
Өмірбаян
Вальчук Юлия Юрьевна 1995 жылы 27 сәуірде Ақмола облысы Жақсы ауданы Киров ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2017 жылы "Тұран-Астана" университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару"мамандығы бойынша бітірген.
Функционалдық міндеттері: Бөлімнің қызметіне басшылық жасау. Кадрларды іріктеу мен орналастыруға байланысты жұмыстарды, мемлекеттік қызметті өткеру, кадр резервін тиімді толтыру мәселелерін ұйымдастыру және бақылау, конкурстарды, мемлекеттік қызметшілерді аттестаттауды, кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру, ауданның мемлекеттік қызметшілерінің қызметіне тоқсан сайын бағалау жүргізу, тағылымдамадан өту, тәртіптік жаза қолдану. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік қызметшілердің деректер банкін талдау және қалыптастыру. Мемлекеттік қызметшілерді оқыту, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын бақылау. Кадр мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын; мемлекеттік наградалармен наградтауға, мемлекеттік наградаларды сақтауға және тапсыруға, "ИНТЕГРО" АТЖ және "Е-қызмет"ИАЖ жүргізуге ұсынылатын адамдарға арналған материалдардың дайындалуын бақылау. Ауданның жергілікті атқарушы органдары қызметкерлерінің әскери есебін және броньдауын жүргізу



