Сафарбаев Асылбек Мұратбекұлы

    Бөлім басшысы

    Сафарбаев Асылбек Мұратбекұлы
    Руководитель отдела

    Сафарбаев Асылбек Мұратбекұлы

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Сафарбаев Асылбек Мұратбекұлы 1991 жылғы 7 қарашада Канимех кентінде (Өзбекстан) дүниеге келген.

    Білімі:

    2010 жыл — экономист-бухгалтерлік есеп және аудит (Басқару колледжі),

    2014 жыл — мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері ("Esil University" / Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті),

    2022 жыл — жылу энергетикалық инженерия (С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ). Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.

    Еңбек жолы:

    • 2011–2016 жж. — Еңбек жолын коммерциялық секторда бастады («Жаңа Брокер» ЖШС трейдері), кейін Степногорск қаласы әкімі аппаратының әдіскері болып жұмыс істеді.

    • 2016–2021 жж. — Жергілікті атқарушы билік құрылымдарында қызмет етті. Степногорск қаласы және Астана қаласы Байқоңыр ауданы әкімдіктері аппараттарының бас маманы болды. Степногорск қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі және басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.

    • 2021–2023 жж. — Орталық мемлекеттік орган деңгейіне ауысып, ҚР Ұлттық экономика министрлігінде (Жұмылдыру дайындығы және Өңірлерді талдау департаменттерінде) сарапшы және бас сарапшы болып жұмыс істеді.

    • 2023–2024 жж. — «Samruk-Kazyna Construction» АҚ жетекші маманы лауазымын атқарды.

    • 2024–2026 жж. — Целиноград (Ақмол ауылы) және Сандықтау (Балкашин ауылы) аудандарының ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімдерін басқарды.

    2026 жылғы 20 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін Акмола облысы Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметін атқарады.

    Функционалдық міндеттері:

    1. Белгіленген заң тәртібінде бөлім қызметкерлерін марапаттау, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза салу мәселелерін шешеді, бөлім қызметтеріне жалпы басшылық жасайды.

    2. Бөлімдегі бақылау құжаттарының, шешімдер мен өкімдердің, хаттардың, өтініштер мен шағымдардың орындалу мерзімін, даярланатын жауаптар мен ақпараттардың сапасын бақылауды жүзеге асыру.

    3. Мемлекеттік сатып алуды және мемлекеттік қызметті жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау.

    4. Аршалы ауданындағы (бұдан әрі аудандағы) тұрғын үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары туралы заңнамалар нормаларын сақтауға мемлекеттік бақылау жасауды қамтамасыз ету.

    5. Аудандағы жолаушылар көлігі тасымалы; жергілікті маңыздағы автомобиль жолдары желісін жасау және дамыту бойынша жұмыстарды үйлестіру.

    6. Ауданда бақылау жасауды жүзеге асыру: жергілікті маңызға ие жолдардың жөнделуі, қайта жасалуы, құрылысы, көпірлер және жол жүйесі, өткелдер, алаңдар, жаяу жолаушылар жолы және басқа қолдан жасалған құрылымдар; жол құрылысына тікелей қатысты қолданыстағы нысандар жағдайын, қайта бұрынғы қалпына келтіруді, орта және күрделі жөндеуден өткізуді; аудандағы тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық жағдайын.

    7. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу үшін есепте тұрған тұлғалардың тізімін жүргізу.

    8. Жергілікті маңызға ие автомобиль жолдарын дамытудың аймақтық бағдарламалары және жоспарларын әзірлеуге қатысу.

    9. Ауданды көгалдандыру және абаттандыру бойынша ағымдағы және келешектегі жоспарларды әзірлеу.

    10. Бөлімнің материалдық құндылықтарын және қаржылық мүмкіндіктерін қолдануды бақылау.

    11. ЫАЖ "Е-қызмет" жүргізуін, мұрағаттық және кадрлық іс қағаздарын жүргізуін бақылау.

    12. Тұрғын үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары сауалдары бойынша іс жүзінде көмек көрсету.

    13. Бағынысты әкімшілік мемлекеттік қызметкерлері қызметтерінің тиімділігіне бағалаулар жүргізу.

    14. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басшылықпен анықталған өзгеде өкілеттіліктерді жүзеге асыру.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері