаев Азамат Тоқтарханұлы 1982 жылы 18 қаңтарда Қазақ КСРО Калинин ауданы, Алматы қаласында дүниеге келген, ұлты қазақ. Бiлiмi-жоғары. 2015 жылы и.Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттiк техникалық университетiн "Экономист — менеджер" бiлiктiлiгi бойынша, "салалар бойынша Кәсiпорындағы экономика және басқару"мамандығы бойынша бiтiрген. 2005 жылғы сәуiрден 2005 жылғы маусымға дейiн Қырғыз Республикасының "Ақ бұлақ" АҚ Токмок фабрикасының күзет бөлiмiнiң күзетшiсi болып жұмыс iстедi; 2006 жылғы қазаннан 2006 жылғы қарашаға дейiн Қырғыз Республикасының "Искра Азии" ААҚ күзет бөлiмiнiң күзетшiсi болып жұмыс iстедi; 2007 жылдың сәуiр айынан 2007 жылдың қараша айына дейiн ҚР Ақмола облысы Аршалы ауданы "Агрофирма Поиск" ЖШС механизаторы болып жұмыс iстедi; 2008 жылдың наурыз айынан 2008 жылдың желтоқсан айына дейiн ҚР Ақмола облысы Аршалы ауданы "Агрофирма Поиск" ЖШС механизаторы болып жұмыс iстедi; 2015 жылдың мамырынан 2015 жылдың шiлдесiне дейiн ҚР Ақмола облысы Аршалы ауданы "Агрофирма Поиск" ЖШС мал шаруашылығы бойынша бригадир болып жұмыс iстедi; 2015 жылдың қыркүйек айынан 2016 жылдың қазан айына дейiн ҚР Ақмола облысы Аршалы ауданы "Тургенев орта мектебi" ММ шаруашылық меңгерушiсi болып жұмыс iстедi; 2016 жылдың қазан айынан 2019 жылдың тамыз айына дейiн ҚР Ақмола облысы Аршалы ауданы "Түрген ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" ММ бас маманы болып жұмыс iстедi; 2019 жылдың тамыз айынан бастап қазiргi уақытқа дейiн ҚР Ақмола облысы Аршалы ауданы "Түрген ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" ММ әкiмi болып жұмыс iстейдi. Үйленген. 4 бала тәрбиелеп отыр.

Бижанов Дастан Саматович
Михайлов ауылдық округінің әкімі
Родился 29 апреля 1984 года в городе Каркаралинск Каркаралинского района Карагандинской области. В 2007 году окончил Карагандинский институт актуального образования «Болашак» по специальности бакалавр финансов. Трудовую деятельность начал в 2003 году рабочим по обслуживанию зданий ИП «Михальский С.И.» в г.Караганда. С 2003 года работалслесарем ТОО «Корпорация Казахмыс» Карагайлинской обогатительной фабрики Каркаралинского района, С 2007 года экономист КГКП (Районного медицинского объединения Каркаралинского района). С 2009 года работал бухгалтером отдела предпринимательства Каркаралинского района, главным специалистом отдела предпринимательстваКаркаралинского района, главным специалистом отдела организационной и кадровой работы, руководителем отдела кадровой службы, руководителем организационного отдела аппарата акима Каркаралинского района. С августа 2017 года избран акимом Михайловского сельского округа Аршалынского района Акмолинской области. С июля 2021 года вновь избран акимом Михайловского сельского округа Аршалынского района Акмолинской области. Женат, воспитывает двоих детей.

Кыдырбаева Тыныштык Узакбаевна
Елттоқ ауылдық округінің әкімі
Өмiрбаяны Қыдырбаева тыныштық Ұзақбайқызы 1984 жылы 9 қазанда Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Ақжiгiт ауылында дүниеге келген. Ұлты-Қазақ. Бiлiмi-жоғары. 2006 жылы Ақтөбе мемлекеттiк университетiн бiтiрген. Қ. Жұбанова мамандығы бойынша Филолог оқытушы. 2006-2007 ж. Ж. — Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Оңғар орта мектебi, қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнiң мұғалiмi; 2007-2008 ж. Ж. — Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Хромтау № 5 мектеп-гимназиясы, Қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнiң мұғалiмi; 2008-2009 ж. Ж. — Астана қ. № 34 мектеп, қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнiң мұғалiмi; 2009-2013 жж-Астана қаласының № 1 мектеп-лицейi, қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнiң мұғалiмi; 2013-2018 ж. Ж. — Ақмола облысы Аршалы ауданы Волгодоновка орта мектебi директорының тәрбие iсi жөнiндегi орынбасары, Қазақ тiлi мен әдебиетi мұғалiмi; 2018-2021 Ж. Ж. — Ақмола облысы Аршалы ауданы Волгодоновка орта мектебi директорының оқу-тәрбие iсi жөнiндегi орынбасары; 2021 жылғы 29 шiлдеден бастап қазiргi уақытқа дейiн Уақыты-Ақмола облысы Аршалы ауданы Волгодонов ауылдық округiнiң әкiмi. Тұрмыста. Үш бала тәрбиелеп отыр.

