Өмірбаян
Функционалдық міндеттері:
1. Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді.
2. Бөлімде бақылаудағы құжаттардың, шешімдер мен өкімдердің, хаттардың, өтініштер мен шағымдардың орындалу мерзімдерінің сақталуын, дайындалатын жауаптар мен ақпараттардың сапасын бақылауды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік сатып алу және Мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау.
4. Аршалы ауданында (бұдан әрі-аудан) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнама нормаларының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
5. Ауданда бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес құрылысқа бөлінген жерлердің пайдаланылуына, аудан аумағындағы ескерткіштерді қорғау мен қалпына келтіруге, Геодезиялық белгілерді қорғауға, топографиялық-геодезиялық схемаларды жинау мен сақтауға бақылауды жүзеге асыру, бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес құрылыс жобаларының іске асырылуын қадағалау, құрылыс тәртібін сақтау.
6. Аудандық жоспарлау жобасы бойынша сәулеттік жоспарлау тапсырмалары мен ұсыныстарын дайындау.
7. Жекелеген объектілер мен кешендердің жобаларын қарайды және келіседі.
8. Ауданның қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ ауданның елді мекендерінің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді және аудандық мәслихатқа бекітуге ұсынуды ұйымдастыру.
9. Әкімдіктің басқа бөлімдерімен, жобалау ұйымдарымен бірлесіп бастапқы деректерді және жобалауға арналған тапсырмаларды дайындау бойынша жұмысты ұйымдастырады.
10. Аудандағы құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдауды және оларды пайдаланушы ұйымдарға беруді ұйымдастырады.
11. Белгіленген тәртіппен Тапсырыс берушінің күрделі құрылыс, объектілерді, ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялау саласындағы функцияларын жүзеге асырады.
12. Бөлінген қаражат пен күрделі салымдар лимиттеріне сәйкес жобалау-іздестіру жұмыстарының жұмыс істеуін, объектілерді салу мен қайта жаңартуды қамтамасыз етеді.
13. Аудан құрылысы саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды жүзеге асырады.
14. Құрылыс, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау, аудандық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау.
15. Тұрғын үй, әлеуметтік мәдени-тұрмыстық объектілерді салуға, қайта жаңартуға және күрделі жөндеуге материалдар дайындау және тендерлер өткізу, объектілерді пайдалануға беру жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмысына қатысады.
16. Мемлекеттік сатып алу және Мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру, бюджет қаражатының тиімді орындалуын бақылау және жұмысты ұйымдастыру.
17. Салынып жатқан объектілер мен кешендерге мониторинг жүргізу.
18. Авторлық қадағалаудың жүзеге асырылуын бақылау.
19. Ауданда объектілерді салуға және реконструкциялауға арналған жобаларды келісу.
20. Ауданның жер комиссиясының жұмысына, мемлекеттік қабылдау комиссиясына қатысу.
21. Ғимараттарға, құрылыстарға реттік нөмірлер беру, атауы жоқ көшелер тізбесін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізу.
22. Жарнама қалқандарының, билбордтардың эскиздерін бекіту, ағымдағы құрылысты реттеу.
23. Жеке құрылыстың эскиздік және жұмыс жобаларын келісу, сондай-ақ олардың құрылыс салу жобаларын және учаскелерді абаттандыруды сақтауын бақылауды жүзеге асыру.
24. Мемлекеттік кадастрды жүргізу, әзірлеу және өзге де құжаттама мәселелері бойынша бақылау.
25. Бөлімде бақылаудағы құжаттардың, шешімдер мен өкімдердің, хаттардың, өтініштер мен шағымдардың орындалу мерзімдерінің сақталуын, дайындалатын жауаптар мен ақпараттардың сапасын бақылауды жүзеге асырады.
26. Бөлімнің материалдық құндылықтары мен қаржы құралдарының пайдаланылуына бақылау жасау.
27. «Е-қызмет» ИАЖ, мұрағаттық және кадрлық іс жүргізуді бақылау.
28. Сәулет және қала құрылысы мәселелері бойынша практикалық көмек көрсету.
29. Қарамағындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу.
30. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басшылық анықтайтын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.




