
Өмірбаян
1976 жылы 24 қарашада Целиноград облысы, Вишнев ауданы, Вишнев кентiнде дүниеге келген.
1999 жылы «Ауыл шаруашылығы дақылдарын селекциялау» мамандығы бойынша С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетiн бiтiрген. Агроном-селекционер ғалым бiлiктiлiгi берiлдi.
2004 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетiн «Бухгалтерлiк есеп және аудит» мамандығы бойынша сырттай аяқтады. Экономист бiлiктiлiгi берiлдi.
Функционалдық міндеттері: Бөлімнің қызметіне басшылық жасау. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу. Экономикалық саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік жоспарлау, аудандық бюджеттің атқарылуы, ауданның коммуналдық меншігін басқару, ауданның даму бағдарламалары мен ағымдағы жоспарларының мониторингі, бюджет қаражатын игеру, мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік сатып алуды, Қаржы-шаруашылық сатып алуды мүліктік жалдауға (жалға алуға) және сенімгерлік басқаруға беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүргізу ауданның коммуналдық меншігіне жататын кәсіпорындардың қызметі, бөлімнің жұмысын жоспарлау және реттеу. Мемлекеттік қызметтер көрсетуді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды, "Е-қызмет" ИАЖ, мұрағаттық және кадрлық іс қағаздарын жүргізуді бақылау.