Мұхаметрахимов Амангелді Сайлауұлы
Сараба ауылдық округінің әкімі
Мұхаметрахимов Амангелді Сайлауұлы 1977 жылғы 25 желтоқсанда Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Мәдениет ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2007 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін тарих және география мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолы 2004 жылдан бастап: Аршалы кентінің №2 орта мектебінде тарих және дене шынықтыру пәндерінің мұғалімі болып еңбек жолын бастады. 2006 жылдан бастап: Абай атындағы Нововладимировка орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және тарих пәнінің мұғалімі. 2011 жылдан бастап: Аршалы кентінің №3 орта мектебінің директоры, сонымен қатар тарих және география пәндерінің мұғалімі. 2014 жылдан бастап: Сарыоба орта мектебінің директоры, тарих және география пәндерінің мұғалімі. 2015 жылдан бастап: Абай атындағы Нововладимировка орта мектебінің директоры, тарих және география пәндерінің мұғалімі. 2016 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін: Сарыоба ауылдық округінің әкімі.

Алексеева Валентина Валерьевна
Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі
1989 жылғы 2 қаңтарда Ақмола облысы Аршалы ауданы Донецк ауылында дүниеге келген. 2010 жылы «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті» Қаржы мамандығы бойынша бітірген.

Шедербеков Кайрат Айтмагамбетович
Константиновка ауылдық округінің әкімі
Өмiрбаяны Шедербеков Қайрат Айтмұхамбетұлы 20 сәуiрде дүниеге келген 1973 жылы Целиноград облысы, Вишневский ауданы, Константиновка ауылында дүниеге келген. Бiлiмi жоғары, 1995 жылы Ақмола ауыл шаруашылығы институтын зоотехния мамандығы бойынша бiтiрген. Еңбек жолын 1995 жылы "Константиновский"АШТ табынын өсiру бойынша зоотехник болып бастады. 1996 жылдан 2003 жылға дейiн "Константиновский"АШТ бас зоотехнигi. 2003 жылдан бастап 2010 жылға дейiн ЖШС-де түрлi лауазымдарды атқарды "Еңбек-1". 2010-2013 жылдары Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Аршалы аудандық аумақтық инспекциясының түрлi басшылық лауазымдарын атқарды. 2013-2016 жылдары Ақмола облысы "Аршалы ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi" ММ бастығы. 2016-2020 жылдары Аршалы аудандық мәслихатының хатшысы. 2020 жылғы 07 желтоқсаннан бастап Аршалы ауданы Константиновка ауылдық округiнiң әкiмi болып сайланды (2021 жылғы 18 ақпанда тағайындалды). Үйленген. Төрт бала тәрбиелеп отыр.

Тұтқабекова Ақмарал Ерікқызы
Бірсуат ауылдық округінің әкімі
1990 жылғы 17 қыркүйекте Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Байдала ауылында дүниеге келген. 2013 жылы «Қазтұтынуодағы Қарағанды университетін» «Экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандығы бойынша аяқтады.

Сулейменова Галия Тилеккалимовна
Аким Михайловского с.о.
Сулейменова Галия Тилеккалимовна 1975 жылы 23 қарашада ҚазКСР , Целиноград облысы , Вишнев ауданы , Вишневка кентінде дүниеге келген . Білімі : 1993-1995 жж - Ақмола политехникалық техникумы , " экономист - техник " мамандығы бойынша, үздік диплом ; 2002-2005 жж Алматы Экономика және статистика академиясы , " Бухгалтерлік есеп және аудит " мамандығы бойынша, үздік диплом .